Гаусс-Крюгер проекциясы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
CӨЖ №6
Гаусс-Крюгер
проекциясы
ОРЫНДАҒАН: СЕМБАЕВ Е.
ТОБЫ: ГК-407
ТЕКСЕРГЕН: АУБАКИРОВА С. М.
Семей 2015 ж.
ТІК БҰРЫШТЫ ЖАЗЫҚ
КООРДИНАТАЛАР
Тік бұрышты жазық координаталардың шартты
жүйесі жергілікті сипаттағы геодезиялық барлау
жұмыстарының жобаларын барлауды жүргізетін
жерде бөлу кезінде қолданылады.
Жер бетінің едəуір территориясын жазықтықта кескіндеу үшін
нүктелерді эллипсоидтың бетінен белгілі бір математикалық
заңдылық бойынша жазықтыққа көшіруге мүмкіндік беретін
картографиялық проекциялар қолданылады. Геодезияда
бұрыштардың мəнін бұрмаламайтын тең бұрышты немесе
конформдық проекция қолданылады. Эллипсоидтың едəуір
көлемді бетін кескіндеген кезде үзындықтың бұрмалануын
азайту мақсатымен оларды жеке аймақтарға (зоналарға)
бөледі. Бұл кезде олардық əрқайсысы тік бұрышты
координаталар жүйесіндегі жазықтықта кескінделеді.
Тік бұрышты жазық координаталардың жалпы мемлекеттік жүйесінде жер
бетіндегі нүктелердің орындары жазықтықта х, у тік бұрышты
координаталарымен анықталады. Олар жазықтыққа Гаусс-Крюгердің тең
бұрышты көлденең-цилиндрлі проекциялау заңы бойынша
проекцияланады (4-сурет). Сонда жер эллипсоиды бойлықта əрбір 6° сайын
меридиандармен 60 зонаға бөлінеді, олар полюстен полюске дейін
созылады. Зоналардың нөмірлері батыстан шығысқа қарай Гринвич
меридианынан жүргізіледі, ал Гринвич меридианы бірінші зонаның батыс
шекарасы болып саналады. Əрбір зонаның ортадағы меридианы осьтік
меридиан деп аталады.
Шығыс жарты шарындағы кез келген зонанын осьтік
меридианының бойлығы мына формула бойынша анықталады
l= 6N -30
мұндағы N — градустық зонаның нөмірі.
Зонаның осьтік меридианы
экватор жазықтығында өзара С
перпендикуляр сызықтармен
кескінделеді. Осьтік меридианның
кескіні X осі, ал экватор — У осі
болып қабылданады. Осьтік
меридианның экватормен
қиылысқан жері əрбір зонадағы
координаталардың басы болып
саналады. Абсциссалар
экватордан солтүстікке жəне
оңтүстікке қарай, ал ординаталар
осьтік меридианнан батысқа жəне
шығысқа карай саналады.
Қазақстан территориясы экватордың солтүстік жағында орналасқан,
сондықтан абсциссалардың мəні барлық уақытта оң болады. Бірақ
ординаталардың теріс мəнінен туатын колайсыздықтан құтылу үшін
осьтік меридианның ординатасын 0-ге емес, 500 км-ге тең деп
есептеу келісілген. Бұл шама осьтік меридианнан алты градустыº
зонаның шегіне дейінгі (шамамен 330 км) ең үлкен ара қашықтықтан
артық, сондықтан ол зонаның барлық нүктелерінің ординаталары
мəнінің оң болуын қамтамасыз етеді.
Əрбір зонада координаталардың сандық мəндері қайталанып
отырады. Нүктелердің координаталары бойынша оның 60
зонаның қайсысына жататынын анықтау үшін ординаталардың
сандық мəнінің алдына осы нүкте орналаскан зонаның нөмірі
қосымша жазылады. Мысалы, егер А жəне В (4в-сурет) нүктелері
7-зонада орналасқан болса, онда олардың координаталары
мынадай мəнге ие болады: ХА =6090 км, УА =7430 км, Хв = 5020
км, Ув =7210 км.
Координаталық осьтер мен тік бұрышты координаталар
басының əрбір зонада толық анықталған географиялық
орны болатындықтан тік бұрышты және геодезиялық
координаталар жүйелері өзара байланысты болады. Ендеше
нүктенің тік бұрышты координаталарын геодезиялық
координаталарға есептеп шығаруға жəне қайтадан
керісінше жасауға, сонымен қатар нүктенің тік бұрышты
координаталарын бір зонадан шектес зонаға есептеп
шығаруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік
Картографиялық проекция – топографиялық
карталар жасауға және триангуляция
деректерін өңдеуге пайдаланылады.
Конустық проекциялар – параллельдері
концентрлік шеңберлермен, меридиандары
ортогональдік түзу сызықтармен
кескінделетін проекциялар. Бұл
проекцияларда бұрмалану бойлыққа
байланысты болмайды, сондықтан
параллельдер бойымен орналасқан
аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді,
сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де
қолданылады.
НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Игильманов А. " Инженерлік геодезия "
2. Нүрпейісова М.Б. «Геодезия», оқу-құралы. ГИК,
1993ж. 118б.
3. Маслов А. В., Гордеев А. В., Батраков Ю. Г.
Геодезия - М.: КолосС, 2006.
4. Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы:
«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005.
5. Клюшин Е. Б., Михелев Д. Ш., Киселёв М.И.,
Фельдман В.Д. Инженерная геодезия.— М.: Высш.
шк., 2000.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz