Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Орындаған: Құрманов М. Т.

Тексерген: Нуралина Қ. Т.

Семей -2015

Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

Slide 2

Жоспары:

1. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.

2. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу

3. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Slide 3

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк -экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:

1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк -демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;

2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк -жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;

3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және "революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму "нәтижесi” болып табылады.

Slide 4

Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Slide 5

Әлеуметтiк - экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн үйренуден шығатын қорытынды - көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз “күннен - күнге өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32, 153 - б. ] . Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, “әлсiз экономикалық жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға “эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз ғылыми - техникалық процесс салдарынан туындайды.

Slide 6

“Ұлы дағдарыс” жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда уақытында шешу тек әлеуметтiк - экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы “жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға” сәйкес (1946ж. ) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.

Slide 7

Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т. б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 -ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.

Slide 8

Францияда, Жапонияда, Түркияда және т. б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т. б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады [13, 143-б. ] .

Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 - 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж. ) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.

Slide 9

Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын бөледi. Соның iшiнде, жоспарлау:

1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;

2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;

3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;

4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;

5) шұғыл өзгерiстерге дайынықты күшейтедi;

6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-қатынаста екенiн көрсетедi.

Slide 10

Көптеген Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып (қаңтар 1949 ж. ), қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу.

Slide 11

Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:

- меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;

- мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi және монополияға қарсы күрестiң қызметiн күшейту;

- нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;

- қаржы -банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;

- елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;

- шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;

- ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

Slide 12

Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ.

Slide 13

Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

- шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді - эволюциялық па, революциялық па?

- нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық - құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?

- жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?

- экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?

- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?


Ұқсас жұмыстар
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫН РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ
Экономикалық тиімді мемлекет
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі
Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды реттеудің заңдылықтары мен тенденциялары
ЭМР құралдары
Салық және салық салу
Мемлекеттік реттеу нысандары
Валюта нарығындағы және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық операцияларды қаржылық қадағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz