Сайтқа презентация қосу

Жанат тәрізді иттер

Жанат тәрізді иттер

1. жанат тәрізді иттер 2. жанат тәрізді иттер дамуы 3. Көбеюі. Буаздық.

Жоспар:

жанат тәрізді иттер-мамық ұлпа деп аталады немесе уссуриялық жанат деп те аталады.Олардың отаны Ресейде Приморье өлкесімен, моңғолия,қытайдың солтүстігінде.

Жанат тәрізді иттердің өсіп - өну физиологиясы.
Жанат тәрізді иттер 10 – 11айында жыныстық қатынысқа түседі және 4 – 5 жылға дейін жақсы көбейеді. Қаңтар айының екінші жартысынан наурыз айының аяғына дейін шағылысу болады. Жанат тәрізді иттердің орташа туу мөлшері 8 – 9 күшік. Кейбіреуінде 19 күшікке дейін тууы кездескен. Орта есеппен бір аналыққа шаққанда 5 – 5,2 күшік

Жанат тәрізді иттер кү – қыс айында (қараша – желтоқсан) қозғалысы төмендеп, олар қысқы ұйқыға кетеді. Бақылау бойынша жанат тәрізді иттер ұзақ уақыт бойы іннен шықпай, тамақ ішпей жатады. Қазіргі кезде көпшілік жерде бұл жанат тәрізді иттерді жыл бойы тамақтандыра береді, қыс айларында аздап азайтады.

Жанат тәрізді иттердің ұрғашылары активті келеді, сондықтан олар күніне 2рет шағылысады. Жыныстық қатынас кезінде ұрғасысы арқасымен жатады (созылуы 2 – 3 мин – 15 – 20мин дейін) Айқасудан шыққан аналық буаз деп есептеледі. Жүктілік мерзімі орташа есеппен 61күн (58 – 63 күн). Бұл кезде күтімге алып, қарау үшін торға отырғызады. Жүктілік кезінде аналығының көңіл күйі өзгереді, олар көбінесе торда көп қимылдамай отырады, кейде адамдарды көргенде қарсы мінез көрсетеді. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде үйшігін дайындай бастайды. Астына ағаш ұнтағын салады, үстіне шөп салып, ұя жасайды. Күшіктеуге 1 – 2 күн қалғанда тамақ ішуін тоқтатады. Күшіктер кезінде омырауын жүннен тазартады.

Жанат тәрізді иттердің күшігін сақтау шаралары да түлкілердікі секілді: оларға аскорбин қышқылы мен глюкоза ертіндісін беріп, тонып қалған жағдайда жылыту керек. Егер күшіктері көп болып анасының сүті жеткіліксіз болса, кейбір күшіктерін басқа сүті жеткілікті аналықтың бауырына салады. Сүтті жанат тәрізді иттер 8 – 9 күшікке дейін емізеді. Егер ерекше сүтті иттер 12 күшік емізеді. Жаңа туған күшіктердің салмағы 80 – 120гр болады. Салмағы аз болып туса жағдайы төмендейді. Еркек күшіктер, ұрғашыдан үлкендеу болып туады.Күшіктері қысқа қара жүнді болады.Көздері көрмей туады,тістері жоқ,құлақтары жоқ.Көздері 6-8 күннен кейін ашылады.Тістері 13-15 күнде өседі.Осы уақыттан кейін қосымша тамақтанады.Сүйек қалпында беруге болады.Сүт тістерінің тұрақты тіске ауысуы мерзімі 2,5-3 айда.Жаңа туған күшікті 35-46 күнде суалтады.орынды ықшамдау үшін бір ғана күшікті аналықтарының жанында қалдырады., ал қалғанын жұбымен жібереді.

Күшіктер тез өсе бастайды. 1айлығында салмағы 800 – 900гр, 2айлығында 2,3кг, 3айдығында 4,5 – 5кг, 4айлығында 6,5 – 7,5кг, 5айлығында 9 – 10кг. Күшіктерінің салмағы кейбір үлкен аңдар сияқты енесінің жағдайына қарай, күтіміне қарай өзгеріп тұрады. Кем туған күшіктер күтімі төмен болса, тамақтануы нашар болса, ерте туғандарға қарағанда салмағы 25 – 30% кем болады. Қылшық жазғы жүнмен, қысқы жүнінің өсуі қыркүйек айында басталады да қазанның екінші жартысында тезірек өседі. Қазанның аяғында – қарашаның басында арқасындағы, жамбасындағы, құйрығындағы жүндерін тексеру керек. Аңдарды торға отырғызғанда астына ағаш төсеніш салу керек, өйткені аяз болғанда табанын, жыныс мүшесін үсітіп алуы мүмкін. Жанат тәрізді иттерді өсіру әдістері қазір өзгерген. Түлкі мен қарсақтарды қалай өсірсе, жанат тәрізді иттерді де сол әдіспен өсіреді.

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.Балакирев Н. А., Кузнецов Г. А.Б20 Звероводство. — М.: КолосС, 2006. — 343 с. 2.Берестов В.Л. Научные основы звероводства. Л.: Наука, 1985. 3.Тинаев Н.И. Разведение пушных зверей. М.: ЭКСИМО - Пресс, 2001 4.Интернет


Пән: Ауыл шаруашылығы


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь