ХХ ғасырдың басындағы тарихи – әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Пән атауы: ХХ ғасырдың басындағы
қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930
ж.ж.)
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы
тарихи – әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің
дамуына тигізген әсері
ЖОСПАР:

I. Қазақ өркениеті – 6 -19 бет
II. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы – 20-31
бет
III.XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы
Қазақ мәдениеті – 32-41 бет
IV.ХХ ғасыр басындағы әдебиет – 41- 50 бет
Кілт сөздер:
“20-ғасыр басындағы мәдениет” ;
“Ағартушы демократ ақын-жазушылар” ;
“Ұлт азаттық көтеріліс” ; “Кеңес одағы” ;
“Діни ағартушылық бағыт” ; “ХХ ғасыр
басы” ; “Қазақ әдебеиеті”; “Ағартушылық
бағыт” ; “Алаш”; “Ұлт зиялылары”;
“Мерзімді баспасөз”; “Жанрлардың
дамуы”; “Әдебиет танымның
қалыптасуы”; “1900-1930 жылдар”; “Ұлт-
азаттық идея”
[2]

Алаш партиясы
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан
төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық
партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы —
Әлихан Бөкейханов. Қазақ зиялылары саяси қызметтің
қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен
көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын
Бөкейханов Әлихан
(1870-1937)

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) –
көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама
ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық
негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси
партиясын ұйымдастырушы және Алашорда
үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей
облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын
болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай
ауданы. Әлиханды әкесі тоғыз жасында
Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына
оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан
оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып
жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы
үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып
алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш
жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы»
деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он
алты жасар Әлихан Омбының техникалық
училищесіне қабылданады.
Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист,
географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия
біздің отанымыздың жалпы географиялық
сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903
жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның
тарауларын жазуға қатысқан.
1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік
Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар
алдында ғана үлгереді.
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938)

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси
өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан
кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын
көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп,
алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың
зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы,
ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы
Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық
бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы
қауымның төлбасы болды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай
облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге
келеді.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары
көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін
жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары
Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде,
1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте білім алады. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған
"Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік
істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі
мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық,
демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының
бipi – қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-
төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған
күреске толы кызметімен де, шығармашылық
мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті.
Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының
тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз
шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды.
Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды.
Сол себепті де М.Дулатовтың есімі мен әдеби
мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да,
жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз
тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына
қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы
да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке
кітап болып оқырманға жетті.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri
Қостанай облысының Жанкелдин ауданына
қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. 1904
жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында
ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен
кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi –
ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы
Міржақып А.Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы
саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905
жылы патша өкіметіне қазақ халқының
жазушыларының қатарында болады.
Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына
қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян,
Жақып Ақбаев (1876-1934)
«Жақып Ақбаев – ер, шешен, қызу юрист.
1905 жылы патшаға тіл тигізді деп… жер
аударылады, көп тепкі көрді…
ағайын арасының өсегіне боялып,
соңғы жылдарда халық көзінде
бұрыңғы Жақып өзгергендей болды».
(«Қазақ» газеті, 1915 жыл)
Жақып Ақбаев – қазақ елінің мемлекеттігі үшін күрескен қоғам қайраткері,
энциклопедиялық білімі бар ғалым, әмбебап тарихшы, этнограф, “Алаш”
қозғалысының көшбасшысы, “Алашорда” үкіметінің мүшесі, ұлт зиялысы,
қазақтың тұңғыш құқық магистрі.
Ж.Ақбаев 1876 жылы 25 қазанда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара
болысы, №3 ауылының (кей деректерде №4) Төңіректас деген жерінде Сарыарқа
өңіріне атақты Ақбай әулетінің дәулетті отбасында дүниеге келген.
Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың («Ұраным-Алаш!») түрме әфсанасында
Аспазия Жақыпқызының зерттеуші М.Құлмұхамедке ұсынған әкесінің «Қысқаша
өмірбаянында» өзі жайлы ол: «Мен қазақпын, 1876 жылғы 7 қарашада, бұрынғы
жыл санау бойынша 25 қазанда Төңіректас маңында, Қарқаралы округінің
Берікқара ауданындағы 3-ші ауылға қарасты жерде туғанмын. 1889-84
жылдары мен жазда ата-анамның қозысын, қыста қойын бақтым»-деп жазған
екен.
Жақып Ақбаев 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектеп-
интернатына оқуға барады. 1889 жылы Омбы гимназиясына, кейін Томск
гимназиясына оқуын ауыстырған Ж.Ақбаев 1898 жылы оны бітіреді.
Гимназиядан соң Жақып Ақбаев Санкт-Петербург университетінің заң
факультетіне оқуға түсіп, 1903 жылы оны алтын медальмен бітіріп, қазақтың
тұңғыш “право магистрі” деген атақты иеленеді.

Әлімхан Ермеков Әбеуұлы (1891-1970)
Алты алаштың ардағы – Әлімхан
аға Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891
жылы осы күнгі Жезқазған облысы,
Ақтоғай ауданы, Қызыларай
совхозы Бөріктас деген жерде
дүниеге келген. Әкесі Әбеу
халқына қадірлі, озық ойлы,
орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі
зиялылардың бірі, 1911 жылы
қайтыс болған. Әлиаға 1899 жылы
Қарқаралыдағы қалалық
училищеге оқуға түседі. Мектеп
қабырғасында зейінді, алғыр екені
көрінеді. Мектепті үздік бітірген
Әлімханды әкесі 1905 жылы
Семейдегі ерлер гимназиясына
әкеліп түсіреді. 1912 жылы
Әлімхан Семей гимназиясын алтын
медальмен бітіріп шығады. Сол
жылы Томск технология

институтының тау-кен
Халел Досмұхамедов
Халел Досмұхамедов (1883-1939) — Алаш
қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Руы —
беріш. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің
сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын:
саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы,
тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін
жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы
1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев
уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қы
зылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында
дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі
Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді
жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы
бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал
әскери-реалдық училищесінің даярлық класына
қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға
қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Сән-Питербор императорлық әскери-медицина
академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып
түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы
кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп,
қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-

насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский
листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси
[4]

1924 жылы «Сауатсыздық
жойылсын» қоғамы құрылды.
[5]
Оның мүшелері жер-жерлерде
аралап, халықтың арасында
сауатсыздықты жоюға үлес қосты.
1928 жылы

25% 10%

1928 жылы Қазақстанда халықтың
25% -ы ғана сауатты болды,оның
ішінде қазақтардың 10 %–ы ғана
сауатты саналады.
[6]

Барлық елді мекендерде жаңа
мектептер салу, оларды оқулық және
оқу құралдарымен қамтамасыз ету
үшін өте көп қаржы қажет
болды.Мұғалімдер саны
көбейді.Балаларға міндетті түрде
бастауыш білім беру туралы заң
Елде мектеп жасындағы барлық
балалар 4 жылдық бастауыш
мектепті бітіруге тиіс болды.
Ниет білдіргендер оқуларын
жалғастырып, жеті жылдық
және он жылдық мектепте оқи
алатын болды.
1931 жылы 15 пен 50 жас
аралығындағыларға міндетті түрде
Кешкі мектеп
Қазақ мектептерінде Мәскеуден
шыққан аударма оқулықтар
оқытылды.
Елімізге инженерлер, мұғалімдер
мен дәрігерлер және басқа
мамандар өте қажет болды.
[7]
Сондықтан елімізде
осындай мамандар
даярлайтын
институттар мен
техникумдар ашыла
бастады. Ұлы Отан
соғысы қарсаңында
елімізде 20 жоғары
оқу орны мен 118
Қазақ кеңестік өнерінің
қалыптасуы.
Хлудов қазақ бейнелеу
өнерінің негізін
салушылардың бірі болды
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ.
Әбілхан Қастеев
(1904 1973 жж.)
қазақтың әйгілі [8]

кескіндемешісі,
график-суретші,
қазақ бейнелеу
өнерінің негізін
Әміре Қашаубаев
(1888—1934)
Әміре Қашаубаев 1888 жылдың шілде айында туылған.
Туған жері – Шығыс Қазақстан, қазіргі Семей облысы, Абай
ауданы, Қайнар селосында тұрған. Кедей шаруа жанұясында
туып өскен. Қазақстан ұлттық театр өнерінің негізін
салушылардың бірі. Өнер жолын 1917 жылы бастады. 1921-
1924 жылдары Семейде құрылған Қазақ Совет жастарының
ағарту ұйымы (Ес-аймаққа) мүше болып, әншілік өнерін
шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған
халық өнерпаздарының байқауына (әншілер сайысына)
қатысып, бас бәйгеге Байжановпен бірге ие болды. 1925
жылы Қызылордада өткен Қазақстан Советтерінің бесінші
съезі мен 1927 жылы Москвада болған Советтердің төртінші
съезіне делегат болып, әрі делегаттар үшін
ұйымдастырылған концертке қатысты. 1925 жылы Париж
қаласында өткен Бүкіл дүние жүзіне сән өнері көрмесінде
«Ағаш аяқ», тағы басқа әндерді орындап, екі бәйгемен қоса,
күміс медальды иеленді. 1927 жылы сәуір айында Әміре
Қашаубаев Москва консерваториясында қазақ әндерін астана
көрермендері алдында тамылжыта шықады. А. В. Затаевич
Әміре Қашаубаевтың әншілік өнерін өте жоғары бағалап,
одан көптеген әндерді жазып алды. Әміре Қашаубаевтың
орындауында 1925 жылы Москвада фонографқа жазылып
алынған «Жалғыз арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ»,
«Дударай», «Бесқарағай» әндерін 1974 жылы музыка
зерттеушісі әрі музыкант Ж. Шәкәрімов тауып, оларды
техникалық өңдеуден өткеннен кейін қайтадан күйтабаққа
түсірді. 1925 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма
театрының алғашқы актерлерінің бірі болып қабылданады.
Осы театрда 1926 жылы М. О. Әуезовтың «Еңлік-Кебек»
трагедиясы алғаш қойылғанда Жапал ролінде ойнайды.
Кейіннен Қоскелді, қойшы, Жарас, Ақын (М. Әуезовтың
«Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал» және « Айман-Шолпанында»)
қария (М. Триггердің «Сүңгуір қайығында»), («Шайхана
қожасы»), (Д.А.Фурмановтың «Бүліншілінде»), тағы да басқа
әр алуан кейіпкерлердің образын жасады. 1933 жылға
дейін театрда әнші-актер болған. Әміре Қашаубаев 1934
Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938) - режиссер,
драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің
негізін салушылардың бірі, қоғам жөне театр қайраткері,
Қазақ КСР-інің халық әртісі.Қазіргі Павлодар облысы
Баянауыл ауданының Желтау маңында дүниеге келген.
Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас
кезінен  Ж.Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге
ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жөрмеңкесіне барып,
халық думанын тамашалау - оның ой-қиялын қозғап, өнерге
деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы
Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913
жылы Омбыға келіп, күнкөріс қамымен біраз уақыт зауытта
жұмыс істейді. Мұнда С.Сейфуллинмен, Н.Нұрмақовпен
және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін
жетілдіреді. 1915-1916 жылдары есепшілік курста оқып
бітіргеннен кейін зауытта есепшінің көмекшісі болып
қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр
спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Ж.Шанин
майдан жұмысына тартылады. Одан туған ауылына 1917
жылы оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралының уездік
кооперативінде есепші қызметін атқарды. 1921-1922
жылдары Павлодар уезі комитетінің мүшесі, 1922 жылы
Зайсан уездік атқару комитетінің төрағасы, 1923 жылдан
Семей губерниясы атқару комитетінің және Қазақ КСР ОАК
3304 кітапхана

5237 мәдениет үйлері
30 жылдары республикаға көшіп
келушілер көбейді, 1930 жылы қазақтар
республикамызда небәрі 21,9 % болды.
Қазақ тілі шектеліп, қазақ мектептері
Қазақ жұмысшылар саны жылдан
жылға өсе бергенімен, бірақ олардың
көпшілігінің мамандығы жоқ
болатын.
Елде күнәсіз жазалау барысында
көрнекті мемлекет қайраткерлері,
ғалымдар, мәдениет өкілдері кінәсіз
XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр
басындағы Қазақ мәдениеті
Абай Құнанбайұлы
(1845-1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын,
жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба
әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді
исламға таяна отырып, орыс және еуропа
мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ
мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының
Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны
Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған.
Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған.
Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана
көркем әдебиетке шындап ықылас қойып,
көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық
санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары
үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған
төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз)
деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден,
әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай орыс классиктерінің шығармаларын аударып
қана қоймай, сол аударма өлеңдерге ән де
шығарған. Абай әндерінің үшінші бір саласы-
осындай аударма өлеңдерінің негізінде шыққан
әндер тобы. "Татьянаның хаты", "Онегиннің хаты"
әндері - кезінде қазақ даласына кең тараған
шығармалар. Бұл сияқгы әндер Пушкин поэзиясын
қазақ тілінде өлеңмен де, әнмен де насихаттау
ниетінен туғаны байқалады.
Абай  муз. саласында да мол мұра қалдырып,
ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауыз әдебиетінің
дамуына Жамбыл Жабаев, Нүрпейіс Байғанин
сияқты қазақ әдебиетінің өкілдері үлес қоса
білді. Ал музыка мәдениеті бұл кезде жақсы
дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің
дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар: Дина
Нүрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі
Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов,
Естай Беркімбаев.
Осы кездегі белгілі әндер: «Гәкку» (Үкілі Ыбырай),
«Майдақоңыр» (Естай) т.б.
Қазақ халқының рухани мәдениетін дамытудағы басылымдардың маңызы
зор. "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк
қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың
данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап"
қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен
үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел
теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға
қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. «Айқап» журналы далада мектептер
мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады.
Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы,
Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы
Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Журналды шығару
жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. ЖурналдаА.Байтұрсынов, 
Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты
белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин
 өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және
еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым
(№1 1913 жылы 2 ақпанда шыққан). 1915жылға дейін аптасына
бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат»
серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында
Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет
 рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген
ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп
жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа
 ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет
есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - 
А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918
 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда 
А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, 
М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, 
Ж.Тілеулин,Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов
, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, 
С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары
жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет
оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты
бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын
басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл
газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің
онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң
қалдырды.
Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда
Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән
салған.
1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы
жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған.
Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен
пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”,
“Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка
мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде
тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы
Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым,
әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану
ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде
Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері
ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге
лайықтап нотаға түсірген.
Тұңғыш ұлттық кәсіби суретші– акварелші Ә. Қастеев
(1904-73). Оның ұстазы Н. Хлудов (11850-1935) –
көшпенділер өмірі туралы этнографиялық дәлме-дәл
және романтикалық көркем суреттердің авторы.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның
дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор
шабытпен бедерлей алған суреткер.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара
қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен
бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік
махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Верещагин қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін,Қазақстан табиғатын бейнелеген көптеген
суреттер салды («Лепсі алқабы», «Шу өзені бойындағы
қазақ үйлері», «Алатауда» (1869 – 70), «Аңшы қазақ»
(1871), т.б.
СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
Зенков Андрей Павлович (сәулетші, құрылыс инженері. Санкт-
Петербургтегі Николаев инжинериялық академиясын (қазіргі Санкт-
Петербург архитектура-құрылыс университеті) бітірген 1898 жылы
Қазақстанға қоныс аударып, Верный қаласына қоныстанған. 1907
– 17 жылдары Жетісу облысы инжинерия басқармада жұмыс істеді.
Жер сілкінісіне төтеп беретін ағаш үйлер салумен, жер сілкінісіне
төзімді құрылыстар жобасын жасаумен шұғылданды. Зенковтың
жобасымен салынған үйлер: Верный әйелдер гимназиясы (1904
жылы, қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-
графика факультетінің корпусы), Кафедральдық собор (1907), Верный
әскери мәжіліс үйі (1908 жылы, қазіргі Қазақ халық музыкалық
аспаптар музейі), Верный сауда үйі (1912 жылы, қазіргі “Қызыл таң”
мата үйі), т.б. Кеңес өкіметі жылдары Зенков Алматыны қайта
салуға қатысты.
ХХ ғасыр басындағы
ә дебиет
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта
құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту
ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт
зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек
етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор
үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай
окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының
өкілдері - А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин
болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп
оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан
Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар
Асфендияров құрастырды. 1929 жылы араб жазуы
негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу
жүзеге асырылды.[1]
Қаныш
Сәтбаев.

“Алгебра”
оқулығы,

1924 жыл.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті
тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі
заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып,
жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ
жазушылары жаңа жанрларды меңгере
бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің
шығармашылығы тән. С.Көбеевтің
шығармашылық жолы орыс жазушыларының
шығармаларын казак тіліне аударудан
басталды. С. Көбеевтің И.Крыловтан аударған
мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді.
1913 жылы басылған «Қалың мал» романы
қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға
болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және
тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі
өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін
қосқан талантты қазақ ақындарының бірі –
Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір
сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі
алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. Сол
себепті де Сұлтанмахмұттың ойсанасы ерте оянды.
Жасынан жетімдік пен жоқшылықтың қиындығын
көп көрген ол айналасына сергек қарады. Алдына
биік-биік мақсаттар қойды. Соған жетуді ойлады.
Ілгері ұмтылды. Оқуға, білуге құштар болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда
қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында
туады. Екі жасында анасы өліп, әжесінің
тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы
Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт"
атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі
айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам
болады. Білімі толысып, өнерге құштарланған
Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін",
"Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді",
"Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым"
деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі
оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің
пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы
толғанады.
Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың
көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді.
Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады,
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ
ақыны, журналист, қоғамдық
қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі
із қалдырды. Ол атақты ақынның
отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі
сыныптық орыс-қазақ училищесінде
окыды. 1900-1903 жылдары
«Топжарған», «Гүлкашима»
поэмаларын жазды. 1914 жылы М.
Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан»
«Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне
аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала
- журналистік кызмет еді. Ол «Айқап»
журналының бас редакторы болды.
Журналдың шыға бастауы сол кездегі
Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі
құбылыс саналады
Мұхамеджан Сералин. “Айқап” журналының
оқырмандарына арнау
Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене
екен деп қоңыраймаңыздар!
Газет һәм журнал халық үшін екендігіне шек айту жоқ. Халы қты ң
қай дәрежеде алға кеткендігі - халық арасында тарал ған газет-журнал
һәм кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы болған со ң әрбір ж ұрт
қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай кітап-газет, һәм журнал
бастырып халыққа таратудың әждәһатында. Соңғы замандарда
біздің халық жұртында аз-маз тіршілік көрсетіп газет шы ғара беруді
қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды. 1907 ж.
Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмардан Қошығұлов «Серке»
есімді журнал шығара бастап еді. Ұзаққа бармай, үкімет тарапынан
тоқтатылды.
Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев «Киргизская газета»
есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып алғашқы н өмірді
шығарды да тоқтатты. Келер жылы Орынборда Ысма ғұл Иманшалов
бас болып, елдің бірқатар жақсыларының басын қосып газет шы ғару
хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ынтымақсыздығы себеп болып,
ыдырап кетті.
Қорытынды
ХХ ғасыр басында қазақтың ақын-
жазушылары көбейді. Мұнан бұрын (ХІХ
ғасырда) қазақта ақын-жазушылар, кітпап
жазып бастырушы ақын-жазушылар тіпті аз
еді. Барының көпшілігі молдалар, татар,
башқұрт, қызылбас молдалары еді.ХХ ғасыр
басындағы ақын-жазушылардың көпшілігі
қазақтың өз арасынан, қазақтың жаңа
құрыла бастаған оқығандарынан шықты.
ХХ ғасыр басында қазақтың тыңнан, өз
жанынан, төлтума шығармалар жазатын
ақын-жазушылары көбейді. ХІХ ғасырдағы
ақын-жазушылар өз жанынан, төлтума
шығармалар жазатындары аз болушы еді.
Олардың көбі қазақтың, араб, фарсының
ертедегі ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде жаңа
әдебиеттік жанрлардың туа бастағаны аңғарылады.
Бұрын, ХІХ ғасырда, қазақ әдебиеті тек өлең, жыр
болып келетін, бірыңғай поэзиялық әдебиет
болатын еді. ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде
тың, жаңа әдебиет жанрлары туды: бірді-екілі
прозалық (повесть, роман), драмалық шығармалар
көрінді.
Бұрыңғыға қарағанда қазақтың ХХ ғасыр
басындағы әдебиеті өзінің кадры жағынан да өсті,
маманданған әдебиетке айнала бастады.
Қазақтың ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылары
соншалықты көп алуан, күрделі мәселелерді
тиістінше қозғай алған жоқ. Оның көп өкілі заман
деңгейіне көтеріле алмады; өмір заңын, халық
өмірінің, заманның егжей-тегжейін, көз алдында
болып жатқан әр алуан қоғамдық құбылыстардың,
ұлы оқиғалардың мән-жайын тиісінше аңғарып
жетпеді.
ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларының бір
қатары ғана жаңаша, орысша оқыды; шамалы ғана,
Тұжырым
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – ұлы
дәуірдің: ілгерілеулер, күрес, көтерілістер,
сұрапыл соғыстар, қиянкескі төңкерістер
дәуірінің әдебиеті. Күрделі, көп қырлы
әдебиет. Оны, қазақ ақын-жазушыларын
саяси, әдеби бағыттарына қарай мынадай
топтарға бөлуге болады: 1) ағартушы ақын
жазушылар; 2) ағартушы-демократ ақын-
жазушылар; 3 демократтық-төңкерісшіл
халық жырлары.
ХХ ғасырдың ширек бөлігінен астам
уақытын қамтитын кезеңде қазақ әдебиеті
барлық жанрда жазылып, көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде
дамыған әдебиет деп тануға лайық. Ол өзінің
ұлттық сипатында гүлденген және
Графикалық кескіндемелерге сілтеме:
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=0238847399ae6f6db9b38ac168392d7
6&n=33&h=190&w=285
http://usl.ontustik.gov.kz/files-kz/ataposting/18684/20150305094750.jpg
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=7f76724b96c900fe4ea148cbf8e934
b3&n=33&h=190&w=480
http://cs621222.vk.me/v621222730/72b6/QeeaIrn0R-I.jpg
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=6a6f139403cd1a90515231
6dcfb25675&n=33&h=190&w=148

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=54cac405cf4796f99e9b30f345b7
b7d5&n=33&h=190&w=319
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=b31a0a282a975445c61905075
5b64782&n=33&h=190&w=329
https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=7c7ff50a77f6df2c54ccbd0ba80f09
c3&n=33&h=190&w=136
https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=f5d6ea08d40560bea56749d4bb4
7a3eb&n=33&h=190&w=254
https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=d3d6bed7ba335c884a471ff121eb540
0&n=33&h=190&w=128
http://mykst.kz/images/anews/15.02.2014_04.jpg

http://ilya.kazakh.ru/upload/blog/52e/11.jpg
https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=d46d82840cec62f5c6c0a6535419763
a&n=33&h=190&w=254
https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=8233071088e5f7f89efb16227f19c3
21&n=33&h=190&w=271
https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=47683800474d90a448822012cb
7bb1f7&n=33&h=190&w=156
https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=f4e7259601613648968f7e91
a6cec407&n=33&h=190&w=338
https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=460d3a177cfd84eb1916ed8d3f96f
8ff&n=33&h=190&w=150
http://old.qamshy.kz/wp-content/uploads/2014/12/alashorda.jpg
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық
анықтамалық.-Алматы.-2005.-”Аруна”
баспасы.
2.Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –
Алматы.-1993.
3.Ө.Әбдиманұлы . ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті. – Алматы.-2012.
4.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 1-6 том. –
Алматы . -1998-2005
5.ОТАРОВА .А.Н.XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ. – Ақтау.-2011
Студенттің аты-жөні, тегі: Құсаинов Жарқынбек
Оқу тобы: Фи – 311
Курсы: ІІІ курс
Мамандығы: 5В020500 “Филология: қазақ тілі”
Пән оқытушысы: Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының доценті, PhD – Арай Қанапияқызы
Тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы тарихи –
әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына
тигізген әсері
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ зиялылары философиясы
Ақмола облысы демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы
Еңбекші Қазақ газеті бетінде өлең
XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Қазақ халық әншісі
Пәндер