Орталық жүйке жүйесі туралы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті. БӨЖ №4 Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі. Орындаған: Тлеуханова А. Тексерген: Сатиева К. Р.

Топ: Бл - 309.

Семей 2015 жыл.

Slide 2

Жүйке жүйесі -ми мен жұлыннан және олардан тарайтын нервтерден тұрады. Ми мен жүлынды орталық нерв жүйесі, олардан тарамдалған нервтерді шеткі нерв жүйесі деп атайды. Жалпы нерв жүйесі нерв тканінен - нейрондар мен нейроглиядан т. б. тканьдерден түзілген. Нейроглия жүйке торшасының тірегі болумен бірге, оған белгілі бір пішін беріп, оларды қоректендіру (трофикалық) жұмысына қатынасады. Нейрон - толық келген негізгі бөлімінен - денесінен және одан тарамдалған ұзынды-қысқалы өсінділерінен түзілген. Денесі сұр түсті протоплазма мен ядродан тұрады. Қысқа тарамдалған өсінділерін дендриттер, ал ұзын өсіндісін аксон(нейрит) деп атайды.

Slide 3

Жүйке жүйесі

СОМАТИКАЛЫҚ Ж. Ж.

ВЕГЕТАТИВТІ Ж. Ж.

ОРТАЛЫҚ Ж. Ж.

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ

Ж. Ж.

ОРТАЛЫҚ Ж. Ж.

ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ

Ж. Ж.

БАС МИ

ЖҰЛЫН

31 ЖҰП

ЖҰЛЫН

ЖҮЙКЕЛЕРІ

12 ЖҰП БАС

МИ ЖҮЙКЕЛЕРІ

БАС МИ МЕН

ЖҰЛЫНДАҒЫ

ОРТАЛЫҚТАР

ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮКЕЛЕР,

ТҮЙІНДЕР,

ӨРІМДЕР

Slide 4

Жүйке жүйесінің орталық бөліміне филогенетикалық ең ерте бөлігі - жұлын және кеш дамып келе жатқан ми бөлігі жатады. Бұл екеуі де құрылысы және жұмысы жағынан бір-бірімен өте тығыз байланыста келеді.

Жүйке жүйесін топографиялық жатқан жағдайына қарай

1. орталық-сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми жатады

2. шеткі- жүйке түбіршіктері, жүйке түйіндері, жүйке тораптары өрімдері мен жүйке ұштары шеткі (перифериялық) жүйке жүйесіне жатады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Жұлын (спинной мозг) .

Жұлын омыртқа каналының ішінде жатады. Оның ұзындығы ересек адамда 45 см, ені 1, 5 см, салмағы 80 г.

Жұлын ауыз омыртқасының тұсында сопақша миға жалғасады. Төменгі жағынан соңғы жіпшесі арқылы құйымшақ омыртқасына бекиді. Соңғы жіпшеден айнала жұлынның төменгі сегменттерінен таралған түбіршіктер «ат құйрығын» түзеді. Олардың көбі сегізкөз тесіктері арқылы омыртқа каналынан сыртқа тебеді.

Жұлын жаңа туған балада омыртқа каналын толығымен толтыра жатса, ал бара-бара өсуі баяулап бірінші бел омыртқа тұсында қалады.

Жұлынның көлденең қимасы ұзына бойында бірдей емес, ол жоғарыдан төмен қарай жіңішкере бастайды. Жұлын төменгі мойын омыртқалары мен төменгі көкірек омыртқаларының тұсында екі буылтық түзеді. Оның біреуін мойын буылтығы десе, екіншісін бел буылтығы деп атайды. Осы буылтықтар тұсынан қол мен аяқты жүйкелендіретін ірі әрі ұзын нервтер басталады. Сол жүйкелердің торшалық денелері буылтықтар тұсында шоғырланған жұлын буылтығын түзеді.

Slide 8

1 - СОПАҚША МИ; 2 -МОЙЫН АЙМАҒЫНДАҒЫ

ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 3 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 4 - МОЙЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 - ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ

ТЕСІГІ; 6 - АРТҚЫ БҮЙІР ЖҮЛГЕСІ; 7 - КЕУДЕ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 8 - БЕЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ

ЖУАНДАҒАН ЖЕРІ; 9 - МИ КОНУСЫ; 10 - БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ; 11 - СЕГІЗКӨЗ ЖҮЙКЕЛЕРІ;

12 - ОТЫРЫҚШЫ ЖҮЙКЕЛЕР; 13 - ТЕРМИНАЛДЫ ЖІПШЕ

ЖҰЛЫН

Slide 9

Нейрондардың ерекшеліктері

Жүйке жүйесіне жатады

Қызметі

Өсінділер саны бойынша

Медиатордың химиялық

ерекшеліктері бойынша

Постсинапстық нейрондарға

әсер етуіне қарай

Қозғыштық, тежегіш

Соматикалық және вегетативтік

Секреторлық, өткізгіштік

Қимылдық, сезгіш, аралас

Псевдоуниполярлы,

биполярлы, мультиполярлы

Холинергиялық, моноаминерги-

ниялық, пептидергиялық, т. б.

Рефлекс доғасындағы

орны мен қызметі бойынша

Slide 10

1 - АҚ ЗАТ; 2 - СҰР ЗАТ; 3 - АРТҚЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 4 - ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ; 5 - АЛДЫҢҒЫ СЕЗГІШ ТАЛШЫҚ; 6 - ЖҰЛЫН ГАНГЛИЙІ

ЖҰЛЫННЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ

Slide 11

Сұр заты қанатын жайған көбелек пішінді келеді. Ол жұлынның орталық каналын айнала орналасқан. Сұр заттың шығыңқы келген жерлерін мүйіздері деп атайды. Алдыңғы жағында алдыңғы мүйізі, артқы жағында артқы мүйізі, ал бүйір бөлігінде бүйір мүйізі жатады. Бүйір мүйізі жұлынңың тек көкірек сегменттерінде ғана кездеседі. Сұр зат жүйке торшаларының шоғырынан түзілген, осыған байланысты оның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш мотонейрондар орналасады. Олардың нейриттері жұлыннан шыға алдыңғы қозғалтқыш түбір түзеді. Артқы мүйізінде рефлекторлық доғаның афференттік нейронын эфференттік нейронымен жалғастырып тұратын аралық нейрондар орналасады. Бүйір мүйізінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық нейрондары шоғырланып симпатикалық орталық түзеді. Олардың нейриттері алдыңғы түбір құрамында жұлыннан шығып, ішкі мүшелерді жүйкелендіруге бағыт алады.

Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, оның өзі жұлын бетінде жатқан сайлар арқылы үш жұп бағанға бөлінеді. Алдыңғы баған - алдыңғы орталық саймен алдынғы бүйір сайыныңаралығында, бүйір бағаны - алдыңғы бүйір сайы мен артқы бүйір сайының аралығында, ал артқы баған - артқы бүйір сайы мен артқы орталық сайдың арасында орналасқан. Бұл бағандар жүйке талшықтарынан түзіліп, жұлынның өткізгіш жолдарын түзеді. Жүлынның сұр заты мен бағандарының аралығында сегментаралық V келте талшықтар болады. Осы талшықтар арқылы жұлынның сегментаралық байланыстары өтетін болғандықтан оларды жұлынның өз аппараты деп атайды.

Slide 12

1 - АРТҚЫ БУДАСЫ; 2 - АРТҚЫ АШАСЫ; 3 - БҮЙІР БУДАСЫ; 4 - ОРТАЛЫҚ КАНАЛЫ; 5 - АЛДЫҢҒЫ АҚ ЖАЛҒАМА; 6 - АЛДЫҢҒЫ АШАСЫ; 7 - АЛДЫҢҒЫ БУДАСЫ

ЖҰЛЫН (КӨЛДЕНЕҢІНЕН ҚАРАҒАНДАҒЫ КӨРІНІСІ)

Slide 13

Ми -Жүйке жүйесі ұрықтың арқа бөлімінде жүйке пластинкасы-эктотермадан пайда болады. Ол пластинканың екі шеті жиырылып нерв түтігіне айналады. Оның алдыңғы толық бөлігінен алғашқы үш ми көпіршіктері пайда болады. Одан мидың бес бөлігі дамиды. сопақша ми, көпір ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары

Slide 14

Ми бөлімдері

Нейроглия

Атқаратын қызметі

Физиологиялық құбылыстарды реттеуге қатысы

Сопқша ми, ми көпірі

Бар

Рефлекторлық және қозуды өткізгіштік

Жүрек қызметі, тыныс алу, ас қорыту т. б.

Мишық

Жоқ

Қимыл мен әрекетті реттеу

Дене қалпын, жүріс-тұрысын үйлестіру, ұстау

Ортаңғы ми

Бар

Бұлшық еттердің ширақтылығын сақтау, реттеу

Көру, есту, бағдарлау рефлекстерінің доғас өтеді

Аралық ми

Бар

Дене қызуы, жүрек-тамыр, зат алмасу, ас қорыту, шығару, сергектік, бейімделу, көру, еске сақтау, сезім толқыны

Қозуды өткізу, ішкі жүйелер қызметін және күрделі рефлекстік қимылды реттеу, гуморальдық реттеуге әсер ету

Үлкен ми сыңарлары және олардың қыртысы

Бар

Психикалық әрекеттің негізі

Тәлім-тәрбие, ойлау, сөйлеу, мінез-құлық, еске сақтау, бейімделу

Ми бөлімдері және олардың қызметі

Slide 15

Мидың ақ және сұр заты

Ми мен жұлынды кесіп қарағанда олардың сұр және ақ заттан тұратынын байқаймыз. Олардың сұр заттары әрдайым жүйке торшалары денелерінің шоғырлануынан пайда болса, ақ заттары жүйке талшықтарының топтануынан пайда болады. Ми мен жұлынның сұр заты мен ақ заты біркелкі орналаспаған. Мидың сұр заты сыртқы, ақ заты ішкі жағында жатса, жұлында, керісінше, сұр заты ішінде, ақ заты сыртында жатады. Алдыңғы үлкен ми сыңарларының сыртын жалпы жауып жатқан сұр затты ми қыртысы немесе сұрғылт қабық деп атайды. Ми қыртысының іш жағын ала жүйке талшықтарынан түзілген ақ зат жатады. Осы ақ заттың қалыңында, торша денелерінің шоғырланған жерлерін ядролар деп атайды. Мұндай ядролар ми мен жұлыннантыс жерлерде де кездеседі. Оларды омыртқааралық түйіндер, жұлын түйіндері, жүйке түйіндері деп атайды. Жұлын мен ми құрамындағыжүйке талшықтары ақ заттар түзіп, орталық жүйке жүйесінің бөліктерін бір-бірімен байланыстырып тұратын өткізгіш жолдар түзеді.

Slide 16

Ми бөлімдері

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

сопақша ми;

мишық (артқы ми) ;

ортаңғы ми;

аралық ми;

алдыңғы ми сыңарлары.

Slide 17 Slide 18 Slide 19

1 - ми аяғы; 2 - мишықтың үстіңгі беті; 3 - гипофиз; 4 - ақ пластинкалар; 5 - көпір; 6 -тісті ядро; 7 - ақ зат; 8 - сопақша ми; 9 - олива ядросы; 10 - мишықтың төменгі беті; 11 - жұлын

Мишық

Slide 20

Мидың тамырлары.

Бас миын - ішкі ұйқы артериясы мен омыртқа артериясы қанмен қамтамасыз етеді.

Ішкі ұйқы артериясы ми сауытының ішіне енгеннен кейін, көру нервісінің айқасқан жерінде алдыңғы және ортаңғы ми артерияларына бөлінеді. Алдыңғы ми артериясы мидың алдыңғы бетіне қарай бағытталып, сүйелді дене үстімен, ми сыңарларының арасымен жүріп отырып, мидың ішкі бетін қоректендіреді. Ортаңғы ми артериясы мидың бүйір сайын қуалай жүріп отырып, сыртқы бетіне тарамдалады.

Омыртқа артериялары шүйде сүйектің үлкен тесігі арқылы ми сауытына енгеннен кейін, көпірдің алдыңғы бетінде өзара қосылып, негізгі артерияны түзеді. Одан көпір мен мишықты қоректендіретін артериялар таралады. Ал, негізгі артерияның өзі сәл жоғары көтеріліп, көпірдің жоғарғы жиегінің тұсында екі артқы ми артерияларына тарамдалады. Олар үлкен ми сыңарларының шүйде бөліктерін қанмен қамтамасыз етеді.

Алдыңғы, ортаңғы және артқы ми артериялары мидың астыңғы бетінде өзара қосылып артерия шеңберін түзеді, оны Виллизиев шеңбері деп атайды. Осы артериялы шеңбер, мидың негізгі үш артерияларын бір-біріне байланыстырып жатады. Осының нәтижесінде қан бір артериядан екіншісіне көшіп отырады.

Slide 21

Ми қабықтары (оболочки мозга) .

Ми сырт жағынан қатты, торлы және тамырлы үш қабықшалармен жабылған.


Ұқсас жұмыстар
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Орталық нерв жүйесінің өткізгіш жолдары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Орталық нерв жүйесі
Жүйке орталығы
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
Жүйке жүйесінің физиологиясы
Мінез - құлықтың рефлекторлық табиғаты
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz