Теріні жүннен арылту




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласынын Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Теріні жібіту.
Теріні жүннен
арылту Тексерген:Бауыржанова.А.З
Орындаған: Қайырбек Ж.С
Тобы: ТК-421

Семей 2015
ЖОСПАР:
Теріні жібіту
Консервіленген теріде мал денесінен жаңадан сыпырылған теріге қара ғанда
ылғалдылық аз болады. Жас теріде талшықтар суланған және еркін орналас қан,
ылғалдап тұздалған консервілеуде ылғалдың мөлшері аз болғандықтан
талшықтар жақын орналасады, ал құрғақ тұздауда жабысады.
Консервіленген теріде қан, лас, кір, лай қалдықтары болуы м үмкін, ал
ылғалды және құрғақ тұздалған теріде тұздың мөлшері көп болады.
Малдың үстінен сыпырылған жас тері дұрыстап жуылып, ары қарайғы
өткізілетін үрдістерде жақсылап өңделеді. Сондықтан өңдеу үрдістерінде
консервіленген терілерді мүмкіндігінше, малдың үстінен жаңадан сыпырылған
күйге жақындату қажет. Бұл операция жібіту деп аталады. Ол теріні суға салып
жібіту арқылы оның бойынан кір, лас, қан, лай қалдықтарынан және
консервілеген заттардан, яғни тұздан тазартуға негізделген.
Жібіту
үрдісі
Терінің жағдайы. Теріде лас, кір, лай және қанның болуы оның шіруін тудырады. Егер
тері жаман немесе бірқалыпты консервіленген болса, онда оларды жібіту біркелкі
жүрмейді. Консервіленген теріде ылғалдың мөлшері неғұрлым аз бол ған сайын, жібіту
соғұрлым партиясын ұзақ өтеді. Сондықтан, шикізатты ң өндірістік жа ғдайы беркелкі
терілерді таңдау арқылы жүргізу керек.
Жібіту суының температурасы мен
сапасы.

Суланған кезде тері ісінеді, оның
салмағы мен қалыңдығы жоғарылайды.
Ісіну дегеніміз тері талшықтарының
арасындағы кеңістікке судың бойлап енуі,
соның әсерінен олар біршама жылжиды да
терінің көлемі ұлғаяды.
Су теріге ақырындап сіңеді, әрбір қабат
суланады. Олар қалың болған сайын, тері
баяу суланады. Жібіту үрдісінде терінің
ісінуіне белгілі бір шамаға дейін ғана
рұқсат етіледі. Тым артық сулану терінің
негізгі ақуыздық заттарын жоғалтуға
әкеліп соқтырады, нәтижесінде
былғарының сапасы төмендейді, яғни
борпылдақ, беріктігі азаяды. Теріні
жеткіліксіз немесе тым артық сулау кезекті
былғарыны өңдеу операцияларының
жүруіне және соңғы өнімнің сапасына кері
әсерін тигізеді.
Шикізатты жібітуге арналған судың маңызы зор. Өзен,
көл суларында көптеген бактериялар болады.
Сондықтан, жібітуга арналған су таза, бактериялардан
тазартылған болуы тиіс, ал жібіту операциясы
неғұрлым қысқа мерзімде жүруі керек. Жылы
(20÷25°С) суға қарағанда, шамамен 2 ден 10°С дейінгі
температуралы суық суда бактериялар баяу дамиды.
Алайда жібіту суының температурасы төмен болған
жағдайда терінің сулануы өте баяу жүреді. Егер де
температураны 20°С дейін жоғарылатқанда, жібіту
үрдісі тездейді, бірақ бактериялардың да өміршеңдігі
біршама күшейеді. Сондықтан қалыпты жібіту
температурасы 16÷20°С, себебі мұндай температурада
теріні суландыру ұзақтығы азаяды және шіріткіш
бактериялар қауіпсіздігі азаяды.
1 кг жібітілетін теріге кететін су көлемі сұйықтық коэффициенті деп аталады. Ол
жібіту кезіндегі терінің салмағынан судың (сұйықтың) салма ғы қанша есе к өп
екендігін көрсетеді. Мысалы

Тері партиясының
салмағы 2000 кг
болса 8000 л суда
жібітіледі
Жібіту үрдісі кезінде суда көптеген
мөлшерде кір, лай жиналады, ол
бактериялардың дамуына оң әсерін тигізеді.
Сондықтан жібітуге мүмкіндігінше таза су
пайдаланған дұрыс, яғни кірленген суды таза
сумен ауыстырып отыру қажет. Суды ауыстыру
саны шикізатты консервілеу түріне, оның
сапасына және шикізаттың ластану дәрежесіне
байланысты анықталады.
Теріні суландыру үрдісін тездету үшін
әртүрлі механикалық операциялар
қолданылады.
Жібіту үрдісінің негізгі операциялары

жуу
01
сс 02 шелдеу

қырқу
03
04 жібіту
(суландыру)
Жуу - теріні ластан, кірден, қан қалдықтарынан және тұздан арылту. Терілер
барабандарда және баркастарда жуылады.
Шелдеу - теріні шелден
арылту, яғни малдың үстінен
сыпырылған теріде қалып
қойған тері асты шел
қабатынан, жарғақшадан,
сіңірден, еттен, майдан
арылту. Операция шелдеу
Қырқу - теріде қалған салмақ машиналарында орындалады.
бергіш қалдықтар (ет және
май кесіндісі, басқы және т.б.)
Обрядка қалыпта қолмен
жүргізіледі, шелдегіш немесе
тұйықтық қолданылады.
Жібіту (суландыру), яғни консервіленген терінің күйін құрылымы бойынша да,
суландыру дәрежесі бойынша да жас терінің күйіне жақындату. Және де жібіту
үрдісінде терідегі лас, кір, қан және тұз қалдықтарынан арылту тоқтайды. Жібіту
чандарда, барабан мен баркастарда орындалады.
Шикізаттың сулану сапасын және ластану дәрежесін пайымдау үшін жібітуден
кейін теріні өлшейді. Жібітуден кейінге былғары шикізатыны ң өндірістік
партиясының салмағы жібіту салмағы деп аталады.
www.PresentationPro.com
Жібіту үрдісі орындалатын барабандар

www.PresentationPro.com
www.PresentationPro.com
ТЕРІНІ ЖҮННЕН АРЫЛТУ

Жібіту үрдісінде суланған теріде жүн, қыртыс
және тері асты шел қабатының қалдықтары
болады. Тері талшықтарының өзара
аралықтары өзара талшықтық ақуыздық
заттармен толтырылған. Келесі өңдеу үрдісінде
теріні осы қалдықтардан, яғни жүн, қыртыс
және тері асты шел қабаты қалдықтарынан
тазартып, аралық талшықтық заттардан
арылтып, өзең қабатына илегіш ерітінділердің
енуі үшін талшықтар шоғырларын бөлу керек
және талшықты жұмсартып қопсыту қажет.
Теріні жүн мен қыртыстан арылту үрдісі
жүннен арылту деп аталады.
Жүннен арылтудың әртүрлі әдістері бар:

Жағу
www.PresentationPro.com
Теріні күлдеу
Күлдеу теріні жүннен арылту әдістерінің ең көп таралған әдісі.
Күлдеу үрдісінде сілтілердің әсерінен түк пен өзеңнің байланысы
әлсірейді, қыртыс бұзылады, талшықаралық ақуыздық заттар ериді
және жойылады, коллаген талшықтары қопсиды.
Күлдеу үрдісіне әсер ететін әртүрлі факторлар
Күлдеу сұйықтығында терілердің жату уақыты.
Температураның әсері

Ізбестпен күлдеу үрдісі кезінде терінің жүннен арылуы өте баяу
жүреді, мысалы, 170 сағат. Күлдеу үрдісіне әсер ететін ма ңызды
факторлардың бірі күлдеу сұйығының температурасы болып
табылады. Температураны жоғарылатқан кезде, ж үннен арылту үрдісі
жылдамдайды, алайда бұл кезде жарғақтық заттарды ң шы ғыны
болады да терінің шіруіне әкеп соқытарады. Сонымен берге
температураны жоғарылатқан кезде ісіну азаяды. Т өмен температурада
күлдеудің ұзақтығы өседі және коллагеннің еруі азаяды.
Сондықтан әдетте теріні күлдеу күлдеу сұйығының
температурасы 16÷22°С болғанда орындалады. Жаз мезгілінде
температура 22°С-ден жоғарылағанда әрбір 2°С үшін күлдеу
ұзақтығы қысқартылады. Кейде күлдеуді күлдеу сұйықтығының
температурасы 30°С дейін жоғарылағанда жүргізеді. Біра қ м ұндай
кезде күлдеу ұзақтығы сәйкесінше қысқарады.
Өткір күлдегіштердің әсері.

Күлдеуді температураны жоғарылатып қана
жеделдетуге болмайды, сонымен бірге өткір
күлдегіштер пайдаланады. Өткір күлдегіш ретінде
күкіртті натрий қолданылады. Күлдеу сұйықтығына
аз мөлшерде (0,5÷0,7г/л) қосылған өткір
күлдегіштер түкке зақым келтірместен теріні ж үнне
арылтуды жылдамдатады. Күлдеу сұйықтығында
күкіртті натрийдің артық болуы үрдісті
тездеткенімен, түктің бұзылуы болады, өте қатты
ісініп кетеді және көп коллаген жоғалтылады.
Механикалық әрекеттердің әсері.
Күлдеу сұйықтығындағы терінің әкті сіңіруі терінің жағдайына
байланысты. Егер тері бірінің үстіне бірі салынса немесе бірінен кейін бірі
нығыздалып ілінсе күлдеу үрдісі де қозғалыссыз қалады. Я ғни әкті
ерітіндінің оларға жетуі қиындайды да, теріге біртекті емес әсер етеді.
Осындай жағдайдың алдын алу үшін теріге және к үлдеу с ұйы қты ғына
механикалық әсер етеді. Түбінде тұнып қалған әк бөлшектері қайтадан
қозғалысқа түседі.
Қазіргі уақытта теріні күлдеу үшін айналмалы аппараттар - баркастар,
барабандар немесе аспалы барабандар және барабан-контейнерлер
қолданылады.
Мұндай аппаратта күлдегенде күлдеу сұйықтығы мен терілер
механикалық араласады, нәтижесінде ізбест әрдайым қоз ғалмалы к үйде
болады, бұл оның теріге сіңуін жеделдетеді және к үлдеу үрдісін
жылдамдатады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Әсенова Б.Қ. Былғары және мех технологиясы:
оқу құралы / А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей,
2008.

2.Мәдиев Ө.Қ. Былғары және тері технологиясы:
оқулық / Айтөленова Қ.Т. – Алматы,2010.

Ұқсас жұмыстар
Теріні жібіту. Теріні жүннен арылту
Жібіту үрдісінің орындалуы.Жүннен арылтудың мақсаты және тәсілдері.Теріні күлдеу
Былғары шикізатының тағайындалуы
Теріні өңдеу
Теріні қалай өңдеу керек
Былғары шикізатының ақаулары
Жібіту үрдістерінің орындалуы.Теріні күлдеу
Тері және оның құрылысы
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Пәндер