Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі



Семей қаласындағы
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тексерген: Жакпарова Г. А
Орындаған: Қалыбаева Эльмира Е- 413 топ студенті
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі

Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.

Н. Ә. Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы - отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.






Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз - әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. Себебі баланың барлық арманы әкенің арманымен ұштасады. Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады.
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі». Бұл жағынан алғанда ұтарымыз көп. Бірақ әкелердің бәрі бірдей ұлына үлгі болып жатыр ма? «Бес саусақ бірдей емес». Әкелердің де түрлі-түрлісі болады. Шешелердің де түрлі-түрлісі болады. Баласының тағдырына, отбасының қамына жүрдім-бардым қарайтын әкелер болады. Үй болғандарына көп болмай жатып ажырасып, баланың обалына қалып, соның тиісті алименттік төлемін төлемей, бой тасалап, табысын жасырып жүретін әкелер де бар.

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы - ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды

Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшантеңіз ой жатыр. Ана - әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, анна құшағына еніп, анна мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де - «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл - ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

Ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ананың қадірі жайлы ерекше айтылған. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы - Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Анасының аяулы алақанында өскен бала мейірімді, өнегелі, тәрбиелі, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіне сенімді азамат болып жетіледі. Ал егер анасы болмаған жағдайда баланың дәл осылай өсуіне кепілдік беру қиын. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, алайда бұл өмір шындығы. Себебі ана баланың ішкі жан дүниесінің трегі. Анасыз баланың жан дүниесі пісіп жетіледі деу әрине қиын.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz