Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері



Орындаған : Шаймерден Б. А.
Т - 413 топ
Тексерген : Тұрғанбаева Б. Ш.
Педагогиканың теориялық және
әдіснамалық негіздері.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.
СӨЖ № 1

Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз
Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз.
Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.
Тапсырмалар:

“ Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі”.
Әбу Насыр әл - Фараби.

Тақырып бойынша ГЛОССАРИЙ :
Қайта тәрбие - мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тәрбие түрі.
Өзіндік тәрбие - адамның өзіндік дамуға, білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсізтұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты бағдарланған іс - әрекеттері.
Педагогика- жеке адамның дамуы қалыптасуындағы тәрбие және оқыту теориясын зерттейтін ғылым саласы.
Тәрбие - қоғамдық құбылыс, адамның саналы әрекеті.
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы
Тәрбие процесі - бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі
Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрнісі

Тәрбие мақсаты ұғымына педагогикалық тұрғыдан анықтама
И. Г. Песталоцци
«Тәрбиенің мақсаты - балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту»
К. Д. Ушинский
«Тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу»
П. П. Блонский
«Тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру»
В. А. Сухомлинский
"Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту"

Тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері
Адамның өзіне тән қарым-қатынасы
Тұлғаның басқалармен қарым - қатынасы.
Тұлғаның айналамен қарым - қатынасы.

Тәрбие
Философия
Педагогика
Психология
Тәрбие ұғымының анықтамасын төмендегі ғылым салаларынан қарастыруға болады.

Ендігі кезекте, төмендегі ғылым салаларына анықтама бере кетейін.
Философия ғылымы
Философия - даналыққа құштарлық (ежелгі гректің phileo - құштармын және sophia - даналық деген сөздерінен шыққан) ;
Психология ғылымы
Психология - психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Педагогика ғылымы
Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» баланы жетектеуші сөзінен алған.

Философия
Педагогика
Психология
Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледі. Тәрбие - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшінші факторы. Бұндағы айта кететін жағдайдың бірі - материалистік түсінікте жеке тұлға тек оъект ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік қайта құру қызмет - әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі.
Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстылығы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Тәрбие процесі көп қырлы. Фархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару алыпты қасиеттерімен сипатталады. Тәрбие процесі мазмұндық және процесуалдық жақтары да жеке анықталады. Тәрбие процесі - белгіленген мақсатқа бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиешілер арасындағы өзара бірлескен әрекет болғандықтан, бұл процесс ең алдымен, мақсат-бағдарлы болып табылады.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т. б. жатады.
Педагогиканың философиямен байланысы

Педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты.

"Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек"
"Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты"
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс"
Белгілі ойшыл, педагог
Ян Амос Коменскийдің
тәрбие туралы тұжырымдары:

1. адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
2. заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
4. тән саулығы - "дене тәрбиесі".
3. құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
Тәрбие ұғымына осындай анықтама айта отырып, Я. А. Коменский тәрбие мақсатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:

Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту
(Әл - Фараби)
«Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі»
(Х. Й. Лийметса) .
Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет - ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»
(Л. Н. Толстой) .
«Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский) .
Даналар сөзі!

«Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар»
(Иммануил Кант) .

«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі»
(М. Жұмабаев) .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz