Тәрбие әдістерінің түрлеріне анықтама беру, кесте түрінде көрсету


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.

СӨЖ № 3

Тәрбие әдістері

Орындаған : Шәймерден Б. А.

Т - 413 топ

Slide 2

СӨЖ тапсырмасы:

Тәрбие әдістерінің түрлеріне анықтама беру, кесте түрінде көрсету.

Slide 3

Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие әдістері - тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан - салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан - жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.

Slide 4

Тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы

болып табылады.

Slide 5

Әдістер түрі сан - алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шәкірттерінің білімділік күш - қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог әрекетіне тәуелді.

Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп әдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйегенді тәуір көреді.

Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз

болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші (ұстаз)

әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келер

көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол табыспен,

жылдам жеткізетін жаңа әдістерді іздестіруге

тырысады.

Slide 6

Тәрбие әдістерін қолдануда педагогикалық және психологиялық талаптар ескеріледі:

сөздің өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;

оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіру, жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлдеқандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;

жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, сезімнің атқаратын ролін айқындау;

оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез - құлық қасиеттеріне арқа сүйену, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;

мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата - ананың әңгімесіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;

әр баланың көңіл - күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қысылатындай, өзін - өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;

сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде, үздіксіз қолданғанда және балалардың сана - сезімі, тәжірибесі, білімі көзқарасы мен жас өзгешеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбие ісі нәтижелі болады;

үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.

Slide 7

Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:

тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;

тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;

тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;

тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.

Slide 8

Тәрбие әдістерін құрастыру, таңдау және дұрыс қолдану - педагогикалық шеберлік шыңы.

Тәрбие әдісі - көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан - алуан.

Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді.

Slide 9

Тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:

1. Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

2. Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

4. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

3. Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер

Slide 10

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.

Әдіс түрі

Сипаттамасы

Этикалық әңгіме

Этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды.

Пікірталас

Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді.

Сендіру

Оқушының тек қана санасына, сезіміна ықпал жасау ғана емес, әрі оның мінез - құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді. Сендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі - ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады

Көз жеткізу

Тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.

Қоғамдық пікір

Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.

Slide 11

Түсіндіру. Оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылумен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар - намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта - ықылас, ерік - жігер т. б. туралы түсіндіріледі.

Slide 12

Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары.

Бұл әдістің негізгі мәні - теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы өмірде меңгере бастаған мінез - құлық, іс - әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.

Slide 13

Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез - құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.

Жаттығу әдісінің құндылығы мынада: педагогикалық процесте тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары тәрбиешінің талаптарын орындаумен ғана емес, ең алдымен, осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адам игілігіне қажет еңбегімен көріне алатындығында.

2. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері.

Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.

Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды, сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.

Slide 14

Аталған әдістің төмендегідей түрлері бар:

Әдіс түрі

Сипаттамасы

Жаттығу әдісі

Мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Жаттығу әдісінің педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ойын әдісі

Бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады.

Slide 15

Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.

Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.

Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.

Slide 16

Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез - құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.

Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігіне сезінуіне, өзінің мінез - құлқы мен көңіл - күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез - құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез - құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады.

Мадақтаудың түрлері өте көп. Мектеп тәжірибесінде мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру сияқты түрлері бар.

Slide 17

Жазалау - педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына ерекше ептілікпен әрі ойланып қарауы тиіс.

Жазалау баланың жағымсыз мінез - құлқы мен іс - әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.

Slide 18

оқушыға жаза қолданғанда талап қоя білу және оқушының басына құрметпен қарай білу принципін ұштастыру керек;

жазаның еш уақытта кек алу, баланың жеке басының адагершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауын ескеру керек;

Жазалау әдісін қолдануда ескерілетін кейбір талаптар:

жаза қолдануда әділеттілік қажет. Әділетсіз және негізсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, олардың ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;

жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау жазалаудың тәрбиелік тиімділігін арттыра түседі;


Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиялар
Тәрбиенің жалпы әдістері
Оқыту әдістері ( СӨЖ )
ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Терезені оңға айналдыру батырмасы
Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ТУРАЛЫ
Педагогикалық тәжірибе
Сендіру Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz