Мінез


Slide 1

Мінез

Орындаған:Ахмадиева Н. А

Тобы: ПХ-315

Тексерген:Тезекбаева М. Ж

Slide 2

Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.

Slide 3

Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:

1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т. б. ) .

2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер - ерiншек т. б. )

3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т. б. ) .

4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты - салақ т. б. ) .

Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т. б. формаларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iсəрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.

Slide 4

Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз етушi жалпы қылық тəсiлi мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi.

Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:

1. Үйлесімді (гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

Slide 5

2. Іштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi, iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

Slide 6

3. Икемі кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй, ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген, өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.

Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан, əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.

Slide 7

4. Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнезқұлығы қаланбаған, осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.

Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн болған əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру мұндайлардың негiзгi мiнездiк болмысы.

Slide 8

Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:

Жұлдызнама (гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т. б. ) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т. б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ
ҰЛЫҚБҮБІ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ
Девиантты мінез
Девиантты мінез - құлық ұғымы
Мінез туралы
Мінез - құлық тәрбиесі, мәдениеті және нормалары
Мінездің қалыптасуы туралы ақпарат
Мінездің типтері
БАЛАНЫҢ МІНЕЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Девиантты мінез - құлықты балалармен педагогикалық жұмыс жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz