Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық мәселелер


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті СӨЖ

Орындаған: Нұғманова. Б

Тобы:

Тексерген:Мурзалимова. А. К

Slide 2

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.

Slide 3

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек» деген ойда болады. Айта кету керек, ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі философ Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде « . . . біз табиғатты жеңдік деп шаттанбайық, себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін алып отырады. Осындай жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге, дағдарыстарға әкеліп бұл жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы Эпикур - «Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс . . . » - депті.

Slide 4

Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады.

Slide 5

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады

Slide 6

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Экология - бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы. Ол қоршаған ортаны кесапат жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» (73-74 баптар), ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген.

Slide 7

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің міндеттеріне табиғат туралы, оның тұтастығы және қоғаммен бірлігі хақындағы ғылыми негізделген білімді меңгеру, оған ықпал етуге байланысты туындайтын практикалық шараларды дәлелдеп орнықтыру, қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығы шексіз екенін ұғындыру, табиғи ортада дұрыс жүріп-тұрудың нормаларын сақтау, табиғат пен сырласа білу қабілетін дамыту, табиғат пен қайта түлеген ортаны жақсарту жөніндегі қызметті сауатты ұйымдастыру жатады. Міне, осы міндеттерді шешу жастардың экологиялық білімін арттырып, олардың табиғатқа деген қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталады.

Slide 8

Қоғамдық ой санада әлі күнге дейін табиғатқа қарым-қатынас, жаулап алу, бұзып қиратып пайдалану орын алып келеді. Сондықтан да жаңа ой-сананы, экологиялық білім беру концепциясына сүйене отырып дамуы қажет.

Slide 9

Ерекше қорғалатын территориялар- қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі

Slide 10

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б. ) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Slide 11

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы; табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар. Ал қорықтарда оған тыйым салынған.

Slide 12

Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1, 5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

Slide 13

Үстірт қорығы Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223, 3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм) . Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қойдың ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Экологиялық тәрбие берудің мазмұны
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz