Қазақстандық елжандылық туралы ақпарат


Slide 1

Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелкеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ұғым

Орындағандар: Т-413 топ студенті

Виликс Жұпар

Семей, 2015 жыл

Slide 2

Біз, еліміздің басты жетістігі - ұлтаралық қатынас келісімі, біздің ортақ үйіміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауы болып саналады деп айтқанымызда, бұл тек жай ғана ақиқат емес. Бұл тұрақсыз дүниедегі елеулі табысымыз.

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Елбасы Н. Ә. Назарбаев

Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр.

Slide 4

Ұғым

Анықтамалар

Халық

Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете адатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

Диаспора

Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.

Автохтонды ұлт

Қазақстанн үшін қазақтар.

Мемлекет

Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.

Ұлт

Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы айшықтала көрініс беретін адамдар қауымдасығының орнықты формасы.

Этнос

Адамдардың еркі бойынша емес, тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі.

Елжандылық

тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, бөтенді жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың шынайы Отанына айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат.

Slide 5

Қатынастар - бұл өзара байланыстар мен өзара әсер ету жүйесі, мүмкіндіктер мен жағдайлар жүйесі, іс-қимылды ортақ мүдделерді іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қандай да бір психологиялық аура: қоғамның, оның ұжымдарының, нақтылы өкілдерінің мүдделері. Қатынастар - бұл социум өмірінің формасы, оның біріктіруші күш.

Slide 6

Ұлтаралық қатынастар - қазақстандық қоғамтанушылар үшін зерттеуде ерекше көңіл бөлетін мәселе. Ұлттық феноменнің көрінуіндегі, ұлттық өмір ағымының сипатындағы тәуелділіктерді зерттеу пәні қазақстандық ғалым А. П. Коноваловтың пікірінше - әлеуметтік материяның ажырамас бөлігі қатынас, қоғам іс-әрекетінің бағытын, оның нақтылы құрамдас бөліктерін анықтаушы фактор болып табылады.

Slide 7 Slide 8

Этносаралық қатынастар - қазіргі полиэтникалық қоғамды анықтайтын құрамдас бөліктерінің бірі.

Этносаралық қатынас - бұл объективті өмір сүретін шындық, этноәлеуметтік қауымдастықтарға тән этникалық белгілер мен қасиеттердің көріну ауқымы: мақсаттардың, ділдің (менталитеттің), жүріс-тұрыс ережелерінің, т. б. жиынтығы. Бұл қатынастар барлық уақытта күрделі болып келеді.

Этносаралық қатынастар - полиэтникалық қоғам өміріндегі процестердің дамуының күтпегендіктің, ойда болмағандық пен біркелкі еместік деңгейі бар аса қозғалмалы әрі жылдам өзгеретін саласы.

Slide 9

Ұлтаралық байланыстар - бұл барлық халықтар үшін пайдалы, сондықтан өз еркі бойынша іске асырылатын табиғи, объективті, диалектикалық процесс. Ол адамдар мәдениетінің дамуының нәтижесі, өмір сүрудің басты шарты, тәсілі және әрбір адамды жетілдірудің жолы болып табылады.

Slide 10

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті бірінші кезекте әр түрлі ұлт өкілдерінің тұлғааралық қатынастарының білгілі бір сапалы деңгейі болып табылады. Ал тұлғааралық ұлттық қатынастар өз көрінісін адамдардың қылықтары мен дүниетанымынан, өнегелі бастамаларынан, жүріс-тұрыс қалыптарынан, басқа ұлттарға көзқарасынан, атап айтқанда еңбек етуден, тұрмыстан, демалыстан, ұлты басқа адамдармен байланыс жасауды мақсаттардан, ұлттық мүдделер мен ұлттық өзіндік ерекшелік көрініс беретін қоғамдық өмірдің қандай да бір саласына бағытталған мақсаттар жүйесін білдіретін ұлттық ұстанымдардан табады.

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті - бұл әр түрлі ұлт өкілдері арасында силастықтың, қолдаушылықтың, ұжымшылықтың, ізгіліктің, ұлттық өзімшілдікке, шовинистік меменсуге жол бермеушіліктің, өз мәдениетін игеруге және басқа ұлтттардың, халықтардың, ұлттық топтардың рухани құндылықтарын игеруге ұмтылудың орнатылуы.

Slide 11

Ұлтаралық қатынастардың шынайы тәжірибесінде үйлесімділік - сирек кездесетін құбылыс. Оған қоса, оған қарай отырып, этносаралық байланыстар механизмдерін қалыптастыруға болатын қандай да бір мұрат ретінде түсіндіріледі. Осыған ұқсас ұлтаралық үйлесімділікті ғылыми әдебиетте “интеракционализм”, ал үйлесу процесінің өзін “интернационализация” деген атпен кездестіруге болады.

Slide 12

Этносаралық қатынастарды сипаттайтын қазіргі кездегі ұғымдардың бірі “ұлтаралық келісім” болып табылады. Қазақстандағы ұлтаралық келісімді зерттеуге ғалым Г. В. Малининнің еңбектері арналған.

Slide 13

Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

Slide 14

Тағдырдың маңдайға жазғаны сол - ата-бабалардан мұраға қалған қазақтың ұлан-ғайыр даласы түрлі замандарда жер ауып келген сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға пана болды. Алыстан кім келсе де құшағын жайып қарсы алатын қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығы да бұған өзінің ықпалын тигізбей қойған жоқ. Сан тараптан соққы жеп, бас сауғалағандары бар, күшпен жер аударылып, айдалғандары бар, түрлі халықтар қазақ жеріне табандары тигенде ғана жан шақырып, естерін жиды.

Бүгінде олар басқа елді отаным деп санамайды, іргелерін бекітіп, осында тамыр жайған қай ұлттың өкілінен сұрасаңыз да, олардың тарихи отандары біреу, ол - Қазақстан.

Slide 15

Ата заңдағы баптар

Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық рефрендуммен қабылданған ата заңының өзі «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп басталуының да өзіндік сыры бар. Ата заңымыз бойынша ешбір ұлттың, діннің өкілі өзін бұл мемлекетте екінші сорттағы адам сезінбеуіне толық жағдай жасалды.

Оған Қазақстан Конституциясының 14-бабында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылуы толық негіз болды.

Ата заңымыздың 39-бабында «ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» деп ұлтаралық татулық мәселесінің маңыздылығы тағы да айшықтай көрсетілді.

Slide 16

Қазақ халқының ұлттық келбеті кезінде Абайдың «Қара сөздерінде» айтылған сипаттамалармен салыстырғанда «қазіргі жаһандану заманында біршама өзгерістерге түсе алды ма, әлде өткен дәстүрлі мәдениеттегі шамасынан аспай отыр ма?» деген сауал да туындайды. Әрине, ұлттық мінездің түбегейлі өзгерістерге ұшырауы қиын. Сондықтан қазіргі заманның пәрменді инновациялық, жаңғыру, жаңару үрдістеріне қарамастан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мінез, ұлттық келбеттің іргелі тұстары сақталып отырғаны байқалады. Неміс халқының бойындағы ұқыптылық пен тәртіпке бейімділік, Шығыс халықтары - корей, қытай, жапон және т. б. халықтарға тән еңбекқорлықты, Қазақ халқына тән қонақжайлылықты өзіміздің бойымызда ұштастыра білуіміз керек. Қазіргі заманда «Мен жастарға сенемін» деген Мағжан атамыздың арманы орындалғандай заман туды.

Slide 17

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Халықтар Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.

ҚХА-ның мақсаты - республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Slide 18

мәдени-ағартушылық - тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау; тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;

Ассамблея:

ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;

Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Slide 19 Slide 20

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады.

«Біз Қазақстанның барлық азаматттарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз»

Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында

Slide 21

«Патриотизм» сөзі грек тілінде - patriots-отандас, paths-отан, атамекен. Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-ірекеттерімен оның мүдделері қызмет етуге ұмтылысы, сондай-ақ туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауырбасушылықты білдіреді.

Slide 22

Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады.

Slide 23

Қазастан Республикасы Білім министрлігі ұсынған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” қазақ халқының жауынгерлік және ерлік тарихын ұрпаққа еріктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын ұлтжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, - деп ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән береді.

Академик М. К. Қозыбаев бүгінгі ұрпақты ерлікке баулудың ұлтжандылыққа тәрбиелеудің нағыз қайнар көзі-халықтық педагогика ұлттық дәстүрлерде жатқанына тоқтала келе, “бізге тірек болып, болашақ батыр ұрпақ өсіруге көмектесер бір фактор халықтық педагогикалық ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі”, - деп ұлттық жауынгерлік дәстүрлердің маңызы зор екенін атап көрсетеді.

Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр “Найзаның ұшымен, білектің күшімен”, “Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай” аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет еді.

Өз ұлтына деген патриотттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Алаш Орда қайраткерлері М. Дулатов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов және т. б. нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.

Slide 24

Елжандылық сезімінің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы елжандылыққа тәрбиелеудің арқауы.

Педагогика мен тәрбиенің, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогі К. Д. Ушинский: “Өмірінде де, ғалымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі де әртүрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де басқа”, - деп жазғаны белгілі.

Slide 25

Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы - бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін оятып қалыптастырады.

Халқымыздың өзінің бүгінгі биік, озық мәдениетіне оңайлықпен жетпеген. Бұл жолда ол талай заманғы шым-шытырман оқиғалардың сәулесін бойына сіңіріп, небір асу-қия, бел-белестерді басып өткен. Ата-бабамыздың шетсіз де, шексіз далада ертелі-кеш жер кезіп, бостан-босқа жүре бермей, олар ежелгі заманнан ер жүрек, еңбексүйгіш, талапты да талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған.

Slide 26

Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап-қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.

Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар - ұлттық сезм, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет.

Slide 27

Ұлттық сезім - өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.

Ұлттық мақтаныш - ұлттық материалдың, әлеуметтік һәм мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатардағы ұлттықидеялар, ой-пікірлермен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік-психологиялық сезім болып саналады.


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым
Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық,елжандылық,этносарал ық келісім туралы ұғым
Азаматтық,
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Патриотизм
Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат
«Азаматтық, қазақстандық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz