Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер жайында


Slide 1

Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтегі

тәуекелдер

Орындаған: Қуанғалиева М.

Тобы: УА - 405

Slide 2

- Тәуекел түсінігі мен түрлері, жіктелуі;

- Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар;

- Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері;

- Тәуекелдерді төмендету тәсілдері мен басқару әдістері.

Қарастырылатын сұрақтар:

Slide 3

Қазіргі бәсекелік ортаның күшеюі және

айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік

қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес.

Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру

кезінде тәуекелге барады және қабылданатын

басқарушешімдерінің салдарлары

үшін жауап береді.

Slide 4

Тәуекел - жоспарланған табыс көлемін ала алмау,

зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы.

Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен,

экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ

өзгеруімен байланысты күтілген табысты,

ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да

ресурстарды жоғалту қаупінің туындауы.

Slide 5

Кәсіпкерлік тәуекел - белгіленген

іс-шаралар іске аспаған, сондай-ақ,

басқару шешімдерін қабылдау кезінде

қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің

зиян шегу ықтималдылығы.

Slide 6

«Тәуекел» түсінігінде мынадай элементтерді

бөліп көрсетуге болады:

- анықталған мақсаттардан ауытқу мүмкіндігі;

- қалаған нәтижелерге жету ықтималдылығы;

- алға қойылған мақсатқа жетуде сенімділіктің болмауы;

- айқынсыздық жағдайында таңдалған баламаларды

жүзеге асырумен байланысты материалдық және

басқа да жоғалтулардың туындау мүмкіндігі.

Slide 7

Туындау сипатына байланысты: субъективті, объективті;

Пайда болу сферасына байланысты: ішкі, сыртқы;

Таралу дәрежесіне байланысты: жергілікті, жаһандық, аймақтық,

халықаралық;

Сақтандыру мүмкіндігі бойынша: сақтандырылатын,

сақтандырылмайтын;

Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша: өндірістік, коммерциялық,

қаржылық;

Тәуекел салдарларының сипаты бойынша: таза, спекулятивті;

Тәуекел салдарларының масштабы бойынша: рұқсат етілген,

критикалық, катастрофалық;

Уақыт мерзіміне байланысты: қысқа, ұзақ.

Шаруашылық қызмет сипатына байланысты: іскерлік, операциялық,

нарықтық;

Тәуекелдің пайда болу факторына байланысты: саяси, экономикалық.

Тәуекелдің түрлері:

Slide 8

Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге

асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен

туындайды. Кәсіпкерлік тәуекелдердің пайда

болуына алып келетін мынадай себептерді

атап көрсетуге болады: экономикалық дағдарыс,

инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық,

салық заңнамаларының жетілмеуі,

кәсіпкерлердің кәсіпкерлік және нарық мәселелері

бойынша білім деңгейінің төмендігі.

Slide 9

Тәуекелді бағалау - туындаған тәуекелді жағдайдан

немесе тәуекелді болдырмау бойынша шаралардың

өз уақытында қабылданбауынан болатын белгілі бір

зиянның мөлшерін немесе қосымша табыс

табу мүмкіншілігін болжауға мүмкіндік беретін

аналитикалық іс-шаралар жиынтығы.

Slide 10

Тәуекелді бағалау тәуекел мөлшерін сандық және

сапалық тәсілмен анықтау.

Тәуекелді бағалаудың әмбебап әдістері жоқ.

Олардың әрқайсысының артықшылықтары

мен кемшіліктері болады.

Slide 11

* Айқындылық;

* Ішінара айқынсыздық;

* Толықтай айқынсыздық.

Тәуекелді бағалау әдістері:

Slide 12

Тәуекелді басқару кәсіпорынды басқарудың

маңызды ішкі жүйелерінің бірі.

Тәуекелді басқару дегеніміз - тәуекел

факторларын бейтараптандыру және талдау

әдістерінің жиынтығы.

Slide 13

1) мақсатты анықтау

2) тәуекелді айқындау

3) тәуекелді бағалау

4) тәуекелді басқару әдістерін таңдау

5) таңдалған әдісті қолдану

6) нәтижелерді бағалау.

Тәуекелді басқару үрдісінің сатылары:

Slide 14

- Тәуекелден бас тарту әдісі;

- Тәуекелдерді оқшаулау әдісі;

- Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі;

- Тәуекелдердің орнын толтыру әдісі.

Тәуекелді басқару әдістері:

Slide 15

* әртараптандыру (диверсификация)

* лимиттеу

* хеджирлеу

* сақтандыру

* өзін-өзі сақтандыру.

Тәуекел дәрежесін төмендету әдістері:

Slide 16

Назар аударғандарыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Тәуекелді бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
КӘСІПКЕРЛІК туралы
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Тәуекелдерді басқару моделі
КӘСІПКЕР БИЗНЕСПЕН БІРГЕ ТУЫНДАЙТЫН
Кәсипкерлік қызметтегі тәуекел
Ресурстарды жоғалту түрлері және тәуекел аймақтарының мөлшері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz