Айқышгүлді егістік, жемдік, көкөніс дақылдарының зиянкестері


Slide 1

Айқышгүлді егістік, жемдік,

көкөніс дақылдарының зиянкестері

Орындаған: Болатова Г. М

Тобы: АГ-413

Slide 2

Жоспар:

Айқышгүлді дақылдар зиянкестері

Түрлері және күресу шаралары

Пайдаланатын әдебиеттер

Slide 3

Айқышгүлді дақылдарда - рапста, қышада, қырыққабат түрлерінде, мал азықтық шалқанда, шомырда, шалғамда фитофагтардың көптеген түрлері байқалады. Бұл дақылдар зақымдануға осалдау болады. Фитофагтардың келтіретін шығындарынан қорғамаса, белсенді шаралар қолданбаса, олардан түсім алу мүмкін емес.

Slide 4

Капустаның ақ көбелегі

Шомырдың

ақ көбелегі

Айқышгүлді

егістік, жемдік, көкөніс

дақылдарының

зиянкестері

Капустаның қоңыр көбелегі

Капуста

күйесі

Көктемгі

капуста

шыбыны

Жазғы капуста шыбыны

Капуста

бітесі

Рапс егеуіші

Айқышгүлді қандалалар

Рапс қандаласы

Айқышгүлді

бүргелер

Рапс гүлжемірі

Қара бүрге

Slide 5

Капустаның ақ көбелегі-Pieris brassicae L. Капустаны, шомырды, тарнаны, рапс пен басқа крестгүлді дақылдарды зақымдайды.

Көбелегі қанатын жайғанда 50-60 мм дейін жетеді, қанаттары ақ, алдыңғы қанаттарында жоғары бұрыштары қара, артқы қанаттарында- ішкі жақтарын бойлай қара жұғындылар бар. Аталықтарға қарағанда аналықтарында алдыңғы қанаттарының үстіңгі бетінде екі дөңгелек дақтар болады. Жоғары жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы40-45 мм жетеді, құрттың үсті сұрғылт-жасыл, асты сары, қылшықтармен, түкпен қапталған; денесінің үстінде көлденең қатарларға топтасқан қара дақтар мен нүктелерден тұратын сурет бар; екі жағы мен артында үш көлденең сары жолақтар өтеді.

Slide 6

Арамшөптермен күрес жүргізу керек, кішігірім учаскілерінде жұлдықұрттарды қолмен жинау керек. Жұмыртқа салу кезінде үш рет трихограммалар жібереді. Жапырақ дегелек кезеңінде әр қайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі. 5% астам өсімдіктерде жұмыртқа табылған жағдайда немесе қауданның түйнектелуі кезеңінде кем дегенде 5-10% егіс танабында 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұлдықұрттан келсе, не болмаса жапырақ үсті 25% зақымданғанда инсектицидтерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қырыққабат ақ көбелегінің әрбір ұрпағының кіші жастағы жұлдызқұрттарына қарсы инсектицидтермен өңдеуді ЭЗШ саны асқанда «Тізім . . . » регламенті бойынша жүргізеді.

Күресу шаралары

Slide 7

Шомырдың ақ көбелегі- Pieris rapae L. Крестгүлді дақылдарды, әсіресе қырыққабатты қатты зақымдайды. Көбелегі капустаның көбелегіне ұқсас, бірақ одан кішірек қанатын жайғанда 40-50 мм жетеді. Көбелектің қанаттары дақ бар, ал аталық көбелекте-бір ғана дақ болады. Артқы қанаттарының алдыңғы жағында қара дақ орын алған. Шомырдың ақ көбелегінің ересек жұлдызқұрттың ұзындығы 20-28 мм. Ол барқыт-жасыл арқасын бойлай сары жолағы бар, денесін қалың қысқа түк басқан.

Slide 8

Шомырдың ақ көбелегі қуыршақ кезінде өсімдік қалдықтарында, арамшөптерде, ағаш діңгектерінде, шарбақтарда, үй қабырғаларында қыстайды. Көбелектер қырыққабат ақ көбелегіне қарағанда ертерек пайда болады. Аналықтары ақшыл-сары бөтелке тәрізді жұмыртқаларын крестгүлді өсімдіктердің жапырақтарына бір-бірден салады. Бірінші ұрпақ арамшөптерде дамиды, ал зиянкестің кейінгі ұрпағы-крестгүлділер дақылдарында дамиды. Ұрықтық даму 7-11 күнге созылады. Жұлдызқұрттар жапырақтарды жеп, қырыққабат қауданының ішіне кішігірім текшелер жасап, оларды шірітіп жібереді. Жұлдызқұрттар үш апта шамасында дамиды, одан кейін қуыршақтанады. 8-15 күннен кейін жаңа ұрпақ көбелектері пайда болады. Бір жыл ішінде 3-4 ұрпаққа дейін дамиды.

Slide 9

Күресу шаралары.

ЭЗШ саны 3-5 жұлдызқұрт өсімдік немесе жапырақтарының зақымдану дәрежесі 25% құрайды. Капуста ақ қөбелегіне қарсы қолданылатын шаралар ұсынылады.

Slide 10

Капуста күйесі -Plutella maculipennis Curt. Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді капустаны, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.

Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы9-12 мм, олардың аяқ жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар басқан.

Slide 11

Күресу шаралары.

Қыстау сатысын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін өсімдіктермен көкөніс дақылдарын жақын отырғызу. Жапырақ дегелек немесе қауданның түйінделуі кезінде әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі және кем дегенде 10% егіс танабында әр өсімдікке 2-5 жұлдызқұрт табылса «Тізімге . . . » сәйкес инсектицидтермен бүрку жүргізіледі.

Slide 12

Капуста бітесі-Brevicoryne brassicae L. Капуста бітесі капустаны, тарыны, рапс пен басқа да айқышгүлді өсімдікті зақымдайды.

Сұрғылт-ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктің ұзындығы 1, 5-2 мм құрайды. Бітелер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында немесе айқышгүлді арамшөптерде қыстайды. Көктемде, 10-12 градус температурада, жұмыртқалалдан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай-ақ 40 дернәсілге дейін туа алатын қанатсыз негіз салушы ұрғашыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, біте азық-түліктік айқышгүлді дақылдарға ауысады.

Slide 13

Айгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан өткен қалдықтарды жою. Топырақты терең сүдігер әдісімен өңдеу. Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдарының айналасына шатыртәрізді дақылдарды отырғызу керек. Егістерді тексеруді қаудандар түйінделе бастаған кезеңде, әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама қарастырып, жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегі-5-10 % өсімдікте ұқсас бітелер колониясының табылуы. Бітелерге қарсы екпелер мен егістерді өңдеуді зиянкестер саны ЭЗШ жоғары болғанда «Тізімге . . . » сәйкес жүргізеді.

Күресу шаралары.

Slide 14

Капуста қоңыр көбелегі (Barathra brassіcae) - түн көбелектер тұқымдасына жататын капуста (сондай-ақ темекі, күнбағыс, қызылша, т. б. ) зиянкесі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 50 мм, алдыңғы екі қанаты қоңырқай сұр түсті, бүршік тәрізді екі ақ дағы бар, артқылары - ашық түсті. Жұлдызқұртының ұзындығы 50 мм, түсі сұр жасыл, жасыл не қоңырқай. Жұлдызқұрты көпқоректі, көбінесе капустаны зақымдайды. Қазақстанның батысы мен солт-нде, орт. және оңт. -шығысында көп таралған. Капуста қоңыр көбелегі қуыршақ түрінде топырақ арасында қыстайды. Республиканың оңтүстік және оңүстік-шығысында, жылына екі рет ұрпақ бере алатын жерлерде, көбелектері мамыр айында ұша бастайды. Қазақстанның солт-нде ол жылына бір рет қана ұрпақ береді, көбелектері шілде айының басында шығады. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын 40 - 60-тан топтап капуста жапырақтарының астыңғы жағына салады. .

Slide 15

Қыстап жатқан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту керек. ЭЗШ саны 1-3 жұлдызқұрт/өсімдікте 5% егіс танабына табылса немесе 5-8 жұлдызқұрт/шаршы метр жерге. Мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы жою шаралары қажет.

Күресу шаралары.

Slide 16

Көктемгі Капуста шыбыны ашық сұр түсті, ұзындығы 6 - 6, 5 мм, жылына 1 - 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді, сәуір - мамырайларында ұшып шығады. Жұмыртқаларын өсімдіктің тамыр мойнына немесе сабақтың түбіне таяу, топырақ бетіне әр жерге 13 - 15-тен топтап салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер капуста тамырының бетіне немесе тамырына, сабағының тамырға жақын бөлігіне еніп қоректеніп, өсімдікті зақымдайды.

Жазғы Капуста шыбыны көктемгі шыбыннан ірілеу, ұзындығы 7, 5 - 8 мм, жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Шыбынның ұшып шығуы маусым -шілде айларында басталады. Жұмыртқаларын капуста сабағына жақынтопырақ арасына топтап салады. Дернәсілдері өсімдіктің тамыры мен көсеусабағын (тамыр қалдықтарын) зақымдайды. Зиянкестің екі түрінің де қуыршақтары топырақ ішінде қыстайды. Капуста шыбыныдары зақымдаған өсімдіктердің өсуі нашарлайды немесе тамырлары шіріп кетеді. Капуста шыбыны, әсіресе, көшеттерге өте қауіпті.

Slide 17

Капуста шыбынының жұмыртқаларын жою үшін жерді өсімдіктің тамыр мойнынан 15см алысырақ қазып тастайды да, оның орнына қатар аралықтарындағы жаңа топырақтан салады. Түптеу қосымша тамырлардың пайда болуына және өсімдіктің төзімділігін артуына негіз болады. Төзімді және сау көшеттерді отырғызу. Капуста мен басқа айқышгүлді дақылдарды жинап алғаннан кейін учаскеден қабықшаларды алып тастау және топырақты қайта қазу. Көшеттерді отырғызып болған соң 4-5 күні сабақтың тамырлы бөлігі мен өсімдік айналасындағы топырақты тексереді. 10% өсімдікте 1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұмыртқа немесе 5-6құрт табылса, зиянкестерге қарсы химиялық препараттар пайдаланылады.

Күресу шаралары.

Slide 18

Рапс егеуіші айқышгүлді тұқымдасына жататын өсімдіктерді, әсіресе қыша мен рапсты зақымдайды.

Ересек дарақтардан қызыл-сары түсті, арқасында төрт дақ және екі жұп түссіз қанаттарының басында сары дақтар бар. Олардың басы қара түсті. Аналықтардың құрсаққа қарай созылған ара тәрізді жұмыртқа қоймасы бар. Денесінің ұзындығы 7-8мм. Құрты - жалған жұлдызқұрт, кіршең-жасыл түсті, басы қара. Қатпарлы денесінде ұзына бойына қара-қоңыр жолақтар мен сүйелдер бар. Жоғарғы жастағы жалған жұлдызқұрттардың ұзындығы18-25мм.

Соңғы жастағы жұлдызқұрттар топырақта піләларда қыстайды. Ұрық дамуы 5-12 күнге созылады. Зиянкес 2-3 ұрпақ береді.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс дақылдары
Айқышгүлді егістік, жемдік, дақылдарының зиянкестері
Көкөністердің ауыспалы егістік танабы мен өсіру әдістері
Ауа ылғалдылығы
Қырыққабат бітесі, айқышгүлділер кандалалары таралуы, биологиясы
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Қант қызылшасы дақылының зиянкестері
Бұршақ бітесі
Қиярдың пероноспорозы
Меркі ауданы ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz