Ілмекпен тоқу өнері


Slide 1

Ілмекпен тоқу өнері

Орындаған:Амренова М. А

Тобы:БЛ-409

Тексерген: Есенбекова З. Ж

Slide 2

Мазмұны

Тоқу өнері

Қолдан тоқылған бұйым

Қолданбалы қолөнер

Технология

Тоқуға арналған құралдар

Шикізатты өңдеу

Тоқыма әліппесі

Шұлық тоқу технологиясы

Ілмек бізбен тоқу технологиясы

Өрнектер түрлері

Болжамды есептеулер

Букле өрнегін тоқу

Шахмат өрнегін тоқу

Назарларыңызға рахмет!

Slide 3

Тоқу өнері - Қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып тұрмыспен бірге ұласа дамып келеді. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, өзінің талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бір түрі - тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі фасондар, түрлі тоқу әдістері, оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді талап етеді.

Slide 4

Қолдан бұйымдар тоқу бизнесімен айналысу ләззат сыйлаумен қатар, аздап пайда да әкеледі. Ал онымен үйде отырып айлалысу өндіріс шығыстарын біршама қысқартып, көбірек ақша табуға мүмкіндік береді.

Slide 5

Қолданбалы қолөнер

кілем

алаша

жаға, жең

Тоқылатын

бұйымдар

тұтқыш

кеудеше

шұлық, қолғап

Slide 6

Технология

Нарыққа шығу үшін өзіңіздің эксклюзивті модельдеріңіз болуы тиіс. Тауарыңызға деген сұраныс тігістің сапасына, декоративті қосымша заттар мен аксессуарлардың қаншалықты дәрежеде қолданылуына байланысты. Мәселен, екі бірдей модельдің ортасында теріден жасалған элементі бары тезірек сатылып кетуі мүмкін, себебі бұл екіншісіне қарағанда әсерлі көрінеді. Сондықтан да бұл бизнесте затты ерекшелеу өте маңызды.

Slide 7

Тоқуға арналған құралдар

Тоқу жіптері

Жүн

Мақта

Вискоза

синтетика

Тоқитын заттар

№1-10 дейінгі сымдар

Ілмек

Slide 8

Қолмен тоқыма бұйымдарын жасайтын фирмалар үшін ғимарат кішігірім болса да болады. Мәселен, 10 м² алаңды жалға алу жеткілікті. Кеңістікті жалға алмаса да болады, бірақ клиенттермен қалай және қай жерде кездесуді, модельдердің қай жерде көрсетілетіндігін алдын ала шешіп алу керек. Ескеретін жайт, кішігірім әдемі безендірілген ателье бизнеске деген қызығушылықты жоғарылатып қана қоймай, алдын ала тапсырыссыз заттарды сатуға да мүмкіндік береді.

Slide 9

Шикізатты өңдеу

жүн

Жабағы

Жазғытұры

қырқылады

Күзем

Күзде

қырқылады

Түбіт

Ешкі

Жүнінен

алынады

Сұрыптайды

Тазартып

жуады

Өңдейді

Түтеді

тарайды

Шүйкелейді

Ұршықпен иіреді

ширатады

Slide 10

Тоқыма әліппесі

Жіпті шумақтап сол

алақанға аласыз

Жіпті бас бармақтан

сағат тіліне қарсы

айналдырып шығасыз

Сосын бүгілген сұқ

саусаққа орай алып, оны

сол алақаныңызға жіптің

ұшымен қосып қысыңыз

Енді екі сымды біріктіріп,

басбармақтың ішкі

жағындағы жіпке кіргізіңіз

Сымдарды оңға бұрып,

саусақтағы жіпті іліп

алыңыз

Оны үлкен саусақтағы

шалудан өткізіңіз

Slide 11

Шұлық тоқу технологиясы

Тоқу технологиясы

негізгі шалу

Оңға шалу

Теріс шалу

Қосымша шалу

Сымға 40 шалу алынып

5см орамалша әдісімен

тоқылады

80-100 грамм жіп, №4 сым

қажет. Бұйымға теріс жағынан

белгі салынады

1оң шалу, 1 теріс шалу

қайталана береді

2 оң шалу, 2 теріс шалу

қайталана береді

Орамалша тоқу

Резина өрнегі

Өкше шығаруға 3-4 сымдар қатысады,

шалуды тең үшке бөліп, ортаңғы бөліктегі

шалуды тоқу екі шетіндегіні қысқарту

Шұлықтың басын қысқарту.

Екі жағынан бір-бірден қысқартып,

соңында екі шалуды ішіне түй

Шұлық аяқ киімі

Slide 12

Ілмек бізбен тоқу технологиясы

Негізгі шалу: тізбек бірнеше үлпілдек шалудан

жасалған тізбектер алғашқы немесе тоқылуға

тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып

табылады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады, осылайша қайталана береді.

Қысқа шалу. Ілмекті тізбектегі 3 шалудың

алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң

ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан

өткізіп алады

Жай шалу. Ілмекті тізбектегі 3 шалудың

алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті

орап, шалып алады да, сонан соң жіпті тағы

орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Slide 13

Өрнектер түрлері

Ағылшын резинасы

“Тор көз” өрнегі

“Шахмат” өрнегі

“Букле” өрнегі

Ілмек арқылы тоқылатын өрнектер

Slide 14

Болжамды есептеулер.

Бір бұйымға кететін шығыстар.

Бір өнімге жұмсалатын жүн (500-600 г. ) - 2 500-3 000 теңге;

Бір өнімді жасау құны - 1 500-3 500 теңге;

Бір өнімнің сатылатын бағасы - 6 000-8 500 теңге.

Жалпы: 15 000-25 000теңге.

Көмекшіме төленетін еңбек ақы-1000 теңге

Табыс. Бір бұйымның өзінен кем дегенде 5000 теңге

табыс табуға болады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма өнері
Анықтамасын жазыңдар
Кілем тоқу өнері
Қолданбалы өнер
Сумоншақпен кестелеу
Су моншақпен жұмыс Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде көркемдік қолөнерінің эстетикалық тәрбиелік мәні
Аристотельдің өнер философиясы
Қазақтың тарихи жазба мұралары
Халық дәстүрі асыл қазынам
Абылдың күйі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz