Тұқым қуалаушылықтың Хромосомалық теориясы жайында




Презентация қосу
Тақырыбы:
Текст
ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ
ХРОМОСОМАЛЫҚ
ТЕОРИЯСЫ
Орындаған: Қасен Жанерке
Асылханова Аяулым
ХІХ ғасырдың аяғында, клетка құрылысының зерттелуіне байланысты
ядро мен оның құрамында болатын хромосомалардың тұқым
қуалаушылыққа қатысы бар екендігі анықталды. 1883 жылы. Э.Бенеден
мейоз процесінде редукциялық бөліну аталық және аналық
хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдары қайта ашылғаннан кейін, 1902-1903 жылдары У.Сэттон
редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі
мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында
байланыс бар екендігін анықтады. Озінің “хромосомалар мен тұқым
қуалаушылық” денег еңбегінде ол хромосомаларды цитологиялық
тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының
таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты
анықтаудың хромосомдық негізін сипаттады.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін Т.Морган
қалады. Ол 1905-1915 жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жүргізген
эксперименттерінің нәтижесінде гендердің хромосомаларда
шоғырланатынын дәлелдеді. Бұл генетика ғылымында ашылған аса
көрнекті жаңалықтардың бірі болды.
Морган өз зерттеулерін жеміс шыбыны дрозофиламен жүргізді.
Оның көлемі шағын , лаборотория жағдайында пробиркада өсіруге
болады. Бұл шыбынның тіршілік циклы да өте қысқа,
ұрықтанғаннан кейін екі аптаның ішінде жұмыртқадан алдымен
личинка, одан қуыршақ, ең соңында ұрпақ беруге қабілетті
шыбындар шығады. Олардың бір жұбы шамамен 100-ден аса ұрпақ
береді. Дрозофиланың дене клеткасында бар болғаны төрт жұп
хромосома болады.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясы жынысты
анықтаудың генетикалық механизмін шешуге мүмкіндік туғызды.
Ғасырлар бойы адам баласында ұл не қыз баланың тууы немесе
жануарларда еркек және ұрғашы жыныстардың болуы неге
байланысты деген сұрақтың жауабы белгісіз болып келді. Оны
түсіндіру үшін әртүрлі болжамдар жасалды. Бірақ ғылыми
дәлелденген, бірден-бір дұрыс жауап тұқым қуалаушылықтың
хромосомдық теориясы негізінде берілді. Бұл теория бойынша
организмнің жынысын хромосомалар нықтайды. Оларды жыныстық
хромосомалар деп атайды.
Жынысты анықтаудың сипаттамасы
Жыныс- Организ Соматикалық Гаметалар Гетеро
ты м клеткалар га-
анықтау- түрлері металы
Сперма- Жұм.кл
дың жыныс
тозоид ет-касы
типтері

ХУ Адам,сүт
қореткі
жануар.
дрозофи
-ла және
т.б. ХХ ХУ Х/У Х/Х Аталық
ХУ Құстар,
Көбелек ХУ ХХ Х/Х Х/У Аналық

ХО Шегіртке
Қандала ХХ ХО Х/О Х/Х Аталық

ХО Күйе(мо ХО ХХ Х/Х Х/О Аналық
ль)
Жыныспен тіркескен тұқым қуалау
Гендері жыныстық хромосомаларда болатын белгілердің тұқым
қуалауын жыныспен тіркескен тұқым қуалау деп атайды. Оны ең
алғаш зерттеп, ашқан Т.Морган.Морганның лабораториясында
дрозофила көзі түсінің тұқым қуалауын зерттеуге арналған
тәжірибелер жасалды. Бір тәжірибеде қызыл көзді аналықты ақ
көзді аталықпен ал екіншісінде ақ көзді аналықты қызыл көзді
аталықпен будандастырды.
Дрозофила көзінің қызыл түсі (W+) ақ түсіне (w) қарағанда
доминантты болып келді. Қызыл көзді аналықты ақ көзді
аталықпен будандастырғанда бірінші буданда (Ғ1) алынатын
ұрпақтың барлығы да қызыл көзді болып шығады. Ғ1 – дегі
дарақтарды өзара будандастырғанда екінші буданда алынатын
ұрпақтың ішіндегі барлық аналықтар қызыл көзді болады.
Ақ көзді аналықтарды қызыл көзді аталықтармен
будандастырғанда бірінші буданның өзінде-ақ алынған ұрпақтың
аналықтары қызыл көзді, ал аталықтары ақ көзді болған, яғни
қыздарының көзі әкесіне, ал ұлдарының көзі шешесіне тартқан.
Мұны крис – корсс жолымен тұқым қуалау дейді.
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық
теориясы
Жұп хромосомалар айқасып,
нәтижесінде Х тәрізді фигуралар
(пішіндер) – хиазмалар пайда
болады.1991 жылы Морган ашқан
бұл құбылысты хромосомалардың
айқасуы немесе кроссинговер деп
атады.
Дрозофиладағы кроссинговер
сызбанұсқасы
Дигибридті будандастыру
1-есеп: Қара көзділік гені доминантты,
көк көзділік гені рецессивті. Әкесі де
шешесі де гетерозиготалы қаракөз
жұбайлардан көк көз баланың дүниеге
келуі мүмкін бе?
Жауабы:
Р♂Аа х Р♀ Аа
Қара көз Қара көз
Г: А а А а

F1 : АА Аа аА аа
Гомо гетеро гетеро Рецессивті
Қара көз Қара көз Қара көз Көк көз
2-есеп: Мылқаулықтың тұқым қуалайтың бір
формасын анықтайтын ген дұрыс есту геніне
қарағанда рецессивті. Ата-аналарының екеуі де
сау отбасында мылқау бала дүниеге келген.Осы
аталған отбасы мүшелерінің генотиптерін
анықтаңдар.
Суретке қарап сопақша формалы
асқабақтың генотипін белгілеңдер.
А суретте екі гүл де гетерозиготалы ,ал Б суретте 1
ғана гүл гетерозиготалы.Осы гүлдердің шағылысу сызба
нұсқасын сызып, бірінші ұрпақтың генотипі мен
фенотипін анықта.
Тауықтың жапырақ тәрізді айдары раушан
тәрізді айдарға қарағанда рецессивті.Қауырсынды
аяқтар (F) қауырсынсыз (f ) аяққа қарағанда
доминантты.Жапырақ тәрізді айдарлы (r)
қауырсынсыз аяқты (f) тауықты раушан тәрізді (R)
айдарлы ,қауырсынды аяқты (F) қоразбен
шағылыстырса, қандай ұрпақ алынады?
Мына мысықтардың ата-енесінің генотипін анықта.

Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы туралы
Хромосоманың жіктелуі. Адам хромосомасының картасы. Хромосомалардың морфологиясы және көлемі
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы (толықтырылған)
Тіркесіп тұқым қуалау және кроссинговер. 2. Генетикалық карталар. 3. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. 
Жыныс генетикасы
ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ АУРУЛАР
Хромосомалар, түрлері, жіктелуі. Адамның кариотипі. Идиограмманы зерттеудің маңызы
Генетикадағы зерттеу нысаналары. Дрозофила шыбыны және т. б
Мутациялар және мутагенез
Генетикалық антидарвинизм
Пәндер