Қарым – қатынас адамдар арасында түсіністікке жетудің құралы ретінде



Орындаған : Шаймерден Б. А.
Т - 413 топ
Тексерген : Көшкімбаева Р. Х.
Қарым - қатынас адамдар арасындағы
өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.
СӨЖ № 2

Тақырып бойынша анықтамалар :
Қарым-қатынас - субъектінің біріккен іс-әрекет қажеттілігінен туындайын, өзараәрекеттерінің және өзараәсеретуінің арнайы формасы
Қарым-қатынас мәдениеті - қоршаған орта адамдарымен түрлі жағдайларда дұрыс қатынас жасай алу, адамгершілікке тән ережелер мен нормаларды сақтау.
Қарым-қатынас құралы - бұл қарым-қатынас әрекеті жүзеге асатын операциялар.
Қарым-қатынас өнімі - қарым-қатынас негізінде пайда болған материалды және рухани сипаттағы түсініктер.
Қатынас - болмыстың және танымның нақты тәсілін белгілеу үшін Аристотель енгізген термин.

«. . . Қарым-қатынас акті - бір адам басқа адаммен байланысқа түскенде, ол басқаны өзіне ұқсатады және теңейді, активті кері байланысты күтеді, яғни сол кезде орынды. »
М. С. Каган
Қарым-қатынас - адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Г. М. Андреева
«Қарым-қатынасты интериндивидуалды емес, әлеуметтік феномен деп түсіну керек; оның субьектісі ретінде индивидті емес, әлеуметтік топ немесе тұтас қоғамды алу керек. »
А. А. Леонтьев
Қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі.
Б. Ф. Ломов
Даналар сөзі

Күнделікте өмірде сан түрлі саладағы адамдармен қарым-қатынасқа түсеміз. Қарым - қатынас отбасы мүшелері, достар, іскерлік орта арасында орнауы мүмкін. Қарым - қатынастың біздің өмірімізде алар орны ерекше. Ендеше, бүгін біз осы тақырыпты жан - жақты зерттеп, қарастыратын боламыз.

Қарым-қатынас - қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Барлық кездесетін қарым - қатынастарды
үш түрге бөлеміз:
Қажетті қарым - қатынастар
Міндетті қарым - қатынастар
Ынтымақты қарым - қатынастар
Туған - туысқан арасындағы қарым -қатынас
Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат
Жақсы достар арасындағы қарым - қатынастар

Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым - қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси, т. б. факторлардың күшті ықпалында болды.

Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас
Жанама қарым-қатынас
Тұлғааралық қарым-қатынас
табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т. с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.
екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.


Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы : жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.

Адамдар арасындағы қарым− қатынас түрін үстелде отыру әдебінен де аңғаруға болады екен
Бәсекелестік- субординация.
Іскерлік- өзара әрекеттестік, ортақ шешімдерді өңдеу.
Бұрыштап- достық, еш қажеттіліксіз әңгімелесу.

Отбасы арасындағы қарым қатынас көріністері:

Достық қарым ─ қатынас көріністері

Іскерлік қарым - қатынас көріністері.

Тақырып бойынша тренинг жаттығулары

«Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.
Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.
Нұсқаулық:берілген тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.
1. достарың көп пе?
А. иә В. жоқ
2. достарыңның ортасында әңгімені ылғи қолдап отырасыз ба?
А. иә В. жоқ
3. адамдармен қарым қатынас кезінде тұйықтық пен қысылуды жеңе аласыз ба?
А. иә В. жоқ
4. өзің жалғыз қалған кезде саған көңілсіз бола ма?
А. иә В. жоқ
5. Танысыңды кездестіргенде белгілі бір тақырыпқа сөз қозғай аласың ба?
А. иә В. жоқ
6 өзіңе жағымсыз адаммен кездескен кезде өзіңнің тітіргеніңді жасыра аласың ба?
А. иә В. жоқ
7. Нашар көңіл күйіңді жақындарыңа сездірмей үнемі жасыра аласың ба?
А. иә В. жоқ
8. Досыңмен ренжіскеннен кейін ең бірінші болып достасуға қадам жасай аласың ба?
А. иә В. жоқ
9. Жақындарыңмен қарым қатынаста шұғыл ескертулер жасаудан бастарта аласың ба?
А. иә В. жоқ
10. Қарым қатынаста мәмілеге келе аласың ба?
А. иә В. жоқ
11. Қарым қатынас кезінде өз көзқарасыңды білдіре аласың ба?
А. иә В. жоқ
12. Таныстарыңның сыртынан әңгіме қылған кезде өзіңді ұстай аласың ба?
А. иә В. жоқ
13. Егер қызықты бір нәрсе естісең оны достарыңа айтуға тырысасың ба?
А. иә В. жоқ

Нәтижелерді өңдеу: «Ия»- 3ұпай, “жоқ»-1ұпай.
30-39ұпай: Жақындарымен, таныстарымен және бейтаныс адамдармен қарым -қатынас кезінде өте үлкен ляззат алатын, араласуға дайын адам. Қарым -қатынаста өте қызықты, бәрінен бұрын (қоғам жаны), достары мен таныстарын тындап, түсініп, кеңес бере алатыны үшін бағалайды. Өз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Серіктесіне зейінді, өз іс әрекетін бақылап отырады.
20-29ұпай:өз шамасына қарай араласатын адам біра қарым қатынаста кейбір қиыншылықтарды бастан кешіреді. Достары аз, таныстарымен үнемі ортақ тіл табыса бермейді. кейде әңгіме барасында өзін өзі ұстай алмай қызбаланып кетеді. Өз серіктестеріне шынайы, ілтипатты, қайырымды болған жөн. Сонымен қатар, өзінің кейбір сенімсіздіктерін жоюға тырысқан жөн.
20-дан аз ұпай:Ұялшақ, тұйық адам таныстарының ортасында үндемей отырып, адамдармен қарым қатынаста жалғыз болғанды қалайды. Бірақ ол оның достары мен таныстары мүлде жоқ деген сөз емес. Олар сені тыңдағаны, түсінгені және кешіргені үшін бағалайды. Ал егер, өзінің көзқарасын еркін айтқысы келсе, бәрімен бірдей сөз таластырғысы келсе, қызықты серіктес болғысы келсе, онда өз ұялшақтығын жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгімені белсенді түрде қолдап отырған дұрыс.

Мақсаты: толерантты өзара әрекеттестік арқылы қарым-қатынаста біліктілікті қалыптастыруға үйрену.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz