Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.
Орындаған: Шәймерден Балнұр Т - 413 топ
СӨЖ № 4
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару
мазмұны мен оны ұйымдастыру

Педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару. (Н. Д. Хмель)
Қазіргі заман мектебі - күрделі де кірітірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің ( директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу - тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың әс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Мектеп дегеніміз - мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады.
Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы.
Мектеп ұжымы
Басқарушы
Басқарылушы
Мектеп басшылығы;
Мұғалімдер
Оқушылар;
Оқушылар ұйымдары

Мақсаты: Мектеп құрылымын байланыстыру тәсілін анықтау, оның тұтастығы және ортамен өзара қарым-қатынастары арқылы мектептің интеграциялық жүйесін жасау.
“Өмір бойы білім беруді” жүзеге асыру жолында баршаға арналған білім беру жүйесінде вариативтік оқыту жолдарын көтеру арқылы білім алушылар мен ата-аналардың білім алу сұраныстарын қанағаттандыру;
Тәрбие жұмысын жетілдіру.
Білім беру мазмұны мен технолгияларын жетілдіру
Сапалы білім беруге қол жеткізу
Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығату
Оқу -тәрбие үрісінде отбасының міндетін нығайту
Басқару қызметінің мәні, мақсаты, міндеттері
Басқару - басқару жүйесінің жалпы заңдылықтары және мәліметтерді өңдеу, алу, беру арқылы жүзеге асады.
Л. М. Плахова
Мектепті басқарудың басты мәні - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата - аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
Міндеттері:

Ғылыми-әдістемелік кеңес жұмысының құрылымы
Конференция, мектеп кеңесі, пед кеңес, директор жанындағы кеңес, экономикалық кеңес, эексперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы
Кафедра, бірлестік, топтар, мәжілістер
Функционалды қызмет жетекшілері жанындағы кеңестер
Мұғалімдер кеңесі
Әдістемелік (ғылыми әдістемелік) кеңес, дирекор орынбасары жанындағы кеңес,
Ата-аналар комитетінің жиналыстары
Оқушылар комитетінің жиналыстары
Үйлестіру кеңестері
Кафедралар
Бастауыш білім беру
Қоғам дық гуманитралық білім беру
Жаратылыстану-математика білім беру
Эстетикалық білім беру
Психологиялық білім беру
Мектеп директоры
Білім мониторингі, маркетинг орталығы
Функционалды қызмет жетекшілері
Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әр түрлі топ жетекшілері
Директордың орынбасарлары
Ата-аналар, жұртшылық өкілдері
Мұғалімдер, сынып жетекшілері, үйірмелер, қоғамдар жетекшілері
Басқару органдарының құрылымы
Ақпараттық білім беру орталығы
Басқару-ұжымды, топты, жеке адамды тәртіпке салу, сапалық ерекшелікті
сақтау, жетілдіру және дамытуға ықпал жасау, шаралау кешені
В. Г. Крысько

Педагогтар пікірі:
«Басқару - мектеп ішіндегі « психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік» сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Г. И. Шукина.
Басқару - мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті.
М. М. Поташник

Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы

Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады.
Мектеп директорының міндеттері
оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
мектептегi қажеттi санитарлық-гигиеналық тәртiптi орнату, оқушылардың, мұғалiмдер мен мектептiң қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттiң басқа да түрлерi барысындағы еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;
мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;
Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;
оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметі мен міндеттері:
мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;
мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;
оқушылардың оқу көлемін реттеу;
әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т. б. ) ;
оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;
оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz