еңбек статистикасы және халық




Презентация қосу
Халық және еңбек статистик

Орындаған: Байдаулетов Жандос ФН-4
Жоспар:
1. Халық саны және
құрамының статистикасы
2. Жұмысбастылық және
жұмыссыздық статистикасы
3. Халық қозғалысының
статистикасы
4. Халық санын болжаудың
статистикалық әдістері
5.Жұмыс істейтін халықтың
қозғалысы және жұмыс күші
құнының статистикасы
1. Халық саны және құрамының статистикасы
 
Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық
статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және
оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі –
адам, отбасы, үй шаруашылығы.
Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың
келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық
саны, еңбек жасындағы еңбекке
Халық жәнеқабілетті
еңбекхалық саны,
еңбек ресурстары.
статистикасының міндеттері:
- халықтың табиғи қозғалысы
зерттеу;
- халықтың миграциялық
қозғалысын зерттеу;
- еңбек нарығын, халықтың
жұмысбастылғын және
жұмыссыздығын зерттеу;
- халық санын болжау.
 
2. Жұмысбастылық және
жұмыссыздық статистикасы

Қазақстандағы еңбек нарығының
деңгейі және дамуының сипаттамасы
еңбек ресурстарының
категорияларымен байланысады.
Еңбек ресурстары – еңбекке
жарамды халық, демек нақты және
потенциалды жұмыскерлер.
Еңбек ресурстары –
экономикалық белсенділік мәртебесі
бойынша экономикалық белсенді
және экономикалық белсенді емес
халық болып бөлінеді.
Экономикалық белсенді халық -
өндірістік тауарлар мен қызметті
өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз
ететін халықтың бір бөлігі.
Халықаралық стандарттарға сәйкес
Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен
қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны
Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас
аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар
жатады.
Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) –
жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп
жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен
қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және
өз бетімен жұмыспен айналысушылар.
Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық,
жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және
жұмысқа дайын адамдар.
Экономикалық белсенді емес халық – үй
шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді
жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.
Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке
жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа
жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды
жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар;
жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар
және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс
істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.
Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын
3. Халық қозғалысының
статистикасы
Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының
өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына,
Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын
мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге
кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады.
Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста
туындайды.
Халық қозғалысының абсолютті
көрсеткіштері:
1. N – туылған балалар саны.
2. М - өлгендер саны.
3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен
сәбилердің саны.
4. таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі.
5. Н – некеге тұру саны.
6. А – ажырасу саны.
7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.
8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.
9. миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі.
10. П+В – халықтың миграциялық айналымы.
11. жалпы = таб.+ миг. = N- N+П-В= Sс – Sб – халықтың жалпы
 
4. Халық санын болжаудың
статистикалық әдістері
Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен
жүргізіледі:
1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі
«х+1» жасына ауысу.
Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру
коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.
2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер
негізінде глобалды әдіс жатыр. , мұндағы - келесі жылға t жылға
болжанған халық саны;
- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; - халықтың жалпы
өсім коэффициенті; t – болжам жасалатын уақыт.
3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін
пайдаланып: , мұндағы - орташа абсолюттік өсім. , мұндағы - халық
санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы, m- өсімдердің саны.
4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін
пайдаланып: , мұндағы, - халық санының орташа өсу қарқыны.
5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші
құнының статистикасы
 
ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және
өзін-өзі қамтитын жұмыс бастылар. ҰШЖ –де жалдамалы жұмысшылар
әлеуметтік статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және
қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды:
басшылар, мамандар, және басқа қызметкерлер.
Жұмыскерлер айналымының абсолюттік көрсеткіштері – берілген
кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер
саны.
Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру
қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсалған
шығындары құнына жалақы қоры, жұмыскерлердің тұрғын үйіне
жұмсаған шығындары, әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар, кәсіптік
оқытуға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар
және т.б. жатады.
Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде
жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына
беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен
тұрады:
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Халық саны және еңбек статистикасы
Халық және еңбек статистика сы
Халық және еңбек статистикасы
Халық пен еңбек статистикасы
Еңбекке жарамды
Әлеуметтік - экономикалық статистика пәні
Статистикалық агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Статистика теориясы
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Медициналық факторлар - медициналық көмектің факторлары, медицина көмектің жеткілігі
Пәндер