Итальяндық шегіртке Класс Insecta -насекомдар Отряд Orthoptera (Saltatoria) Тура қанаттылар Тұқымдасы Acrididae - нағыз шегірткелер



Орындаған: Досмағанбетова А. О
Итальяндық шегіртке
Класс Insecta -насекомдар
Отряд Orthoptera (Saltatoria) - Тура қанаттылар
Тұқымдасы Acrididae - нағыз шегірткелер

Мазмұны
1. Итальяндық шегірткенің морфологиясы, құрылысы, өсу циклі
2 Фенологиялық даму кезеңі
3. Шегірткенің есептеу әдістемесі, есептеудің негізгі формуласы
4. Экономикалық зияндылық шегі, зиян келтіретін дақылдары мен негізгі жаулары
5. Куресу шаралары
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Морфологиясы
Итальяндық шегірткелердің таралуы кезеңдік өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашқыда дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желдеткішке ұқсас жиналатын қанаттары болады. Жылына бір ұрпақ береді. Олар ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т. б. жерлерде жұмыртқа күйінде қыстайды Шегірткелер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткелерге ұқсас болады, 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсіл 4-5 рет түлеп, 4-5 жас өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әртүрлі өсімдіктерді зақымдайды: дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды. Олар ауа райының құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болып табылады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді

Фенологиялық даму кезеңі
Аталықтарының дене ұзындығы 14, 5-25 мм, Аналықтарының дене ұзындығы 23, 5-41, 1 мм .
Жұмыртқалары: Ұзындығы 4-5 мм, ені 1-1, 3 мм. Түсі тат түсті немесе қою сарғыш, түстес.
Кубышка. Ұзындығы 22-41 мм
Фенологиялық даму кезеңі: шала түрленіп даму, толық даму 1 жылға созылады жұмыртқа (эмбрион) 8-10 ай, дернәсілдері 40-45 күн дамиды. Жұмырқалары күбіршеде топырақ астында қыстап шығады. Дернәсілдердің барлығы ашық күндері белсенді түрде қозғалыста болады. Ауаның температурасы 10-12-ден 400С болған жағдайда белсенді түрде қоректеніп, қозғалады, ал 100С төмен, бұлтты және жауынды күндері қозғалмай, өсімдіктің төменгі жағына топтасады. Кеш батар алдында өздерінің таңдаған өсімдіктерін тауып, сонда түнелтеді.
Жұмыртқаларын салу жаздың екінші жартысында, ұрықтанғаннан кейін 2 аптадан соң топырақ астына 3-3, 5 см тереңдікте салады. Жұмыртқа салу процесі қыркүйек айына дейін созылады. Дернәсілден имаго өту кезеңі 5 жас кезеңінен 40-45 күн аралығында өтеді. Дернәсілдер мен имаго тығыз популяциялық жағдайда үйірлі өмір сүру сатысына көшеді. Имаго: жас шегірткелердің пайда болуы жаздың екінші жартысында байқалады.

Шегірткенің құрылысы

Шегіркенің өсу циклі

Экономикалық зияндылық шегі
Жұмыртқа мен имаго сатысында әртүрлі дақылдарды, яғни жоңышқа, мақта, күнбағыс, көкеніс өсімдіктерін. Қант қызылшасына, картоп, льна, орамжапырақ, қарбыз, кунжут, қарақұмық және астық тұқымдастарды ( көбінесе қуаншылық жылдары ) зақымдайды. Көбінесе жапырақтарды, сонымен қатар тұқымдар, жемістер, ағаштар мен бұталардың қабығын, және астық дақылдардың бастапқы өсінділеріне зақым келтіреді. Негізгі жаулары:
Құстар (розовый скворец Pastor roseus L), кесірткелер және алуан түрлі қоңыздар, насекомдар мен Entomophthora grylli Fres. саңырауқұлағына аса сезімтал болып келеді.

Есептеу Әдістемесі
Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таң ертелікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100 метр сайын әрқайсысы 1м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбәр секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір станцияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе, тиімділігі жоғары болады. әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеу және локальді өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгеу мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы керек.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz