Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар. Жабайы аңдарды есептеу әдістері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Құстардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар.
Жабайы аңдарды есептеу әдістері.
Орындаған: Кәрімова Е.
Тексерген: Мадыбекова А.
С.
Топ: Бл – 309
Құстардың
тіршілігіндегі
маусымдық құбылыстар
Құстар
Қыстап қалатын Жылы жаққа
ұшып кететін
Мекенін жиі Отырықшы
ауыстырушы құстар
ҚҰСТАР ТІРШІЛІГІНІҢ ЖЫЛ
МАУСЫМДЫҚ ЦИКЛЫ
Көктем
Жаз
Күз
Көбеюге
Ұя салу кезеңі Қысқа
дайындық • Орналасу
кезеңі дайындық
• Құрылыс
• Сайрау кезеңі Қыс
материалы • Қарқынды
• Жұп құру
• Ұя түрлері
• Қосылу тамақтану
• Жұмыртқа салу • Түлеу
• Балапан түрлері • Қыстауға азық Қыстау
дайындау кезеңі
• Миграция
Қыстау
орындары
Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы
және ұшып кетуі
Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты,
белгілі биологиялық ритмге байланысты.
Биологиялық ритмі – тіршілік жағдайының
маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға
бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына
байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық
тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан
құралады,сол кезде қандайболмасын биологиялық
құбылыс басымырақ болады. Мысалы: шағылысу,
жұмыртқа басу, түлеу т.б.
Көбеюге дайындық – құстардың тіршілік жағдайларының күрделі
жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын,туа пайда
болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда «сигналдық» сипатта болады.
Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн
жарығының заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері,
әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер, ұя
салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т.б.факторлар.
Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв системасының
әрекеті шешуші роль атқарады. И.П.Павлов оны; «физиологияның
үлкен бөлімі – нерв системасы, негізінен организмнің жеке органымен
емес бүтін организммен ортаның арасындағы қарым – қатынасын
қалыптастырады» деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау,жұп
құрау, ұя салу үшін белгілі территорияға ие болудан басталады. Бұл
дайындық мерзімінің ұзақтығы түрлі құстарда түрліше болады. Торғай
тәрізділердің көпшілігі ұя салмаған уақытта бірнешеуі бірігіп,
топтанып жүреді де, көбею алдында, көктемде жұп құрайды. Бұл
жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана ие болады да, о ған
кейін мекиендері қосылады. Қаз тәрізділер мен жыртқыш құстар қыс
ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде
келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие
болып, балапандары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды қаз
тәрізділерде де кездестіругеболады.
Көктем. Құстардың ұшып келуі
ҚҰСТЫ ҰШҚАНЫНА ҚАРАП
ТАНЫ
ҚҰСТАРДЫҢ
ЖҰПТАСУЫ
Уақытша жұп құру
1 кезең – қаздар
Балапан баспы
басып шыққанша –
үйректер
Тұрақты жұптар –
аққулар,
аққұтандар
Балапан шығару кезеңі – құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа
салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендіру сияқты бірінен
соң бірі келіп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды
қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, тек қана
балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі – түрлі құстарда түрліше болады.
Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын
жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе көпшілік жағдайда
мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар
құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді,ол кезде олардың активтігі азадап
та болса да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін өзгертпей, тасалау жерді
тауып, сол жерде болады.оған торғай тәрізділер мысал болады. Ал тауық
тәрізділердің түлеуі өте тез орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде
таса жерде жасырынып тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте
тез орындалғандықтан, олар уақытша ұшу қабілетін жояды, со ған
сәйкес су жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады. Құстардың
түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстарды ң
қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар
түлеу кезінде өте арықтап кетеді.
Балапан жабыны алмасуы. Ұрықтық мамық (балапан жұмыртқаны
жарып шыққанда), кейбіреуінде ұзын, әрі басқа түске боялған балапан
мамығы (күндізгі жыртқыштар, гагаралар, дауылпаз) немесе ерекше
ұрпақтанудағы мамық қауырсындану, жастық (ұядағы) қауырсын және
маусымдық түлеу.
Маусымдық түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон әсерінен
басталады. Оның алдында қанға қалқанша без гормондары қарқынды
түсе бастайды. Ол әдетте гипофизбен жыныс бездерінің белсенділігі
басылғаннан кейін жүреді. Құстардың түлеуі және көбеюі бір-бірімен
байланысты, әдетте бір-бірінсіз жүретін құбылыс. Түлей бастаған құс,
қосымша жұмыртқа салуға қабылетсіз болады. Піштіргенде түлеу
кезеңі бұзылады. Кейбір құстарда түлеу мен көбею мерзімі жартылай
бірге келеді. Орман аумағындағы құстардың негізгі түлеуі 07, 08, 09
айлардың соңына келеді. Жыл бойында көптеген құстар бір (күзгі),
кейде 2 (үйректер, торғай тәрізділер, басқа), тіпті 3 рет (ақ шілдер)
түлейді.
Маусымдық, немесе кезеңдік қоныс аударуы. Кезеңдік қоныс аудару
деп, ұя салған жерден қыстақ орнына және кері қайтудағы құстардың
көктемде және күзде үнемі қоныс аударуын атайды. Құстар мекенінде
күрт қорек жетімсіздігі және қолайсыз ауа-райы болса, онда кезеңсіз
ЖАЗ
АЛҒАШҚЫ ӘРЕКЕТ – БАЛАПАНДАРҒА ҰЯ САЛУ
ЕКІНШІ ӘРЕКЕТ – ЖҰМЫРТҚА САЛЫП,
БАСЫП ШЫҒАРУ
Бүркіт -2
Сұр күркетауық -24
Қарғалар -19 тәулік, шағалалар -23-26
Жыртқыш құстар – 2 айға дейін
ҮШІНШІ ӘРЕКЕТ – БАЛАПАНДАРЫН АСЫРАУ
Үйректер, қаздар, Торғайлар, тоқылдақтар,
аққулар, тетеревтер көгершіндер
Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады.
Бұл кезде құстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды.
Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып
отырады. Мысалы,үйректер,қаздар топтанып егістік
далаларға ұшып барады. Қара торғайлар мен көгершіндер
ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып барады. Бұл
кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен етіп, актив
қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы қыстан аман
шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын жерлеріне
ұшып болуына жағдай жасайды.
Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды.
Мысалы,самырсын құс – самырсын ағашының жаңғағын
жинап, оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып
топыраққа көміп қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да
емен жаңғағынан қор жинайды. Бірақ, осы қорының тек
қана 20-30 проценттерін ғана пайдаланады. Қалғаны
пайдаланылмай топырақтың астында қалып қойып, өсіп
шығады.
Қыстау. Қыс кезінде құстардың тіршілік жағдайы,кенет қиындайды да,
керекті заттардың мөлшері азайып,қажет тамақты табу ауырлайды.
Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер
қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық
болатын уақыты қысқарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып –
құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.
Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін, құстар қорек іздеп бір жерден
екінші жерге орын ауыстырады. Орын ауыстырудың ең қарапайым түрі
ұя маңынан жем іздеуден басталып, ең күрделі түріне, ұялаған жерінен
мыңдаған км қашық облыстарға ұшып кетуімен алмасады.
Дәнмен қоректенетін орман құстары: мысалы, свиристелдер мен боз
шымшықтар қыс кезінде қоректік зат іздеп,тіршілік еткен ортасын жиі
алмастырып отырады. Оның белгілі географиялық бағыты болмайды.
Отырықшы орман құстары – ақ кекілік, бұлдырықтар және «меңіреу
құрлар» жазда тіршілік еткен ауданының территориясында қоректік
заттың шамасына қарай мекен еткен орындарын ғана өзгертеді.
Тундрада және орта Азияда лашын – жыл құсы болып есептелсе,
Қырымда, Кавказда отырықшы, немесе мекенін жиі ауыстыратын құс
болып саналады.
ҚЫСТАЙТЫН ҚҰСТАР
Нағыз жыл құсы дегеніміз – қысқа қарай жазғы ұя
салған жерлерін тастап,одан қашық жерлерге барып қыстап
шығатын құстарды айтады. Мысалы,қасқа қаздар ұясын
тундраға салады,ал Жерорта теңізіне, Каспий теңізіне,сол
сияқты Қытайға, Индияға барып қыстайды. Каспий
теңізінің оңтүстігіне көпшілігінде суда және батпақта
тіршілік ететін құстар қыстап шығады.
Жыл құстары ұшып кеткенде өздерінің тіршілік еткен
ортасының ыңғайына қарай ұшады. Мысалы, су құстары
қайтқан кезде үлкен өзендердің бойын жағалай ұшады,
сондықтан да олардың ұшатын жолы жіңішке болады. Теңіз
құстары теңіз жағалауын қуалай ұшады. Құрлықтағы
құстар қайтқанда кең бағытта ұшады. Әйткенмен олардың
да арнаулы «жолы» болады.
Жыл құстарының ұшып келуі және қайтып кетуі, ұя
салатын жеріндегі тіршілік ағдайларына байланысты.
Жыл құстары
Түрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу және кету
кезектілігі. Бұл кезеңдер тұрақты жыл сайын жүргенімен. олардың өз
мерзімі болады. Бірақ олар бір айға созылуы м үмкін. Алдымен к әрі
еркектер ұшып келеді. Кейін аналықтармен жас құстар қайтады. Т үрлі
құстардың орманға ұшып келуінің өз мезгілінің бір ізділігі байқалады.
18.03. бірінші болып ұзақ, одан кейін қара торғайлар, дала, орман
бозторғайы, наурыз соңында), 1-10.04-шұбар шымшық, ақ қаратама қ
торғай, наурызек, шабындық жадырақ торғайы, қызғыш, күйкентай,
кейбір жыртқыштар. 10-20.04-өзен үйректері, шалшықшы, шағала,
тырна, орман құстарынан-саурауық, көгершіндер. Сәуірдің соңы-
мамыр айының басында-аққулар, қаздар, басқалар келеді. Орман
аумағына құстардың жалпы келу кезеңі 2 айдан артық мезгілге
созылады.
Құсойнақ (токование). Құстардың көктемде тәртібі өзгереді,
олардың мінез-құлқында шұғыл өзгерістер байқалады. Қыстаған,
ұшып келген құстар топтары ыдырайды, ұя салатын жерлерді
мекендейді, территорияда тең бөліну байқалады, аталықтардың
қарқынды құсойнағы басталады. Құсойнақ дауыс беру, әуе ойны,
құсойын ұшуында, түрлі тұру кейпінде, ерекше қимылында көрінеді.
Құстардың ойын түрлері өте түрліше болады. Оның биологиялық
маңызы-басқа жыныс түрі дарағының назарын аудару, олардың
жыныстық қозуына түрткі салу.
Жабайы аңдарды есептеу
әдістері
Адамдардың шаруашылыққа пайдаланатын жер-суына: жер,
орман, су т.б. жер бөліктері жатады да, онда мақұлықаттар
мекендейді. Оларды аң аулауда, аң аулау шаруашылығын
жүргізуде қолданады. Ондағы еркін жүрген жабайы аңдар
мен құстар, кімнің аумағына жатпасын, аңшылық қорын
құрады да, мемлекеттік меншік болып келеді. Пайдаланатын
жер-су, шаруашылық жүргізу бағыттары табиғатқа,
экономика жағдайларына байланысты болып, бірнеше түрге
бөлінеді: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдарға,
ғылыми мекемелердің пайдалануына бекітілген жер-су; аң
аулау ережелерімен барлық тұрғындарға аң аулауына
рұқсат етілген жалпы пайдаланылатын жер-су; аң аулауға
жабық пайдаланылатын жер-су (қорық, қорықша, қала,
өндіріс орталықтарының айналасындағы жасыл аймақтар).
Шаруашылықтар өндіріс типтері: балық аулайтын, аң
аулайтын, теңіз аң ату кәсіпшілігі, аралас (балық – аң
аулайтын, балық – аң ату кәсіпшілігі) деп бөлінеді.
Орман және аң аулау шаруашылықтары кешені
ұйымдастыру-әкімшілік, өндіріс процессін қамтитын,
шаруашылық жүргізу мәнін ескеруі қажет. Сондықтан бір,
көп түрлі іс-шаралар белгілейді. Біртүрліде, тек орман
немесе аң аулау шаруашылығы мақсаттарын шешу іске
асырылады. Көптүрліде, екпе ағаштар аса құнды болмай,
аң аулау бағыты өте пайдалы болғандықтан қолданылады.
Қазақстанда аң аулау шаруашылығы қалыптасуы бірнеше
кезеңдерден тұрады. Этникалық кезең-көне уақыттан
екінші мыңжылдықтың ортасына дейін. Әлсіреу (17-19
ғасыр), өту (1917-1924), кооператив-колхоз (1925-1936,
1937-1957), кәсіпшаруашылық-промхоз (1958-1991),
қазіргі әлеуметтік-социально-реформаторлық кезеңдер.
Орманның аңшылыққа пайдаланылатын жер-суын түгендеу
негізіне орман өсіруді жоспарлау материалдары: 1) таксация
мәліметтері (орманды есепке алып, материалдық тұрғыдан
бағалау; ағашқорын немесе пішен түсімінің шамасын анықтау)
алынады; одан жоспарлаушы орманның әр жерінде азықтың,
қорғаныш құралдары мәліметін толық ала алады, 2) ағаш егу
жоспары жатады. Пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз
аумағы орман өсіруді жоспарлауда белгіленген разрядындағы
таксация бөлігінің ең аз аумағынан 3 есе көп болуы мүмкін.
Сондықтан пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы
орман өсіруді жоспарлаудың I разряды бойынша орманды
учаскесі 3 га, ал кеспе ағаш, күйік және құла дала үшін 1,5 га.
Осы көрсеткіштер II разрядта 9 га, III – 30 га, IV – 80 га және V -
160 га болу керек. Пайдаланатын жер-судың типологиясы орман
өсіруді жоспарлау жұмысы практикасында кең қолданылады. Аң
аулау құрылысының негіздері, аң аулауға пайдаланатын жер-
суды жіктеу. Аңшылыққа пайдаланатын жер-судың жеке типіне
әдетте В.Н. Сукачев жіктеуі бойынша орман типінің тобы
алынады.
ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі, есептеу
әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген,
әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге б өлінеді.
Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір
аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын
әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100
га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалы қ,
өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп
бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс- әрекеті
бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер,
басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша
жүргізеді.
Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу
зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу
сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар),
таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі.
Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер
(жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі.
Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда,
үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа
шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі,
қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен
әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік
(балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша,
бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі),
құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-
кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі
(түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар
(бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен,
түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа
түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы,
құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл,
ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп),
дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет),
суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек,
қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).
Жануарлар тіршілігіне қажет арнайы биотехниялық іс-
шаралар. Ол жабайы жануарлардың тұрақтағы санын
реттеу, қорғау, қайта қалпына келтіруге бағытталған
арнайы шаруашылық шаралардың кешені. Мекен ететін жер
жағдайын жақсарту: жанып кетуінен сақтау, биотехниялық
кесу, пайдаланатын жер-су кеңдігін көбейту, азықтық және
қорғаныштарды себу және отырғызу, кейбір пайдаланатын
жер-суды тыңайтқыштау, жасанды тоғандар жасау,
бөгеттерден өту үшін жасанды өткел орнату, жасанды ұя
және баспана орнату, орманда сирек және кәсіпшілік
жануарлар түрлері мекендеу үшін ерекше қорғаныш үлескі
бөлу. Шығыс Қазахстан облысындағы жабайы жануарлар
мен құстар санының дамуы (динамикасы, Шығыс
Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң аулау
шаруашылықтарының басқармасы мәліметінен).
Тіршілік сүру жағдайларын жақсарту үшін: өсімдіктер, жануарлар,
минералдармен қосымша қоректендіру, уақытша азық және қорған
жағдайларды құру (ағаш кесінділерін қалтыру, уақытша паналайтын
орын жасау, шала кесулер, қуыс ағаштар, биік түбір қалдыру), уақытша
суаттар құру, малта тас-галечник және пыр-пыр етіп ұшу орнын құру,
жыртқыштар санын бақылау, жем-шөптің, суаттардың қолайлығы,
тынышсыздық факторы әсері мен уақытын реттеу, ветеринариялы қ-
санитарлық іс-шаралар жүргізу керек. Жануарлардың орнығу санын
реттеу үшін: дарақтық-популяциялық құрылымды, орнығу құрамын
(түрлер ара қатысы), орнығу санын (жануарлар орнығуының
тығыздығы), жануарлардың кейбір түрлерінің жерсіндіруін-
интродукция білу керек. Жабайы жануарларға әсер ететін орман
шаруашылығындағы іс-шаралар. Орман шаруашылығы қызмет
процесінің жабайы жануарларға тікелей және жанама түрдегі әсерлері.
Тынышсыздық факторы (жануарларды жұмыс процесінде үркіту).
Баспананы бұзу және жою.
Жануарлардың өзін жою (салынған жұмыртқаларды, балапандарды,
төлдерді, ірі жануарларды).
Ормандағы мекен орнының өзгеріске ұшырауы-трансформация.
Жаппай кесу әсері.
Кесі технологиясы мен тұқым ауыстырудың маңызы.
Жаппай кесудің омыртқалыларға тигізетін әсерінің жалпы бағасы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық
/К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-400б.
2.Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.:
“Мектеп”, 1970ж.
3.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II
тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
4.Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-
М.: «Академия» , 2007ж.
5.Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі.
4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007ж.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz