Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносарлық келісім туралы ұғым




Презентация қосу
АЗАМАТТЫҚ,
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ЕЛЖАНДЫЛЫҚ,
ЭТНОСАРЛЫҚ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ
ҰҒЫМ
Азаматтық
Қазақстан Республикасындағы азаматтық – мемлекет
ретіндегі Қазақстан Республикасы мен адам арасындағы
олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын
білдіретін саяси – құқықтық байланысы болып табылады.
Азаматтық мемлекет пен жеке адамның өзара тұракты қарым –
қатынасы ретінде сипатталады. Азамат дегеніміз – мемлекетке
тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға. Соған орай
Қазақстан Республикасы адам алдында жауапты, оның ел
ішінде белгіленген құқықтары мен бостандықтарын
мойындайды әрі оны қорғайды және республикадан тыс
жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Елжандылық тәрбиесінің қазіргі қоғам жағдайындағы
бағыттары

Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды
адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген тере ң
және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары
мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті,
құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды
еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың
өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен елжандылық
туралы біздің көрнекті жазушыларымыз
бен ғұламаларымыз өздерінің көрнекті ой
– пікірлерін қалдырып отырған. Осы ретте
аты аңызға айналған Б. Момышұлы:
«патриотизм – Отанға деген
сүйіспеншілік. Жеке адамның аман –
саулығы, қоғамдық, мемлекеттік тәуелді
екенді сезіну, мемлекетті нығайту
дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін
мойындау; қысқасы айтқанда,
патриотизм дегеніміз – мемлекет деген
ұғым, оны жеке адам барлық жағынан
өткені мен бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым – қатынасын
біріктіреді», – деп терең және жан – жақты
анықтама берген.
Б. Момұшұлының анықтамасы бойынша ұлттық
елжандылық мыналардан тұрады:
- өз халқына сүйіспеншілік;
- өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну;
- тұрып жатқан териториясы, ана тілі, тұрмыс – тіршілігі, тарихи
дәстүрі, психологиялық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға, оны
өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік. Осыдан бастап
елжандылыққа тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп
шығады.
Ә. Нұршайықов: «бала күннен
батырлар туралы ертегілер,
аңыздар тыңдап, ерлікті
мадақтайтын тақпақтар
жаттап, эпостық шығармаларды
етене қабылдамаған адамдардың
бойында бес кісінің күші болса да
патриот бола алмайды», – деп
елжандылық тәрбиесін берудегі
отбасының маңызына тоқталып
өткен. «Тәрбиенің күшімен
шындалған патриотизм, қынаптан
суырған қылыштай жарқ етіп,
Отанды басқыншы жаудан қорғау
сағатында өз қуатын көрсетеді», –
дейді жазушы.
Этносаралық келісім тұралы ұғым
Қазақ елінің тәуелсіздігі – қазақ халқының тарихи ата –
мекенінде өзінің мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Қазақ
халқы – ұлттық мәдениеті мен тарихын, ұлттық қадір – қасиетін
жаңғыртуға деген табиғи ұмтылысы мемлекеттік тәуелсіздіктің
орнығуы мен дамуына негіз болуы тиіс.
Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында
қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің
біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім
мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен
бірге, этносаралық және дінаралық қатынастарды реттеудің тиімді
тетіктерін қалыптастыру саясатының нәтижесінде жетті.
Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым –
қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір
нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі
әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты
өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық
қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік,
тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты.
Модель ұғымы белгілі бір құбылыстың немесе процестің үлгісі,
схемасы дегенді білдіреді. Соған сәйкес ұлтаралық қатынастар
моделі полиэтникалық қоғамдағы этносаралық келісімге келу мен
оны дамытудың үлгісі болып табылады.
Қазақстанның баға жетпес жетістігі мен құндылығы ретінде тек
этносаралық келісімді ғана емес, сонымен бірге конфессияаралық
татулықты айтуға болады. Өйткені, көпұлтты Қазақстанда ұлттық
бірлікке қол жеткізу дінаралық келісімсіз мүмкін емес еді. Адамзат
тарихының адамдар арасындағы қарым – қатынастардағы мейлінше
күрделі болып табылатын саласы – дінаралық қатынастар. Сондай –
ақ, дінаралық қатынастарды реттеп отыру да өте қиын болатыны
тарихтан аян. Ал дінаралық қақтығыстар қатыгездігімен, бітіспес
өштесу және фанатизмге бой алдырушылықпен ерекшеленетіні де
белгілі. Сол себепті де дінаралық келісімнің маңыздылығы салмақты.
Діндер арасындағы келісімсіз диалог жүргізу мүмкін емес. Біздің
еліміз рухани өрлеуді қамтамасыз ете отырып, конфессияаралық
келісім мен толеранттылыққа қол жеткізе алды. Қазақстан халқының
рухани мүмкіндіктерін жаңғырту тәуелсіздік алғаннан кейінгі
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағытына
айналды. Қазақстан өркениеттер тоғысында орналасқандықтан түрлі
мәдениеттер мен діндерді жақындастыруда маңызды рөл атқарады.
Дәл осы Еуразия кеңістігінде әлемдік діндердің: ислам мен
христиандықтың шекарасы тоғысады. Еуразия құрлығында
мекендейтін халықтардың негізгі бөлігі осы екі әлемдік дінге сенеді.
Ал Қазақстанда ислам мен христиандықтың бейбіт түрде қатар өмір
сүруі елдегі ішкі тұрақтылықтың, татулық пен келісімнің кепілі.
Этносаралық қатынастың қазақстандық моделі діндердің
насихаттайтын адамгершілік құндылықтарына негізделген
қағидаларымен тоғысып жатыр. Кез келген діннің насихаты – адамзат
қоғамындағы береке – бірлікке, жеке адамға құрметпен қарауға сайып
келетіні белгілі.
Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінде тіл саясатының негізгі
ұстанымдары негізделген. Оның мәні – Қазақстанда қазақ, орыс
тілдері мен басқа этнос тілдерінің орны мен қызметі нақты
айқындалған. Еліміздегі тіл саясаты бойынша бірқатар мемлекеттік
құжаттар қабылданып, Конституцияда жарияланған бағыттың жүзеге
асырылуына барлық жағдайлар жасалған.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделінде мемлекеттік тіл
көпұлтты қоғам бірлігінің көрсеткішінде рухани әрі психологиялық
тұрғыда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік тілді меңгеру арқылы
Қазақ жерінде өмір сүретін барлық этностар өзін тұтас Қазақстан
қоғамының құрамдас бір бөлігі болуға рухани тұрғыда дайын
екендіктерін, болашағы Қазақстан халқымен етене байланысты екенін
көрсетеді. Сол себепті де, болашағын Қазақстан халқымен тығыз
байланыстыруға деген ұмтылыстың шынайы рухани дайындығын
анықтайтын басқадай нақты әрі айқын көрсеткіштің болуы мүмкін
емес.
Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы еліміздің аумағында
өмір сүретін барлық этностарға ортақ мәдени және рухани
құндылықтармен негізделген.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық,елжандылық,этносарал ық келісім туралы ұғым
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық,
«Азаматтық, қазақстандық
Азаматтық, қазақстандық, елжандылық, этносаралық келісім тұралы туралы түсінік
Елжандылық туралы ақпарат
Этносаралық келісім туралы ақпарат
Пәндер