Металдар өндірісі туралы ақпарат
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыс және математика факультеті
Химия және география кафедрасы
Тақырыбы: «Металдар өндірісі.»
Тексерген:Сапакова А.К
Орындаған:Кенжебек С.А
Жоспар:
• І.Металдар
• ІІ. Металдардың физикалық қасиеттері.
• ІІІ. Металдардың химиялық қасиеттері.
• а. Жай заттармен әрекеттесуі
• б.Күрделі заттармен әрекеттесуі
• ІV. Металдарды алу әдістері.
• а.Түсті металлургия
• б.Қара металлургия
• V.Қорытынды.
• VI.Пайдаланған әдебиеттер.
І.Металдар
• Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық
қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы
металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
• Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл
атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен
байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан
олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың
бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын
электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін
металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
• Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті
тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал
цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (
күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың
бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған
құймалардың бірі – қола.
• Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара
металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын,
күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне
байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті
түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал
жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік
жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан
аспайтындарын сирек металдар деп атайды.
Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия
, гидрометаллургия және электрметаллургия
әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын,
тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.)
жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.
Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына
жатады.
• Al (8,1%)
• Fe (4,65%)
• Ca (3,6%)
• Na (2,64%)
• K (2,5%)
• Mg (2,1%)
• Tі (0,57%)
• Mn (0,1%)
• Ba (0,05%)
• Sr (0,03%)
• Қалғандары (0,1365%)
ІІ. Металдардың физикалық қасиеттері.
• Металл кристалындағы атомдар, иондар "электрон газымен"
берік ұсталып, металдық байланыс түзеді дедік. Кристалдағы
бос электрондарға тəуелді металдар белгілі бір ортақ
қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттерге жылу жəне
электрөткізгіштік, металдық жылтыры, иілімділігі, т.б
қасиеттері жатады.
• Электр жəне жылуөткізгіштігі
• Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие
болады, сөйтіп, электр тогя пайда болады. Электрөткізгіштігі ең
жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий,
темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн
• Металдық жылтыры
• Бұл металдардың өзіне тəн қасиеттерінің бірі-оны адамдар өте
жоғары бағалап, кейбір көркемөнер туындыларын жасауға
пайдаланады. Металдың бəрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры
бар. Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.
• Иілімділігі (пластикалығы)
• Металдарды соққанда, ұсақ түйіршіктерге бөлініп
шашырап қалмайды, небəрі пішінін өзгертіп тапталады
не жанашылады, яғни соғуға төзімді пластикалық
қасиетін, иілімділігін көрсетеді.
• Балқу температурасы
• 1000° жоғары температурада балқитын
металдарды қиын балқитын, ал одан төмен
болса, оңай балқитын деп бөлінеді. Ең оңай балқитын
металл-сынап оның балқу температурасы 38,9 градус.
Ең қиын балқитын металл-вольфрам, оның балқу
температурасы 3390 градус, сондықтан оны элеткр
шамынынң сымын дайындау үшін қолданады.
ІІІ. Металдардың химиялық
қасиеттері
• Жай заттармен:
• 2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы
• Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
• Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
• Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл
гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1
болады, себебі металдар электрондарын сутектің
атомдык радиусыкіші болғандықтан оңай береді.
• Күрделі заттармен:
• Сілтілік және сілтілік жер металдар
сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті
ығыстырып шығарады.
• 2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑
Металдар қышқылдармен
әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін
өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне
қышқылдардың концентрациясына тәуелді
• Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2
• Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O4
• Mg + 10HNO3 (сұйық) = 4Mg(NO3)2+ NH4NO3 +
3H2O
• Ag + 2HNO3 (конц.) = AgNO3 + NO2↑ + H2O
Металдар тұздармен
әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық
белсенді металл) белсенділігі темен металды
оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
• Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
• Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu2
• Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
• 2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe
• Mg + CO2=MgO + CO
• Металдар органикалық қосылыстармен
де әрекеттеседі:
• Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2
• 2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl
ІV. Металдарды алу әдістері.
• Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау
жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық
тиімді болса, олар кен деп аталады.
• Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан
айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотацияәдісі.
• Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда
төмендегідей болып шоғырланған.
• Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;
• Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш,
Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);
• Мn - Қаражал, Жезді;
• Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;
• Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;
• Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов, Сарыбай, Лисаковск;
• W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);
• Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;
• Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.
Металлургия
Металлургия – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе
басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл
қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту
арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Металлургияға кендерден металдарды ажыратып алуға дайындау
мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату, байыту,кесектеу,
т.б.);
кентастар мен басқа материалдардан металды бөліп алу
процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту;
металдар мен қорытпалар өндіру;
металдарды термиялық, химия-термиялық және
термомеханикалық өңдеу;
металдарды қысыммен және құймалап өңдеу;
металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа
металл қабатымен қаптау, т.б. жатады.
Қара металлургия
• қара металдар өндіру барысында кен шикізатын
қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын,
ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б.
өнімдерді алуды қамтитын металлургия саласы.
Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен
болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары
Қостанай, Қарағанды жәнеЖезқазған
облыстарында шоғырланған. Қара металл
шикізатының базасы Соколов-Сарыбай және
Лисаков кен байыту комбинаттарында
комбинатында өндіріледі.
Түсті металлургия
• кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден
бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті
металдар мен олардың қорытпаларын
алу өндірісін қамтиды. Түсті
металдардың вакуумдық металлургия
саласы жақсы жолға қойылды.
V.Қорытынды.
• Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде
металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық
байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз
болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп,
бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан
олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су
ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның
активті қатардағы орнына байланысты. Металлургия –
ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да
материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл
қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын
өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын
саласы. Металл құралымдар – әр түрлі металдардан (көбінесе
болаттардан) жасалған құрылыстық заттар. Металл
құралымдардың әрі берік, әрі жеңіл түрлері де болады. Жеңіл
алюминий қорытпаларынан жасалған құралымдарды
пайдаланудың маңызы зор. Олар жеңіл, коррозияға төзімді,
оңай өңделеді әрі әсемдік береді.
VI.Пайдаланған әдебиеттер.
• Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
• Жоғарыға көтеріліңіз↑ Химия:
Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н.
Жалпы білім беретін мектептің 9-
сыныбына арналған оқулық, 2-
басылымы, өңделген, толықтырылған. -
Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет.
ISBN 9965-34-929-0
2,3 – тапсырма.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz