Оқу әдістері және құрал жабдықтары туралы ақпарат


Slide 1

Орындаған : Шаймерден Б. А.

Т - 413 топ

Тексерген : Тұрғамбаева Б. Ш.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.

СӨЖ № 2

Оқу әдістері және құрал жабдықтары

Slide 2

Өздік жұмыс барысында қарастырылатын сұрақтар :

Оқу әдісі ұғымы туралы мәліметтер.

Педагогикалық оқу әдістерін топтастыру және олардың түрлері мен ерекшеліктері.

Оқу құрал - жабдықтары.

Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу.

Slide 3

Оқу әдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл тәсілдері.

Slide 4

1. Дүниеге көзқарастың өзіне тән ерекшеліктері.

2. Философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі.

3. Конфуций іліміндегі адам мәселесі.

4. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

5. Орта ғасыр философиясындағы діннің рөлі мен орны.

6. Араб- түрік философиясындағы даналық пен әділдік мәселесі.

7. Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі.

Жоспар:

Оқу əдістері - тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу əдістері де өзгеріске келеді.

Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) - оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.

Оқу əдісі - білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері.

Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы осы оқу əдісінен көрінеді.

Slide 5

Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған:

Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.

Оқу әдістерін дидактикалқы мақсатқа орай топтастыру

Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру

Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру

Slide 6

1. Оқу әдістерін дидактикалқы мақсатқа орай топтастыру

Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім әрекетіне көп көңіл бөлінеді.

Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер:

Білім жинақтау әдісі;

Ептілік және дағды қалыптастыру әдісі;

Білімді қолдану, пайдалану әдісі;

Білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері.

Slide 7

Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған:

2. Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру

Сөз

Көрнекілік

Іс әрекеттік

білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді

білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар

білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады

Slide 8

Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі.

Олар-əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәріс (лекция), кітаппен жұмыс.

Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа с өздік əдістерден өзгешелігі - қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді.

Əңгімелеу - оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.

Сұхбат - оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.

Түсіндіру - бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу.

Slide 9

Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми -теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз -жарысының басты қызметі - шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.

Қазіргі кезеңде дәрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.

Slide 10

Кітаппен (оқулықпен) жұмыс әдісі - кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі -оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.

Slide 11

Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:

Конспектілеу

оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;

Тезистер түзу

негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;

Реферат құрастыру

тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;

Мәтін жоспарын жасау

мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін;

Сілтемелер беру,

(Цитирование)

мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру;

Түсініктеме беру, аннотация

оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба) ;

Пікір беру (рецензирование)

оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазбаша баян.

Анықтама (справка) түзу

ізденіс нәтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т. б.

Slide 12

Білім көзіне орай топтастырудың жəне бір реті - бұл көрнекілік əдістер. Көрнекі əдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тəуелді. Бұлардың бəрі оқушының сезім тетіктеріне ықпал жасауға негізделіп, сөздік жəне практикалық əдістермен бірге пайдаланылады.

Slide 13

Жаттығулар - материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.

Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді.

Бұлардың басты міндеті -тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.

Slide 14

3. Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру

Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді.

Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады:

түсіндірме - көрнекілі (ақпаратты - рецептивті, іштей түсіну),

қайталай жасау (репрадуктивті),

проблемді баяндау,

бөлшектеп ізденіс (эвристикалы)

зерттеу.

Slide 15

Түсіндірме - көрнекілі əдістің мəні - оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.

Slide 16

Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді. Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.

Slide 17

Проблемді оқыту әдісінің

ерекшеліктері.

Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні - оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады.

Slide 18

Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады. Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.

Оқудың зерттеу əдісі - оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.

Бұл əдістің бір кемшілігі - көп уақыт жұмсауды талап етеді.

Slide 19

Оқу құрал - жабдықтары

Оқу əдістері белгілі оқу


Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістері
Оқу әдістері мен құралдарын іріктеу
Мультимедиа технологиялары
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІ
Оқыту әдістері мен құралжабдықтары
Оқыту әдістері мен құрал жабдықтары
Әдіс дегеніміз не
Оқу әдістері және құрал­жабдықтары
Көрнекі құрал - таным құралы
Дене тәрбиесінің әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz