М. Әуезов - қазақ драматургиясының негізін қалаушы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттікуниверситеті
Филология факультеті

М. Әуезов - қазақ драматургиясының негізін қалаушы.
Мұхтар Әуезов –дүние жүзі әдебиетінің үздік үлгілерін қазақ тіліне
тәржімалап, ұлттық әдебиет пен өнерді әлемдік әдеби процесcпен
байланыстырған, қазақ әдебиетінде көркем аударма ісіні ң
қалыптасуына үлкен үлес қосқан қаламгер.
М.Әуезовтің алғашқы драматургиялық шығармаларының
бірі «Ел ағасы» пьесасын сахнаға «Ес аймақтың» жетекшісі
Сейіт Тоқымбаев қойды. Шығарманы сахнаға дайындау
кезінде автордың өзі де араласқаны ақиқат. Ол кезде пьесаның
көркемдік мән-мағынасын,режиссерлік жұмысын автордың өзі
атқарып, сахналаушыларға оқып беру үстінде ұғындырып
отырған. Шығарманың идеясы мен тақырыбын, жеке
кейіпкерлерінің ерекшеліктерін түсіндіру режиссерлік
жұмыстың негізі болып саналған.
«Ел ағасы» сахнаға 1921 жылы ақпан айында қойылып, ал ғаш қы
спектакль Затон жұмысшыларының «Сибирьский бурлақ» клубында
көрсетіледі. Пьесаның қысқаша мазмұнына қарап, оны ң көтерген
тақырыбы Қазан төңкерісінің қазақ әйелдеріне әперген бостандығы мен
теңдігі екенін көреміз. Автордың сол кездегі ағартушылы қ ба ғытынан
сипат беретін оқыған азаматтар бейнесі қазақ драматургиясында
мұғалімдер бейнесін жасаудағы тұңғыш тәжірбие еді. Кезінде бұл
шығарма баспа көрмей қолжазба күйінде тарағандықтан жоғалып кеткен.
Қазақ драматургиясы мен театрында М.Әуезовтің шығармашылық қызметі
еш уақытта ұлттық шеңбермен шектелген емес. Ол қаза қ сахна
қайраткерлерін орыс театрымен драматургиясының озық үлгілерінен үйренуге,
Станиславский «жүйесін» меңгеруге шақырумен бірге, басы өзі болып игі істі
қызу қолға алады. Қазақ сахнасында аударма пьесаларды қоюды репертуар
қорын молайтудың, актерлердің шеберлігі мен білімін, ұжымны ң к өркемдік
деңгейін әлемдік өнер биігіне көтерілудің сара жолы деп т үсінген. Орыс
драматургиясының сол кездегі үздік шығармаларын және әлемдік
классикалық
пьесаларды аударып, сахнаға қою арқылы М. Әуезов қазақ театрыны ң ілгері
кеткен елдердің өнерімен терезесі теңелуін көздеген еді
Ұлы жазушы бұл асыл ой-арманына Погодиннің, Треневті ң, Киршонны ң,
Пруттың пьесаларын қазақшаға аударып, сахнаға қойғызу арқылы жетті. Б ұл
бастаманың аса сәтті болып, қазақ театрының көрнекті табысына айналуы
М.Әуезовті мұнан да жоғары шығармашылық биіктерге жетеледі.Оны ң
Шекспирдің «Отелло», «Асауға-асау», Гогольдің «Ревизор» пьесаларын
аударып, сахнаға шығаруы қазақ театрын тағы бір белеске к өтеріп тастады.
М.Әуезовтің 1937 жылы жарияланған «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар»
атты жұмысы күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Қаза қ театры жа ңадан
ұйымдасқан кезде оның бағыт-бағдарын үйренер, үлгі алар, әсер жолын орыс
театрының тәжірбиесінен көрген автор, бұл мақаласында сахналы қ өнерімізді
дамытудағы аударма пьесаларды қою жайын кең түрде әңгіме етеді.
«Еңлік-Кебек» - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия
жанрында жазған шығармасы. Шығарма 1922 жылы жазылды және
1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді. Еңлік Кебек пьесасын
жазған кезде М.Әуезов 21 жаста болатын.
"Еңлік - Кебек" трагедиясы автордың "өткен өмірді аңсауынан"
туған жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша
аңыз драмалық шығармаға жақсы материал болды. Жас
Мұхтардың ең жақсы білетіні өзі өскен орта, төңкеріс алдындағы
қазақ аулының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар психологиясы
болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді.
"Енлік - Кебектің" 1917 жылы, мамыр айында қан жайлауда
қойылған тұңғыш қойылымына жиылған көрермен саны жүзден
асыпты. Бір қызық деталь - ойынға елу тиыннан билет сатыльш,
барлығы 54 сом 50 тиын жиылыпты.
Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тарихында да
айрықша орын алған "Еңлік - Кебек" пьесасының тақырыбы,
образдары, идеясы аса қызықты мәселе.
Мұхтар "Еңлік - Кебегінің" сюжеті негізінен халық аңызының
бұрынғы әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен
тарайды. Екі ел арасында нақты болған оқиғаның драма материалы
екенін үғыну - жас қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады.
Бұл ретте Әуезов Шекспирді еске түсіреді.
М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасы
таусылмайтын, сарқылмайтын кәусар бұлақ десек,
ол бұлақ бастауын ұлыАбай дуниеге келген қасиетті
топырақтан алғаны кумәнсіз. Шежіреге толы
Шыңғыстау жерінің құлақ құрышын қандырар
әсем әні мен тәтті күйіне, ертегісі мен аңызына
қанық боп өскен Мұхтардың Абай өлеңдерінің
мәні мен маңызына ерте елігуі оны үлкен
шығармашылық сапарға жетеледі.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясының зерттелу жолдары
Қазақ драматургиясы туралы
Қазақстан республикасының халық жазушысы
Айманов аса дарынды ойшыл режиссер суреткер актер
Қайым және Шәкәрім
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
ДРАМАТУРГИЯ ЖАНРЫ, ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
М.Әуезов қазақ театрының негізін қалаушы
КӨКШЕТАУ СӘКЕН
Қазақстанда ғылымның қандай салалары дамығын
Пәндер