Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі


Slide 1

Тау жыныстарының генетикалық жіктелуі

Орындаған: Ақчабарова Алуа, ПСМ-311

Тексерген: Садвакасова Г. О.

Slide 2

Тау жыныстары - жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы.

Жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттарды тау жынысы деп атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары көбінесе қатты тастардан тұрады. Сол себепті тау жыныстарын арнайы түсінікпен атағанда тастар деуге болады. Тастардың жер бетіне шыққан айқын күрделі түрлері тауларда кездеседі. Тау жыныстары деген сөздің өзі сол тастардың тауда кездесу түсінігінен шыққан. Тау жыныстарының үгітіліп ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып, тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі минералдарға және тау жыныстарына айналған. Мұнан кейін олар екінші рет қайта өзгеріп, тағы басқа тау жыныстарының түріне айналған. Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы бойында осы әрекет көп қайталанып отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе тау жыныстары мен минералдардың бұзылып өзгеруіне және жиналып құралуына тіршілік дүниесі де көп әсерін тигізген.

Slide 3

Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді

Магмалық

магманың қатаюынан пайда болған тау жынысы

Метаморфтық

Тау жынысының өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналуынан пайда болған

Шөгінді

Тау жыныстарының қиыршық құмдарынан, саздарынан, жануарлар мен өсімдіктер қалдығынан құралған тау жыныстары

Slide 4

Магмалық тау жыныстары, атқылаған тау жыныстары - магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суынуынан және кристалдануынан (түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары.

Магмалық тау жыныстары терең жер астынан көтеріле құйылып, қатпаған магмадан жаратылған. Магманың әр алуан жағдайда салқындауына байланысты ақтарылған жыныстар ерекше құрылысымен және қасиеттерімен бір - біріне ерекшелінеді. Бір жағдайларда сұйық магма жер қабатының белгілі бір тереңдігінде біркелкі баяу қатайып, өзара тұтастана қалыптасқан кристалдық түйіршік структурасы бар тереңдік тау жыныстарын құрайды.

Екінші бір жағдайда магма жер бетіне қопарыла төгіліп, тездете салқындай қатайған. Осылайша төгінді тау жыныстары құралған. Әртүрлі жағдайда суыған бір магмадан тереңдік және төгіндік деп аталатын, химиялық құрамы бірдей, бірақ бір бірінен структурасы және қасиеті бойынша айырмашылығы бар тау тас жыныстары жаратылған.

Slide 5

Мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:

ультранегізді (Sі2O<40%)

негізді (40 - 50%)

орташа негізді (56 - 60%)

қышқылды (65 - 70%)

ультрақышқылды жыныстар (>75%) .

Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне - шығу тегінің жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т. б. қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді.

Slide 6

Гранит

Гранит - Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы, толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан, калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2, 5 - 2, 7 г/см3.

Граниттің құрылымы орта, ірі түйірлі, порфирлі.

Граниттердің лейкогранит, аляскит, плагиогранит, сілтілік гранит, рапакиви сияқты түрлері бар.

Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп. Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.

Slide 7

Шөгінді тау жыныстары - құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік, жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:

қатты (түпкі) тау жыныстарының мүжілуі, бұзылуынан бастапқы материал пайда болады;

осы материал су ағыны, жел, мұздыққа байланысты құбылыстар әсерінен көшеді де құрлық немесе су түбіне тұнады;

әр түрлі бөлшектерден құралған, суға қаныққан борпылдақ тұнба түзіледі.

Slide 8

Шөгінді тау жыныстары түзілуі бойынша

3 класқа бөлінеді

Сынықты

Жанартаулық нақты шөгінді

Сазды

Химия-биологиялық

Slide 9

Гипс

минерал - өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;

негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) тау жынысы;

ғаныш - сульфаттар класының минералы.

Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1, 5, меншікті салмағы 2, 3 г/см3, балқу температурасы 32 - 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар

Slide 10

Метаморфтық тау жыныстары

Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho - өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.

Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді. Осындай өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор - метаморфтық жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро өзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады.

Slide 11

Метаморфтық жыныстарды сипаттау

Гнейстер - көбінесе кварц, дала шпаты және слюдалардан тұратын тақталанған жыныстар. Гнейс кұраушы минералдар оның тақтасына қарай реттеліп, қабаттар құрап іріктелген. Соның салдарынан кейде оның жол-жол таңдайлы түрлері болады.

Роговиктер - микрокристалды шыны сияқты ақшыл сұр қатты тыгыз жыныс. Оның құрамында кварц, биотит, ортоклаз, магнетит, пироксендер, амфнболдар болады.

Скaрн - қоңырқай түсті, ірі кристалды контактылық метаморфизмда пайда болатын жыныс. Оның минералдық құрамы құрделі және өзгермелі келеді. Скарн минералдарына көбінесе анарлар, пироксендер, кальцит, магнетит, волластонит, эпидот т. б. жатады.

Кварцит - кварц түйіршіктерінің кварцті цементпен біріккен, сонымен қатар түтас кварцтан тұратын метаморфтық тығыз тау жынысы. Ол өте берік, өңдегенде әдемі тегістелетін қатты жыныс. Кварцит құрылыс ісінде қолданылады.

Slide 12

Мәрмәр - метаморфтық тау жынысы. Негізінен кальцит пен доломиттен құралады. Мөлшеріне қарай кальциттік Мәрмәр, доломиттік Мәрмәр болып бөлінеді. Басқа минералдармен араласқан түрі қатты кристалданған әктас немесе доломит болып келеді. Аймақтық және жапсарлық метаморфизмдерден әктастар, доломитті әктастар доломиттер сияқты карбонатты, шөгінді жыныстардың қайта кристалдануынан түзіледі. Қоспалары: магнезит, графит, брусит, битумдар, слюда, хлорит, тремолит, тағыда басқа. Құрылымы анық байқалатын толық кристалды, түйірлерінің ірілігі әр түрлі; текстурасы: біртекті жолақты, теңбіл, шыны жылтырлы, күңгірт, жақсы өңделеді. Осы қасиеттеріне орай Мәрмәр қолданбалы сәндік өнерінде, табиғи құрылыс материалы ретінде және монументті мүсін мен құлпытас жасауда кеңінен қолданылады. Брусит Мәрмәрі түйіршіктелген магнезия мен металды магний алуда, отқа төзімді заттар және арнайы қағаз шығаруда пайдаланылады. Қоспасыз Мәрмәр электртехникада, ақ Мәрмәр мүсін жасауға, түсті Мәрмәр құрылыста қаптау, безендіру бұйымдары ретінде, баспалдақтар, бағандар жасауға, ескерткіштер тұғырын тұрғызуға қолданылады. Мәрмәр кен орындары Қазақстанда Кіші Қаратауда, Алтайда, Көкшетау массивінде, өлытау бойында, Солтүстік Балқашта кездеседі.


Ұқсас жұмыстар
Минералдардын жіктелуі
Судың химиялық құрамын анықтайтын факторлар
Интрузивті тау жыныстары
Минералдардың формалары
Тау жыныстарының үгілуі
Топырақ микрофлорасы
Шөгінді тау жыныстары
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Петрография тау жыныстары туралы ғылым
Ландшафт туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz