Интернет ауқымды желісі. БРАУЗЕРЛАР.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА. ИНТЕРНЕТТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ




Презентация қосу
ИНТЕРНЕТ
АУҚЫМДЫ ЖЕЛІСІ.
БРАУЗЕРЛАР.ЭЛЕКТР
ОНДЫҚ ПОЧТА.
ИНТЕРНЕТТІҢ
ПАЙДАСЫ МЕН
ЗИЯНЫ.

Орындаған:Жолдаспаев.Д
Тексенген:Жаксыгулова Д.Д
Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша
жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі – Интернет
желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған
Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта
20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online,
MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы – Интернет желісі.
Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау,
мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан
компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген
жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі
болып отыр.
Алғашқыда Интернетті құру мақсаты — әртүрлі типтегі
компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта
компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес,
сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған
қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат
ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер
калифорнияның телефон байланысына қосылды.
Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің
тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды.
ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді
біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына
көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс
жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN —
wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты
қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық
компьютер желілері.
Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-
жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды
желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру
нәтижесінде құрылады.

Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен
алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді
байланыстыратын есептеу желісі.
Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен
программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр
түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың
(телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-
модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік
желілердің бірлестігі.
Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail),
желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері
(Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу
(FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы
компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған
файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру
мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы
жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу
болатын. Бірақ ARPANET –тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып,
оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-
бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай
хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network
Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері
қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары
жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е
бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат
беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық
қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы
хаттамалары жасалған.
Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде
хаттама дегеніміз – келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі
программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар
желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды
пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату
жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық
хаттама (Internet Protocol — IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге
бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.
Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol
TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос
пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан,
оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж.
Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда
оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын
желілердің желісі деп атауға болады.
Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік
тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің
бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек
желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте
аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында
орналасқан, көбі АҚШ территорияларында.
Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше
Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық
көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана
қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу
қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде.
. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің
жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты
олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін
бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке
пайдаланушылар қосыла алады.
Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз –
желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың
орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы
инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы
қабылданған белгілі принциптері қалыптасты
Мысалы, Франция – fr, АҚШ-us, Ресей-ru, Қазақстан-kz,бұрынғы
КСРО-su. Мысалы:www.relcom.ru адресі бойынша www дегеніміз –
ресурс аты – (World Wide Web), relcom – фирма аты, ru – Ресей.
IP адрес дегеніміз – нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың
ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2).
пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен
оқылады.
Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол
қосылған желінің аты келеді. Тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін
домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар — com, ал оқу
орындары – edu, халықаралық ұйымдар – int.
Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерге қосады. әр
деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғары деңгейдегі доменнің
сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып
есептелінеді.  Мысалы, home.microsoft.com  атауы. Мұнда com –
коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home – Microsoft-қа
қосымша домен, ал ол өз кезегінде com-ның қосымша домені болып
табылады.
.gov – үкіметтік ұйымдар
.org – коммерциялық емесе мекемелер, ұйымдар
.net – желілерді қолдайтын ұйымдар
Браузер (Қарап шығушы) (Браузер, просмотрщик; browser) -
гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен
жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы
бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе
графиктердің экранда бейнеленуін және олармен
байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді.
Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, internet
Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады;
Желіде жұмыс істеуге арналган қосымша
бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet
Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік
береді);
Web-беттерін қарап шығуға арналған
құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан
кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.
Mozilla Firefox  - бұл интернетке
арналған мықты әрі жылдам, сенімді
әрі көпфункциялы браузер. Бұл
бағдарлама арқылы сіз интернеттен
кез келген нәрсені іздеп тауып, өз
компьютеріңізге жүктей аласыз.
Бағдарлама толықтай тегін.
Электрондық пошта (E-mail).
   
E-mail немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желi арқылы
хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі
программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының
көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер,
тұтынушы жағынанпрограмма-клиент жұмыс атқарады.
Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
1)шығатын хабарды жіберуге – SMTP (SMTP – Simple Mail Transfer Protocol –
пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
2)келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға  - РОРЗ (Post Office Protocol 3
– протокол почтового отделения, версия
3) хаттамасымен жүргізіледі.
Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін:
1)модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек;
2)қандай да бір пошталық серверде тіркелуіңіз қажет.
Мысалы:Sultanov@mail.ru – мұнда:
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бөлім – пошталық сервис
қызметін қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі);
* коммерциялық @ символының оң жағындағы бөлім –пошталық сервердің
адресі (қолданушының электрондық адресі)
3)электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнаулы
программа (MS Outlook, The Bat!, Eudora және т.б.) керек.

Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана
шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы
интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор.
Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын
адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы
кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 
Ал енді интернеттің пайдасына келсек:
1. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе студенттер
және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма
және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест
тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандада бар.
Сондай ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша
табуғада болады. Яғни интернеттің пайдасы өте көп.
2. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандарда бар.
Яғни бұл екі адамды қосатын күш.
Ал зиянына келетін болсақ.
1. Ең бастысы өз денсаулығыңды құртасың. Көз ден бастап.
2. Уақытың босқа кетеді. Яғни спортпен шұғылдануға
уақытың болмай қалуы мүмкін.
Қанша зиян дегенмен, Интернеттің пайдасы басымырақ.
Бірақ денсаулықтыда ойлау керек! Күніне 2-3 отырса сол да
жетеді!
Интернет пен Денсаулықты қатар алып жүріңіздер!
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі
компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.
Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет
пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба
аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып
алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.).
Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты,
өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол
монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан
денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді.
Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің,
бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол
адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама
немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-
аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі
білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп.
Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді.
Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс
ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала
санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам
көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда
біледі. Сонымен қатар тапжылмастан компьютер алдында
отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян
болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Интернет ауқымды желісі.Браузерлер.Электрондық пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондык пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы ақпарат
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электрондық почта. Интернеттің пайдасы және зияны
Интернет, пайдасы мен зияны. Электронды почта.Браузерлер
Ауқымды интернет желісі
Интернет ауқымды желісі. Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернет ауқымды желісі. Браузерлер. Электронды пошта
ИНТЕРНЕТ ПРОТОКОЛДАРЫ
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
ТЕЛЕФОН ЖЕЛІСІ
Пәндер