Гүлдер әлемі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БАӨЖ
Орындаған: Аққазынова Ж. Ғ.
Тексерген: Джанманова Г. Е.
Тобы: АГ-213

Гүлдер әлемі

Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.

Гүлдің құрылысы. Гүл серігі
Егер гүлде гүл серігінің екеуі де(тостағанша, күлте) болмаса гүл серіксіз гүлдер деп аталады.

Гүлдің құрылысы. Дұрыс гүл
Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде бірдей бөліктерге бөлінсе дұрыс гүл деп аталады. Мысалы: алма, итмұрын, қазтабан т. б.

Гүлдің құрылысы. Бұрыс гүл
Егер гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлінбесе бұрыс гүл деп аталады. Мысалы: соя, бұршақ, үрме бұршақ, ас бұршақ т. б.

Гүлдің құрылысы
күлте



Қоңыраугүл (Campanula) - бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. ТМД елдерінде 150-дей түрі белгілі. Қ азақстанда, көбінесе, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында, Тобыл, Есіл алқабында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында өсетін 10 түрі бар. Ара тісті жапырағы кезектесіп орналасқан. Тостағанша жапырақшалары 5 тісті түтік пішінді, жатынымен бірігіп кеткен. Гүлінің күлте жапырақшалары 5 қалақты, қоңырау тәрізді, ақ, көк, ақшыл көк түсті. Гүлдері сыпыртқы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі 3 - 5 ұялы, қақырап ашылатын қорапша. Айрықша маңызы бар түрі - рапунцел тәрізді қоңыраугүл (campanula rapunculoіdes) . Оның биіктігі 30 - 100 сантиметр. Сабағы тік өседі. Жапырағы жұмыртқа не қандауыр пішінді. Көк, күлгін түсті гүлі бір-бірден қысқа гүл сағағында орналасқан. Шілде - тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.


Шегіргүл (лат. Viola tricolor) - фиалка туысына жататын шөп өсімдіктерінің бір түрі. Мұны кейде: «үштүсті гүл», «ағайынды гүл», «бақ фиалкасы» деп те түрліше атайды. Шегіргүл тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде шала бұталар. Жер шарында негізінен қоңыржай аймақтарда кездесетін 500-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарындағы шалғынды жерлерде, тауаралық шалғынды алқаптарда, өзен жағаларында, орман арасында, жыраларда өсетін 31 түрі бар. Жиі кездесетіні - үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) . Оның биіктігі 10 - 15(25) см. Сабағы тік, аласа. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: төм. жапырақтары жалпақ, жұмыртқа пішінді, ал жоғарғылары - жіңішке, қандауыр тәрізді, шеті иректеліп келеді. Гүлдері ірі, қос жынысты, ұзын гүлсағағында (ұзындығы 3 - 12 см) орналасады. Аналық мойны шар тәрізді. Жоғарыкүлтесі қанық көк, қошқыл, екі жағындағылары - ашық көк, төменгілері - сары түсті болады. Сәуір айында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс салады. Жемісі- үшұялы қауашық, піскен кезде өздігінен жарылып кетеді. қолданады.


Қырмызыгүл (лат. Caléndula) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын жартылай бұта, бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесінөсімдік. Биіктігі 50 см-дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапырақтары ұзынша қондырма, қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Гүл шоғы ұзын гүл сидамына орналасқан себетгүл, оның шетін 1 - 2 қатар жапырақ қоршап тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-ақ қос жынысты, хош иісті. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айының аяқ шенінен бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі - дәнек. Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана түрі бар, ол - дәрілік қырмызыгүл (С. offіcіnalіs) . Оның құрамында календен атты ащы зат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар және каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. қырмызыгүлдің дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі болған. Халықтық медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшық және көз ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тамаққа пайдаланылады. Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі.


Қалампыр (Dianthus) - қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері - 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Еуразия мен Африкада, негізінен, Жерорта теңізі жағалауларында кездесетін 300-ге жуық түрі белгілі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz