Теңгенің тарихы


Slide 1

Теңгенің тарихы

Slide 2

Ескі монеталар туралы айтқанда, адамдар көз алдына дөңгелек жəне жылтырақ бір затты елестеді, ал шын мəнінде бұл пішіні мүлдем бұзылған, түсі көгіс тартқан мыс кесектер. Отырар - бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлары бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Бұл ақшалар мейлінше əртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда əлде қайда көп болды. Қазір қытай юаньін тек Алматы да ғана кездестіруге болады. Облыс орталықтарында мүлдем қажеттілігі жоқ. Бұл ретте қытай монеталары Қазақстан аумағында алғашқы пайдалана бастаған монеталар болды. Олар ушу деп аталады жəне археологтар Отырар алқабындағы Мардан обасынан тапты.

Slide 3

Деңга

VII ғ.

Түргештер мемлекеті

Қола

Алтынтөбе қалашығы

(Отырар алқабы)

Осы ақшалар тұтас бізде екі ғасыр бойы айналыста болды.

Slide 4

Шаштың көне түркі монеталарын негізгі екі топқа бөлуге болады:

1) түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленбеген (иконографиялық көркемдеу ерекшеліктері бойынша бөлінген) ; (1-сурет)

2) түркілердің атақ-лауазымдары бейнеленген, соғды жазумен берілген (2-сурет) .

Slide 5

Монғолдардан Қазақ хандығына дейін

Археология кейде тарихты нақтылайды. Моңғол шапқыншылығы біздің жерімізді көп шығынға ұшыратты, бірақ қатты опат болған жоқ деп, сипаттайды кейде хронисттер. Сауран сияқты қалалар моңғолдарға берілді, оларға мүлдем тиіскен жоқ, тіпті Отырардың өзі тез

өркендеді. Ал сондықтан кейбір құлдыраудан кейін ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап экономикалық көтерілу басталды. Ал осылай болғандықтан, көп ақша қажет болды.

ДИРХАМ

(Күміс заттар мен монеталар қоймасы,

XIII ғ. Оытрар қ. )

Slide 6

Оңтүстік Қазақстан кірген Шағатайлардың моңғол мемлекетінде жоғары сападағы күміс монеталарды соғу тез ретке келтірілді. Ал Отырарда, Бұқарада жəне Ходжентте тіпті алтын динарлар шығарылды. Бірақ алтын, əдетте, өзінің қымбат болуына қатысты айналысқа даналап шығарылған жоқ. Монеталарды бөліп сындырып, қойма ретінде жерге көмді. Жəне де 1251 жылы Меңгу ханның алтын динарлармен салық салу туралы декрет шығарылған құрылтай өткізгеніне қарамастан.

Slide 7

Моңғол мемлекеттерінің құлаумен бірге монета жасау ісіне де кейбір құлдырауға ұшырайды. Қазақстанның үлкен бөлігі Ақ Ордаға кірген XIV ғасырда Отырарда монеталар соғу тоқтатылды. Бірақ, осы жүзжылдықтың аяғында біздің өлкеге Тимур келді, бұл жерде

экономика қайтадан жанданды. Отырарда қайтадан монета соғу басталады. Бірақ саудада қазіргі Өзбекстан аумағының оңтүстігіне қарай, негізінен Бұхарада шығарылған күміс тангалар де пайдаланылды. (ТЕҢГЕ номиналындағы көне монеталардың коллекциясы 1-қосымшада көрсетілген)

Міне біздің жерімізде алғашқы рет Қазақстанның қазіргі валютасының атауы пайда болды. Ал тиындар туралы əлі əңгіме болған жоқ. Танга төрт бөлікке бөлінді жəне оның ширегін мири деп атады. Тимуридтар мемлекетінің аумағында отыздан астам монета сарайы

жұмыс істеді. Ол кезде атақты оқымысты жəне мемлекет қайраткері Ұлықбек бастамашы болған кезекті ақша реформасы жүргізілді. 1428 жылы ескі монета ақшаларды жаңасына айырбастау басталды, ал ол аяқталған кезде барлық монета сарайлары жабылып, 60 жыл бойы алып

империя бірыңғай ақшаны пайдаланды. Ал егер ол жетпесе, онда қосымша монеталар тек Бұхарада ғана соғылды.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Теңгенің жүз бір бөлігі болатын тиын бастапқыда қағаздан жасалды, кейінірек номиналы

2, 5, 10, 20 жəне 50 тиын болатын, жезден жасап шығарылды.

Slide 11

1 теңге

Бет жағындағы негізгі сурет - 9-10 ғасырлар кезеңінде Қазақстанның оңтүстігіндегі Отырар қаласында өмір сүрген философ, ғылым жəне ойшыл əл-Фарабидің портреті орналастырылған. Əл-Фараби Аристотель негізін қалаған, кейіннен араб мəдениеті мұралаған ойшылдар мектебінің шығыс тармағының көрнекі өкілі болып табылады. Ол 100-ден астам трактат жазды, оның осы күнге дейін тек 32-сі ғана сақталды. Банкнотаның сыртқы жағында осы ғалымның

геометриялық құрылғылар мен формулалары бейнеленген.

Slide 12

3 теңге

Сүйінбай Аронұлы поэзия мен əн салу өнерінің демократиялық ағынның аса жарқын өкілдерінің бірі болып табылады, ол өзінің талантымен жəне суырып салма қасиетімен белгілі. Сүйінбай ақын ретінде өзінің дастандарында қазақ халқының билеушілерге қарсы қаһармандық күресінін көрсетті, адамдардың дəстүрлері мен моральдық бастауларын сипаттады, феодалдық құрылымның

əлеуметтік қайшылықтар мен теріс құбылыстарын мүсіндеді. Сүйінбайдың атағы айтыстарда шықты, оның сөздері сөз мəдениетінің жалынды жəне мəнерлі мысалдары болды. Сырт жағында Іле Алатауының тауларының суреті бейнеленген.

Slide 13

Ұлы композитор Кұрманғазы Сағырбайұлы аспапты музыканың белгілі орындаушысы болды, домбыраға арналған шығармалардың жаңа - күй ағынын жасады. Ол бүкіл өмірін

əлеуметтік əділетсіздікпен жəне езгімен, зорлықпен жəне жауыздықпен күреске арнады, ол үшін билік тарапынан қудалауға ұшырады, композитордың еркіндік сүйгіш ойлары, бай

жəне ерекше музыкалық тілі билік үшін қолайсыздық туғызды. Сырт жағында кесенесі кешенінің суреті берілген.

Шоқан Уəлиханов - көрнекті ғалым ағартушы жəне демократ, Қазақстан мен Орта азияның тарихы мен мəдениеті зерттеуші. Қазақ халқының осы ұлы өкілінің дүниетанымын

қалыптастыруға орыс жазушысы Ф. М. Достоевский жəне саяхатшы - географ П. . П. Семенов-Тяншанский əсер етті. Оның Қашқарияға, Жетісуға, Қырғызстанға жəне Шығыс Түркістанға барып қайтқаннан кейінгі жазылған ғылыми еңбектерін Еуропаның жəне азияның аса белгілі тұңғыш жол салушылармен

жəне саяхатшылармен бір қатарда тұрды. Оның өмірі қысқа болса да, ол Қазақстанның тарихи көгіндегі жарқын жұлдыз болды. Банкнотаның сырт жағында Оқжетпес тауына қарағандағы ландшафт көрсетілген.

Slide 14

Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны жəне ойшылы, қазақтың əдеби тілінің негізін қалаушы болды. Оның əдеби еңбектері қоғамның сол уақыттағы көркем жəне сол сияқты

əлеуметтік-саяси жəне философиялық ойлауының дамуындағы мүлдем жаңа кезеңді білдірді. Туған халқының мəдени жағдайын жəне орыстың, Еуропа мен Азияның ой жəне поэзия алыптарының ұлы еңбектерін мұқият зерттеу отырып, ол сонымен қатар Пушкиннің, Гетенің еңбектері жəне басқа еңбектерді қазақ тіліне аудару сияқты көрнекі туындыны алған қазақ əдебиетінің көкжиегін айтарлықтай кеңейтті. Банкнотаның


Ұқсас жұмыстар
Теңгенің шығу тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының қалыптасуы мен нығаюы
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Тәуелсіздік – ежелгі арман, қол жеткен мұрат
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
Петропавл қаласы
Балқаш түсті металл
Ақшаның даму тарихы
Бюджет жүйесін реформалау кезеңдері
Нарықты сегменттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz