Мұрагер: қазақ мектептері үшін ұлттық-педагогикалық негіздегі музыка оқыту бағдарламасы


Slide 1

«Мұрагер» - халық ұлттық педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі

Slide 2

Мұрагер қазіргі таңда қазақ балаларына музыка пәнін оқытуға арналған, қазақ мектебі қандай болуы керек деген сұраққа жауап беретін бағдарлама

Slide 3

Бірінші сынып оқушылары қазақтың халық аспаптарының шығуына арналған аңыз-күйлермен танысады, сол бойынша сурет салады, домбыра қағыстарын үйренеді.

Slide 4

Екінші сыныпта домбыраның ұлы күйшілердің жан серігі екенін түсініп, Құрманғазы, Қорқыт, Қазанғап, Дина сияқты күйшілердің өмірбаянымен, күйлерімен танысып, аспапта ойнауды жалғастырады.

Slide 5

Үшінші сынып сабақтары «Ән - көңілдің ажары» айдарымен өтеді. Ақан сері, Біржан сал әндері және тұрмыс-салт жырларымен танысады. Бастауыш сатыны аяқтаған оқушы бірнеше күй тартып, ән айтатын жағдайға жетеді

Slide 6

Бесінші сыныпқа келген оқушы айтыс мақамдарын үйреніп, өзі өлең құрап, шығармашылыққа аяқ басады.

Slide 7

Алтыншы сыныпта жыраулық дәстүрді игеріп, Бұхар, Нұртуған сияқты жыраулар термелерінің ізімен терме шығарып үйренеді.

Slide 8

Жетінші сыныпта оқушылар туысқан түркі халықтарының аспаптарымен және классикалық шығармалар үлгілерімен танысады. Бір сөзбен айтқанда, оқушылар әуелі ұлттық өнерді бойына сіңіріп, әлемдік өнерді қабылдауға аяқ басады.

Slide 9

Бағдарлама авторлары: А. Райымбергенов, С. Райымбергенова, Ұ. Байбосынова.

Slide 10

Абдулхамит Ысқақұлы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің рұқсатымен еліміздің әр аймағында музыка пәнін «Мұрагер» бағдарламасымен оқитын эксперименттік сыныптар ашты.

Slide 11

Абдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, күйші, өнертанушы: - «Мұрагер» бағдарламасының негізі 1985 жылы қалана бастады. Оны жасауыма сол кездегі ахуал түрткі болды: өзім домбырадан дәріс беретін консерваторияда жылына небәрі 7-8 бала ғана бітіретін. Солайша жылдан-жылға біздің ұлттық өнеріміздің аясы тарылып бара жатты. Бұған бейжай қарап отыра алмадым да, Алматыдағы №12 мектептен сынып алып, сол жерде өзім осы бағдарламаны тәжірибеден өткізе бастады

Slide 12

Бағдарлама бірінші сыныпта баланың бірден қағып алуына жеңіл «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Қос мүйізді Ескендір», «Бозінген» секілді күйлерден бастап 2-3 сыныпта Ақан сері, Біржан салдың әндері, мен Дина, Құрманғазы, Қазанғап сынды халық композиторларының күйлеріне жалғасады. Содан кейін біртіндеп тұрмыс-салт жырларына, одан кейін барып оркестрлерге, әлемдік музыкаларға көшеді. Бесінші сыныпта айтыс өнеріне ден қойылып, балаларға 11 буындық өлең құраудың ең жеңіл әдістемесі бойынша дәріс беріледі. Алтыншы сыныпта Бұқар, Ақтамберді, Тұрмағамбет, Ақтан сынды жыраулар поэзиясына негізделген жыраулық дәстүр оқытылады. Балалардың өзіне сол жыраулар стилінде өлең-жырлар құрауға тапсырмалар беріледі.

Slide 13

«Мұрагер» бағдарламасы - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралы.

Slide 14

Болашақта тек музыка пәні емес, басқа да жаратылыстану, гуманитарлық пәндерге де арқау болуға лайық осы бағдарламасы жыл өткен сайын өз нәтижесін беруде. Осы бағдарламаға лайықталып музыка пәніне арналған оқулықтар да жазылған.

Slide 15

Орындаған: Илалов Мейіржан Ерзатұлы


Ұқсас жұмыстар
Мұрагер бағдарламасы: 1-9 сыныптар үшін ән-күй пәнінің оқу-әдістемелік бағдарламасы
Мектептердегі Мұрагер ұлттық музыка бағдарламасының қалыптасуы мен тәрбиелік-мәдени маңызы
Бастауыш мектептің 1-4 сыныптары үшін музыка пәнінің типтік бағдарламасы
Бастауыш мектептің типтік музыка бағдарламасы: ұлттық мұра мен эстетикалық тәрбиенің синтезі
Мұрагер ән-күй пәнінің 1-9 сыныптарға арналған интеграцияланған әдістемелік бағдарламасы
1-4 сыныптар үшін музыка пәнінің оқу бағдарламасы: мақсаттар мен сабақ үлгісі
Бастауыш мектеп музыка сабақтарының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені: мазмұны және тәрбиелік-педагогикалық рөлі
Мектепте музыка пәнін оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешенінің мазмұндық сипаты
Музыка сабағындағы музыкалық іс-әрекет түрлері мен оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz