Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі




Презентация қосу
 9. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫНЫҢ
АҚАУЛАРЫ
10. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫНЫҢ
ТАҒАЙЫНДАЛУЫ. ӨНДІРІСТІК
ПАРТИЯ .
11. ЖІБІТУ ҮРДІСІНІҢ
МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ЖІБІТУГЕ
ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР.
12. ЖІБІТУ ҮРДІСІНІҢ
ОРЫНДАЛУЫ
9 Былғары шикізатының ақаулары
Былғарылық шикізаттың ақаулары деп терінің барлық ауданы
бойынша және жеке жерлеріндегі өңделген былғарының сапасын
төмендететін немесе оны пайдалану дәрежесін азайтатын
бүлінулерді айтамыз. Бұл ақауларды міндетті түрде және анықтай
алу қажет және де олардың тері сапасына қалай әсер ететінін білу
керек.
Терінің сапасы ең алдымен малды асырау жағдайларына
байланысты . Малды жақсы баққанда және дұрыс
азықтандырғанда оның терісінің тығыздығы және барлық ауданы
бойынша қалыңдығы біркелкі терідегі жүн жұмсақ , қалың , және
тегіс келеді. Керісінше , малды нашар асырағанда немесе оның
ауырғаннан кейінгі терісінің қалыңдығы біркелкі болмайды, арық ,
балбыраған , тері аурулрының және зақымданған орындары болады,
тері жүні қатты және сирек орналасады.
Ақаулардың пайда болу уақыты немесе себептері бойынша терілер
негізгі үш топқа топтастырылады. 1.Тірі кезіндегі ақаулар 2.Теріні
дұрыс сыпырмағаннан пайда болатын ақаулар, 3.Дұрыс
консервіленбеу және дұрыс сақтамаудың салдарынан пайда
болатын ақаулар.
1) Тірі кезіндегі ақаулар
Жоғарыда айтылғандай, тірі кезіндегі ақаулар малды дұрыс
асырамаудың нәтижесінде пайда болуы мүмкін , нақтырақ айтсақ,
нашар азықтандыру , тері ауруларының салдары және әр түрлі
механикалық мертігулер . Төменде ең көп тараған тірі күнгі ақаулар
келтірілген: бөгелек шаққаннан кейінгі тесіктер , кене безді ақаулары ,
кене жабынды ақаулары , микрофиляр , қамшының ізі , ағаш қымбат
қамыт орны, мүйізбен жаралану.

2) Теріні дұрыс сыпырылмағаннан пайда болатын ақаулар
Малды қате сою немесе теріні бей-берекет сыпыру соғынан әр т үрлі
ақауларының пайда болуына әкеп соқтырады . Мұндай ақауларға
жататындар;
- Терінің кесілуі
- Терінің қиылуы
- Терінің жұлынып кетуі
- Қате кесу т.б
Теріні дұрыс консервіленбеу және дұрыс
сақталмауының салдарынан пайда болатын
ақаулар.
Терілерді уақытында консервілемеу немесе дұрыс
консервілемеу , сонымен қатар қате сақтау және
шикізатты қате транспорттау нәтижесінде
пайда болатын әр түрлі ақаулар .
Мұндай ақауларға:
- Шіріген көктеген тері
- Жауыр
- Тұз дақтары
- Тат даұтары
- Қамба жүйесі
- Тышқанның кеміруі
- Сыну
- Мүйіздену
- Ақ таңдақтар
- Қыртыстар т.б
10 Былғары шикізатының тағайындалуы.
Өндірістік партия
Ірі қара мал ,жылқы, қой, ешкі , шошқа ,
түйе және теңіз жануарларының терілері
халық шаруашылығында былғары өндірісі
үшін қолданылады: аяқ киім , ер тұрмандық
бұйымдар , техникалық бұйымдар, былғары
галантереялық бұйымдар және арнайы
тағайындалған былғарылар.
Былғары бұйымдарының тағайындалуына
және оларды пайдалану шарттарына
байланысты әрбір дайын былғарыға анық бір
шикізат сәйкес келуі керек.
Былғарылық шикізаттың оның өндірістік
тағайындалуына байланысты сипаттамасы
МЕМСТ көрсетіледі.
Теріні былғарыға өңдеудің технологиялық
үрдістерінің дұрыс жүруі үшін және сапасы
бойынша біркелкі былғарылық өнім алу үшін
былғары шикізатты дайынбылғарының
тағайындалуына байланысты өндірістік
партияға жиналады.
Өндірістік партия деп түрі,
салмағы немесе ауданының
өлшемі, консервілеу әдісі ,
қалыңдығы мен тығыздығы ,
жүнділігі мен сұрыпы, сонымен
қатар шығу тегі және малдың
тұқымы бойынша біртекті
терілер тобын айтамыз.
Шикізаттарды өндірістік
партияға іріктеген кезде
мүмкіндігінше терілер бір біріне
салмағы немесе ауданының
өлшемі жағынан жақын болуы
шарт. Шикізаттарды өндірістік
партияға іріктеу партияны
жинақтау деп те аталады.
Өндірістік партияның өлшемі
терілердің саны және салмағы
немесе терілердің саны мен
ауданының көлемі бойынша
анықталады және де
зауыттың өндірістік
бағдарламасы мен
жабдықтардың сыйымдылығы
бойынша орнатылады.
Консервіленген теріде мал денесінен жаңадан сыпырылған теріге
қарағанда ылғалдылық аз болады. Жас теріде талшықтар суланған
және еркін орналасқан , ылғалдап тұздалған консервілеуде ылғалдың
мөлшері аз болғандықтан талшықтар жақын орналасады, ал құрғақ
тұздауда жабысады .
Консервіленген тeріде қан , лас, кір , лай қалдықтары болуы мүмкін ,
ал ылғалды және құрғақ тұздалған теріде тұздың мөлшері көп
болады .
Малдың үстінен сыпырылған жас тері дұрыстап жуылып, ары
қарайғы өткізілетін үрдістерде жақсылап өңделеді. Сондықтан
өңдеу үрдістерінде консервіленген терілерді мүмкіндігінше , малдың
үстінен жаңадан сыпырылған күйге жақындату қажет. Бұл
операция жібіту деп аталады . Ол теріні суға салып жібіту ар қылы
оның бойынан кір,лас,қан,лай қалдықтарынан және консервіленген
заттардан яғни тұздан тазартуға негізделген. Жібіту үрдісінде
келесідей факторардың мәні зор: терінің жағдайы, жібіту суының
температурасы,сапасы, жібітудің ұзақтылығы , 1кг жібітілетін
теріге кететін судың мөлшері , суды ауыстыру, саны және
механикалық әсерлер.
Шикізатты жібітуге арналған судың маңызы зор . Өзен , көл суларында
көптеген бактериялар болады. Сондықтан жібітуге арналған су таза,
бактериялардан тазартылған болуы тиіс , ал жібіту операциясы не ғұрлым
қысқа мерзімде жүруі тиіс . Жылы (20-25) градус суға қара ғанда . шамамен 2-ден
10 градусқа дейінгі температуралы суық суда бактериялар баяу дамиды. Алайда
жібіту суының температурасы төмен болған жағдайда терінің сулануы өте
баяу жүреді. Егер де температураны 20градусқа дейін жоғарылатқанда , жібіту
үрдісі тездейді, бірақ бактериялардың да өміршеңдігі біршама күшейеді.
Сондықтан қалыпты жібіту температурасы 16-20 градус, себебі мұндай
температурада теріні суландыру ұзақтығы азаяды және шіріткіш
бактериялар қауіпсіздігі азаяды.
Жібіту үрдісі кезінде суда көптеген мөлшерде кір,лай жиналады, ол
бактериялардың дамуына оң әсерін тигізеді.Сондықтан жібітуге м үмкіндігінше
таза су пайдаланған дұрыс, яғни кірленген суды таза сумен ауыстырып отыру
қажет. Суды ауыстыру саны шикізатты консервілеу түріне, оны ң сапасына
және шикізаттың ластану дәрежесіне байланысты анықталады.
Теріні суландыру үрдісін тездету үшін әртүрлі механикалық операциялар
қолданылады.
Шикізатты жібітуді жеделдету үшін, әсіресе құрғақ консервіленгендер,
талшықтары жақын немесе жабысқан күйде болатын , механикалық әсер
етіледі. Теріні ажырату, яғни шелдегіш қолданып қолмен басу немесе барабанда
жүргізіледі.
Терінің жағдайы
Теріде лас,қан,кір,лай және қанның болуы оның
шіруін тудырады.Егер тері жаман немесе
бірқалыпты консервіленген болса , онда оларды
жібіту біркелкі жүрмейді.Консервіленген теріде
ылғалдың мөлшері неғұрлым аз болған сайын ,
жібіту соғұрлым ұзақ өтеді . Сондықтан
жоғарыда көрсетілгендей, шикізаттың
өндірістік партиясын жағдайы біркелкі
терілерді таңдау арқылы жүргізу керек.
Жібіту суының температурасы мен сапасы
Суланған кезде тері ісінеді , оның салмағы мен
қалыңдығы жоғарылайды. Ісіну дегеніміз тері
талшықтарының арасындағы кеңістікке судың
бойлап енуі , соның әсерінен олар біршама
жылжиды да терінің көлемі ұлғаяды.
Су теріге ақырындап сіңеді, әрбір қабат
суланады. Олар қалың болған сайын, тері баяу
суланады. Жібіту үрдісінде терінің ісінуіне
белгілі бір шамаға дейін ғана рұқсат етіледі.
Тым артық сулану терінің негізгі ақуыздық
заттарын жоғалтуға әкеліп соқтырады ,
нәтижесінде былғарының сапасы
төмендейді,яғни борпылдақ , беріктігі азаяды.
Теріні жеткіліксіз немесе тым артық сулау
кезекті былғарыны өңдеу операцияларының
жүруіне және соңғы өнімнің сапасына кері
Жібіту үрдісінің орындалуы
Теріні жібіту үрдісі төмене көрсетілгендей негізгі операциялардан т ұрады:
1) Жуу- теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан ж әне т ұздан арылту;
Терілер барабандарда және баркастарда жуылады.
2) Қырқу – теріде қалған салмақ бергіш қалдықтар ( ет және май
кесіндісі , басқы және т.б) Обрядка қалыпта қолмен жүргізіледі, шелдегіш
немесе тұйықтық қолданылады.
Шелдеу – теріні шелден арылту, яғни малдың үстінен сыпырыл ған теріде
қалып қойған тері асты шел қабатынан , жарғақшадан, сіңірден, еттен,
майдан арылту , операция шелдеу машиналарында орындалады.
Жібіту(суландыру), яғни консервіленген терінің күйін құрылымы бойынша
да, суландыру дәрежесі бойынша да жас терінің күйіне жақындату. Және
де жібіту үрдісінде терідегі лас, кір, қан және т ұз қалдықтарынан
арылту тоқтайды. Жібіту чандарда , барабан мен баркастарда
орындалады.
Жуу және жібітуді жүргізу реті мен режимі шикізаттың консервілену
түріне және оның мақсатты тағайындалуына байланысты әрт үрлі
болады.
Шикізаттың сулану сапасын және ластану дәрежесін пайымдау үшін
жібітуден кейін теріні өлшейді. Жібітуден кейінге былғары шикізатыны ң
өндірістік партиясының салмағы жібіту салмағы деп аталады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту
Теріні жүннен арылту
Теріні өңдеу
Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы
Теріні қалай өңдеу керек
Былғары шикізатының тағайындалуы
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
жібіту үрдісінің орындалуы
Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу
Иленген тері бұйымдарының ассортименттері
Пәндер