Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.Дисбактериоз


Slide 1

БӨЖ №2

Орындаған: Берікбол . Н. Н.

Тексерген: Омарбеков. Е. О

Тақырыбы:Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Дисбактериоз

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы.

Slide 2

Мазмұны

Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары.

Дисбактериоз.

Slide 3

Дені сау адамның микрофлоралары

Микрофлора (микро . . . және флора) - белгілі бір ортада кездесетін микроорганизмдер жиынтығы

Slide 4

Дені сау адамдардың ағзасында кездесетін микробтық биоценоздардың жиынтығы адам денесінің қалыпты микрофлорасын құрайды.

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы

Slide 5

Адам ағзасындағы микроорганизмдердің екі тобы:

Тұрақты (резидентті) - микроорганизмдердің тұрақты құрамымен сипатталады;

Транзиторлы (уақытша) - тері мен шырышты қабаттарға қоршаған ортадан келіп түсіп, ауруларды тудырмайды.

Slide 6

Қалыпты микрофлораның физиологиялық қызметтері

Қалыпты микрофлораның адам ағзасы үшін пайдалылығы қазіргі уақытта үлкен сенімділікпен дәлелденіп отыр. Қалыпты микрофлораның микроорганизмді инфекцияданқорғаушы фактор және сол қалыпты флораны реттеуші фактор екендігі, қалыпты флораның антоганистік қасиеті белгілі.

Ішек флорасы:

1. асқорыту процесінде үлкен роль атқарып, ішектің тегіс мускулатурасының тонусын көбейтеді.

2. Ағзада витаминдік қажеттіліктің үлкен бөлігін қамтамассыз етеді. Микроорганизм 9-дан аса В комплексіне жататын витаминдерді, никотин және фоли қышқылы, витамин К және басқа да витаминдерді синтездеуге қабілетті.

3. Ағзада ортақ иммунитеттің қалыптасуына үлкен қызмет атқарады. Оның болмауы клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді әлсіреуіне әкеліп соғады. Мысалы: жақында алынған зерттеулерге қарағанда қан сарысуының синтезі қалыпты микрофлораға байланысты.

Slide 7

Қалыпты жағдайда дені сау адамның ішкі мүшелері мен тіндерінде микроорганизмдер болмайды. Оларға келесі мүшелер жатады: * ішкі мүшелер; * бас миы мен арқа жұлыны; * лимфа; * өкпе альвеоласы; * жатыр қуысы; * бүйрек; * несеп жолы мен несеп қапшығы.

Slide 8

Терінің қалыпты микрофлорасы

2. Факультативті (транзиторлы) :

іріңді стафилококк пен стрептококк;

фекальді стрептококк;

ішек таяқшасы, т. б.

1. Тұрақты (облигатты) :

аэробты және анаэробты дифтероидтар;

ашытқы саңырауқұлақтары;

тері стафилококы.

Slide 9

Көздің қалыпты микрофлорасы (конъюнктивтер)

1. Тұрақты (облигатты) :

патогенді емес коринобактериялар;

нейссериялар;

тері стафилококы;

сарциналар.

2. Транзиторлы (уақытша) :

патогенді стрептококк пен стафилококк;

микоплазмалар;

ішек бактериялары.

Slide 10

Тыныс алу жолдарының қалыпты микрофлорасы

1. Облигатты:

дифтериодтар;

микрококктар;

нейссериялар;

тері стафилококы;

гемолитикалық емес стрептококк.

2. Факультативті:

пневмококктар;

патогенді стафилококк;

клебсиеллалар;

Slide 11

Құлақтың қалыпты микрофлорасы

Сыртқы құлақта тері микрофлорасы мекендейді:

стафилококктар

коринебактериялар

ашытқы

саңырауқұлақтары

Ортанғы құлақ

Мұнда микробтар аз мөлшерде кездеседі, себебі күкірт бактерицидті қасиетке ие.

Slide 12

Несеп жолдарының қалыпты микрофлорасы

2. Қынапта:

дифтероидтар

ішек бактериялары

тері стафилококы

лактобациллалар

1. Сыртқы жыныс жолдарында:

микобактериялар

патогенді емес стафилококк

дифтероидтар

кандидалар

спирохеталар

ішек микрофлорасы

3. Уретрада:

актиномицеттер;

стафилококктар;

стрептококктар;

дифтероидтар;

сүтқышқылды бактериялар.

Әдетте, несептің құрамында бұл микроорганизмдер 1 мл-ге 12-104

шамасында кездеседі.

Slide 13

Дені сау әйелдің қынап тазалығының бірнеше категорияларын ажыратады (дәрежелері) :

Slide 14

Қалыпты жағдайда асқазан сұйықтығының 1 мл-де 103 шамасында микроорганизмдер кездеседі.

Облигатты микрофлорасы:

сүтқышқылды бактериялар;

ашытқы саңырауқұлақтары;

сарциналар;

дифтероидтар;

стафилококктар.

Асқазан-ішек жолдарының қалыпты микрофлорасы

Slide 15

Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы

Көптеген зерттеушілердің айтуынша сау адамдардың асқазан микрофлорасы болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазанның микробсыз жағдайда болуының себебі, асқазан сөлі мен бактерицидті заттардың әсері деп түсіндіреді.

Ащы ішек пен тоқ ішектің «стерильді» немесе микроб жайлағаны жөнінде толық жауап жоқ.

Қолдағы анықтамалар бойынша, 12-елі ішекте микрофлора болмайды немесе онда кейбір сапрофиттер болуы мүмкін: энтерококктар мен лактобацилдер, біршама саңырауқұлақтар мен сарциналар.

Slide 16

Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.

Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1, 5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді.

Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.

Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.

Slide 17

Емшектегі балалардың тоқ ішегінде бифидобактериилердің көбеюінен: аэробты ассоциацияның интенсивті көбеюі азаяды.

Теріге тән негізгі мекендеуші микроаэрофильдер Cor acnes, стафилококктар, дифтероидтар, және Candida туысына жататын саңырауқұлақтар. Жатырдың негізгі бактериялары болып лактобацилдер, Дарерляйна және дифтероидтар жатады.

Дені сау әйелдің жатыр қуысы көп процетте стерильді.

Зәр шығару жолдарының дистальді бөлігі аэробтармен, аз мөлшерде анаэробтармен байытылған. Катетермен алынған сау адамның зәрі қалыпты жағдайда стерильді.

Slide 18

Тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы

Қалыпты жағдайда тоқ ішектегі заттардың 1 г 109-1010 мөлшерінде болады. 300-ге жуық түрі кездеседі.

1. Облигатты (тұрақты) :

бактероидтар;

бифидобактериялар;

анаэробты кокктар;

лактобактериялар;

ішек таяқшасы;

энтерококктар.

2. Транзиторлы (уақытша) :

клостридиялар;

актиномицеттер;

дифтероидтар;

стафилококктар;

ашытқы саңырауқұлақтары;

кандидалар;

қарапайымдылар;

зең саңырауқұлақтары.

Slide 19 Slide 20

Аш ішектің қалыпты микрофлорасы

Қалыпты жағдайда микроорганизмдер 1 мл-де 103 - 105 шамасында кездеседі.

Облигатты микрофлора басым болады:

лактобактериялар;

саңырауқұлақтар;

дифтероидтар;

энтерококктар.

Slide 21

Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.

Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1, 5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді.

Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.

Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.

Slide 22

Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының қызметтері:

Антагонистік - патогенді

бактериялардың инактивациясы мен шектелуін қамтамасыз етеді;

Витамин түзушілік - В1, В2, В12, никотин қышқылын, пиридоксин, биотин, фолий қышқылын E. coli синтездейді.

Иммундық - аутохтондық микрофлора иммунжаттықтырушы және иммуногенді қасиеттерге ие;

Ішектегі зат алмасуына қатысуы - ішек микрофлорасы холин, өт қышқылы, май қышқылының алмасуына, несеп қышқылының метаболизміне қатысады.

Slide 23

Ащы ішек.

Лактобактерия.

Стрептококкалар

Лактобактерия немесе бифидобактерия

Зиянды бактериялар: Salmonella. Listreria. E. coil

Тоқ ішек:

Лактобактерия,

Бифидобактерия

Slide 24

Ауыз қуысы

мұрын

асқазан

тері

несеп жолы

Тоқ ішек

Ащы ішек

Құрғақ микрофлора

Slide 25

Ішек микрофлорасы адам миыннын

жұмысына әсер етеді

Slide 26

Ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы:

Ауыз қуысының бактериялары транзиторлы, яғни уақытша мекендеушілер болып есептелінеді. Олар:

микрококктар;

лактобактериялар;

нейссериялар;

дифтероидтар;

микоплазмалар;

коринебактериялар;

фузиморфты бактериялар.

Slide 27

Бактериялар

Дендрит клеткалары

Сыртқы орта

Ішкі орта

Slide 28

Ауыз қуысының аэробты және анаэробты микрофлорасының құрамы келесі факторларға тәуелді:

1. Адам жасына;

2. Тістің күтіміне;

3. Тамақтануына;

4. Жеке гигиенаға.

Slide 29

Сілекей безінің өзектреі мен сілекей - ауыз қуысының аз зерттелген биотоптардың бірі. Зерттеулерге сүйенсек ферменттердің жоғары бактериялық белсенділігінен лизоцима, секретті иммуноглобулиндер мен басқа факторлардың спецификалық және бейспецификалық қорғанысынан адам ағзасында өзектердегі сілекей стерильді болуы керек.

Slide 30

Қызылиек сұйықтығы мен қызыл иек желобогы. Қызылиек сұйықтығы қызылиек желобогының аймағында секреттелетін транссудант болып табылады. Осы биотопта бактериялардың жіпше тәрізді және иілген облигатты-анаэробты түрлері кездеседі: фузабактериялар, лептотрихиялар, актиномициттер, спириллалар, анаэровибриолар, кампилобактериялар мен спирохеталар.

Slide 31

Бұл Bacteroides, Prevotella, Porphyromonas бактерия топтарының түрлерінің негізгі тіршілік ортасы.

Мұнда сонымен қатар қарапайым ашытқы саңырауқұлақтар мен микоплазмалар кездеседі.

Тіс сұйықтығында осы микроорганизмдердің концентрациясы парадинтетте пайда болатын патологиялық тіс кармандары қалыптасқанда өзгереді.

Slide 32

Ауыз сұйықтығы ауыз қуысының ең маңызды биотобы, Өйткені ол арқылы ауыз қуысындағы микробиоценозының әл түрлі бөлімдерінің қарым-қатынасын қамтамасыз етеді және микроорганизмдер жағынан әр түрлі реттеуші әсер етеді. Ауыз сұйықтығының негізі әр түрлі микрофлорасы бар, сілекей безінен бөлінетін сілекей болып табылады.

Slide 33

Ауыз сұйықтығына ауыз қуысының шырышында, қызылиекте, қалтада, қатпарлар мен тіс дағында көбейетін микробтар үнемі түсіп отырады. Ауыз сұйықтығында көп уақытқа дейін тіршілік қабілетін сақтайды, ал көптеген түрлері (эмальға адгезиялық факторлары жоқ) белсенді түрде көбейеді. Бұлар вибриондар, факультативті-анаэробты стрептококтар, аэрококтар мен микоплазмалар.

Slide 34

Тіс дағы тіс бетінде қалыптасатын аса күрделі және көпкомпонентті биотоп. Тіс дағында ауыз қуысындағы микрофлораның барлық түрлері кездеседі. Бірақ олардың саны әр адамда әр түрлі, жастық ерекшелігіне байланысты да өзгеріп отырады. Бұл биотоптың өзіндік ерекшелігі ауыз қуысының биоценозының әр түрлі микроорганизмдердің тіршілік нәтижесінде болып табылады.

Slide 35

Биотоптың симбионттың құрамындағы сандық және сапалық бұзылыстары тіс кариесі және пародонтит сияқты назологиялық формалар бұзылысын тудырады.

Тіс дағы тіс тазалағаннан кейін 1-2 сағатта пайда бола бастайды және оның пайда болуынан микробиоценоздың өзгеруі болады. Көбінесе аэробты және факультативті-анаэробты түрлері, коктар, облигатты-анаэробты грамтеріс таяқшалар мен иректелген түрлері.

Slide 36

Тіс дағының қалыптасуының 1 фазасы - тісті тазартып жуғаннан кейін 2-4 сағатта. Ол негізінен коктар (стрептококтар, нейссерлер мен стафилококтар) мен қысқа таяқшалардан (лактобактериялар) тұрады. Бұл фаза ерте дақ деп аталады.

Slide 37

2 фаза - 4-5 күннен кейін, Грамтеріс коктар мен иірілген түрлерінің - лептотрихиялар, фуза бактериялар.

3 фаза - 607 күннен кейін және одан ары қарай. Тіс дағының толық симбиотты түрі дамиды, бірақ саны жағынан үнемі өзгерісте болады. Бірден аэробты түрлердің - нейссерлер, ротийлар, факультативті саны төмендейді.

Slide 38

Грамтеріс облигатты-анаэробты бактериялар - бактероидтар, фуза бактериялар, вейлонеллалар мен грам оң - актиномециттер, микроаэрофильді стрептококтар мен пептострептококтар басым болады.

Slide 39

Дисбактериоз

Slide 40

Дисбактериоз-қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі. Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т. б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.

Slide 41

Дисбактериоздың пайда болу себептері:

- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.

- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.

-асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.

- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.

- стресстер және экстремальді жағдайлар.

- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.

Slide 42

Дисбактериоз дәрежелері

1-ші дәреже: Биоценоз құраушыларының өзгерінсіз. Индигенді флораның бір өкілінің санының сәл азаюы. Клиникалық түрде байқалмайды дисбактериоздың компенсацияланған түрі. Бұл дәрежеде диета ұсынылады.

2-ші дәреже : Индигенді микрофлораның жеке өкілдерінің санының азаюы немесе элиминациясы және транзиторлы шартты-патогенді флоралық артуы. Ішек дисфункциясы және жергілікті қабыну процесстері стоматит, ангина, энтерит және т. б тән субкомпенсаторлы дисбактериоз түрлері дамиды. Микрофлораны эубиотиктермен және диета қолданумен коррекцияланады (емделеді) .

Slide 43

3-ші дәрежесі: Микрофлора өзгерісі сол күйде күшееді, шартты-патогенді микроорганизмдердің жеке өкілдерінің биотоп шекарасынан (ішегінен) таралып, қалыпта кездеспейтін қуыстарды, мүшелерде және ұлпаларда пайда болады. Мысалы, E. coli - өт жолдарында ( өзектерінде ), Candida туысты саңырауқұлақтар- зәрде, стафилакокктар- қанда және т. б. Ауыр септикалық түрге дейін, яғни шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған инфекция түрінде өтетін патологиялық өзгерістер тудыратын дисбактериоздың декомпенсацияланған түрі дамиды. Ем эубиотиктермен, бактериофагтармен, антибиотиктік және химиялық терапиямен жүргізіледі.

Slide 44

Эубиотиктер - дисбактериоз кезіңдегі микрофлораны коррекциялауға немесе оның алдын алуға қолданылатын биопрепараттар. Эубиотиктер арнайы таңдалған дисбактериозбен науқасталған организмде тіршілік ету қабілеті бар, жоғалған шынайы микрофлораны толтыра алатын микрофлораның жоғары активті штаммдарынан дайындалады. Нәжісінде олар эубиоздың қалпына келуіне көмектеседі.

Бұл биопрепараттар құрамына көбінесе қалыпты микрофлора өкілдері тірі лиофилизирленген бактерия дақылдары кіреді және микробтық клеткалар саны белгілі ұнтақ немесе таблетка түрінде шығарылады. Емдеу 1-3 ай және одан көп ұзақ курстармен жүргізіледі.

Slide 45

Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар

Slide 46

Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар

1. Құрғақ бифидумбактерин. Құрамында лиофизирленген бифидобактериялар бар.

2. Құрғақ бифиланг. Құрамында 2 штамм бифидобактерий бар: B. bifidum және B. londum 1:1 қатынасында. Бифидумбактериялардың патогенді микроорганизмдерге қарсы жоғары антогонистік активтілікті көп мөлшерде қышқыл өнімдерді, лизоцимді, спирттерді, бактериоциндерді бөлу арқылы танытады. Олар микробтардың асқазан-ішек трактісінің жоғары бөлімдеріне және ағзаның ішкі ортасына өтпеуін қамтамассыз етеді. Бифидумбактериялар ішек қабырғасында сорылу процестерін күшейтеді (сүт және сірке қышқылдарын бөлу арқылы), аминоқышқылдар мен белоктарды сонымен қатар витаминдерді синтездейді, жергілікті иммунитет жүйесіне иммунды стимулдеу әсерін көрсетеді.

Slide 47
Ұқсас жұмыстар
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлоралары. Олардың маңыздылығы.Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз туралы
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңыздылығы. Дисбактериоз
Организмнің әрбір ағзаларының қалыпты микрофлорасы. Олардың маңызы. Дисбактериоз
Физиологиялық зерттеу әдістері
Таралуына байланысты инфекциялық аурулардың жіктелуі
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер
Адам денесінің микрофлорасы
БЕЗДЕРДІҢ НЕРВ ЖҮЙЕСІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz