Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық
түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар
енгізу.
Тобы: ВС – 403
Орындаған : Жансолтанова А.А
Тексерген : Мурзалимова А.К.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және
азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты
технологиялар енгізу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бірлестіктер экологиясы және
экожүйедегі энергия
Популяцияның , табиғи бірлестіктердің ж әне экож үйені ң бір -бірімен өзара
және қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін экология б өлімін
синэкология деп атайды. Бұл терминді ұсын ған швейцариялы қ ботаник
К.Шретер болды.Синэкологиядағы «син» деген с өзді ң өзі «бірге»,
яғни бірлесіп,қауымдасып тіршілік ету деген ма ғынаны
білдіреді. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халы қаралы қ ботаникалы қ
конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология
қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен
синэкологияның зерттейтін нысандарыны ңқұрамына микроорганизмдер,
саңырау құла қтар ж әне жануарлар жат қызылды. Қазіргі
уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек,
кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялы қ сан алуан тіршілік,
биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдерді ң бір-бірімен
қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. к өптеген м әселелерді
зерттейді.
В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің т ұрақты дамуы онда ғы тірі
заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің н әтижесі екенін айт қан
болатын. Өйткені, тірі заттардың элементтері қоршаған таби ғи орта ға т үсіп, одан со ң
тірі организмдер арқылы қайтадан айналым ға т үсетіні белгілі. Осылайша әрбір элемент
тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соны ң н әтижесінде жер бетінде
тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценозда ғы биогенді айналымды
жүзеге асырады. Жоғарыдағы әлемдік биологиялық айналым үшін энергия ауадай
қажет. Оның негізгі көзі – автотрофты (жасыл өсімдіктер ) организмдер сі ңіретін к үн
радиациясы. Күн энергиясы биоценозда үнемі әрекет етеді. К үн энергиясыны ң, зат
айналымының ерекшелігі сол, ол үнемі ж ұмсалып отырады. Ал, зат айналымы тек бір
деңгейден екінші деңгейге ауысып отаратыны белгілі. Мысалы, к үн энергиясыны ң 30 %
атмосферада сейілсе, 20 % атмосфера қабатында сі ңіріледі де, ал 50 % құрлы қ ж әне
мұхиттар бетіне жылу ретінде сіңіріледі. Тек күн энергиясыны ң 0,1-0,2 % ғана биосфера
шегіндегі жасыл өсімдіктер үлесіне тиіп, әлемдік зат айналымын қамтамасыз етіп
отырады. Оның жартысы фотосинтез процесі кезінде өсімдіктерді ң тыныс алуына
жұмсалып, ал қалған бөлігі қоректік тізбектің желісіне т үседі.
Энергия – материяның барлық түрлерінің қозғалысы мен
әрекеттесуінің сандық ортақ өлшемі, табиғаттағы барлы қ
құбылыстардың өзара байланысты болуы осыдан. Жүйедегі энергия
жұмыс істелген кезде өзгереді.
Термодинамиканың бірінші заңы – энергияның сақталу заңы
былай дейді: табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды ж әне
жоғалып кетпейді, ол тек бір түрден келесі түрге айналады. Б ұл
өзгерістер кезінде энергия мөлшері өзгеріп отырады. Таби ғатта ғы
барлық процестер осы заңға бағынады. Термодинамиканы ң екінші
заңы бойынша энергияның бір бөлігі әрқашанда пайдалану ға
келмейтін жылу энергиясы ретінде шашырап кететіндіктен,
кинетикалық энергияның (мысалы, синтезделуші органикалы қ
заттардың химиялық байланыстар энергиясына) айналу
эффективтілігі әр уақытта 100%-дан кем болады.
Табиғи қорлар және оларды тиімді
пайдалану
Адам күрделі табиғат қоғам
жүйесінің бір бөлігіне
жатады.Қоғамның материалдық,
мәдени, тағы да басқа мұқтаждығын
қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде
немесе болашақта қолданылатын
табиғи ортаның құрауыштары мен
табиғи құбылыстарды табиғи қорлар
деп атайды. Оларға атмосфералық ауа,
су, топырақ, кен байлықтары, күн
радиациясы, ауа райы, өсімдіктер
және жануарлар әлемі, жер
қабатындағы жылу энергиясы және
т.б. жатады.
Табиғи ресурстар
Сарқылатын Сарқылмайтын
Су,атмосфералық ауа
Су,атмосфералық ауа
(сапалық және
(мөлшерлік түрде)
жергілікті тұрғыдан)
Қалпына келмейтін Ауа райы (климат)
Қалпына келетін (тірі
(қазбалы шикізат,
организмдер)
жанғыш қазбалар)
Космостық
Салыстырмалы
қалпына келетін
(топырақ, ағаш) Жер қойнауындағы
энергия
Жойылатын Таралатын
Табиғи қорлардың жіктелуі:
Қол жетерлік (іске асатын немесе нақтылы және
потенциалды)
Пайда болуы (табиғи, антропогендік)
Химиялық табиғаты (органикалық, минералдық)
Көздері мен орналасуы (жер,су, кен, өсімдіктер,
орман)
Қолдану міндеттері (өнеркәсіп, ғылыми,
эстетикалық,рекреациялық)
Пайдалану өрісі (энергетикалық,шикізат, тамақ)
Табиғат ресурстарының дұрыс пайдалану мәселесі жылдан-жыл ға
өзекті болып отыр.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және
оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жинал ған
жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдарды ң
жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды
пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барлы қ м ұнай
қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50 жылға,көмір - 70-80 жыл ға
жетеді.
Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық саныны ң
қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда
ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену
керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып
отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералды қ
ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына
7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл
болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері
өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда
өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды
пайдалану жылдамдығы ерекше назар
аударады.Себебі,олар энергия мен көптеген азық-түлік
алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен
қатар,оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік
эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын Б.Скиннер
атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір
мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір
қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында
(алюминейден кейін). Оны пайдалануды ң қиынды қтары,
олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда
болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді
қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен
ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану
негізінен технологиялық процесте кокстың
пайдаланылуымен байланысты.
Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша ж әне
табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр т үрлі
экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уа қыт
кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераны ң тере ң де жан-
жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай
зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт
аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қорша ған
ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзатты қ
көрінісін береді.Мониторингтың мынадай түрлері бар:
Санитариялық -улылық мониторинг
Экологиялық мониторинг
Биосфералық мониторинг
Ғарыштан бақылау жасау
Санитарлық-улылық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайларын, е ң
алдымен зиянды заттар, ұсақ ағзалар және паразиттерді ң ластандыру
дәрежесін бақылау, осы ластанудың адамға, жануарлар мен өсімдіктер
әлеміне және қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі
(биогеоценоздардағы) және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу,
сондай-ақ су, жер және өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау.
Табиғи кешендер, биогеоценоздар, биосфераны құрастыратын жеке
құрамбөліктердің бұзылу дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын
қозғалысы бойынша бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін ж әне
сипаттарын салыстыру жолымен анықтайды.
Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі,
атмосферада көмір қышқыл газының, озонның,жылудың болуы және оны шаң басу
дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы,
құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы,
ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді.
Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен
биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озон қабатының, радиациялық
аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға
мүмкіндік береді.
Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны,
қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкен кеңістіктердегі өсімдік
жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе басқа зиянкестерді ң үлкен
зиян келтіруі тәрізді ірі табиғи құбылыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай
құбылыстар туралы ақпараттар шынайы уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі
мен халықаралық экологиялық ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын
жою немесе бәсеңдетуге тез және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Ғарыштық мониторингтен басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұған әр түрлі ұшу
құралдары (ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар
да пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера жағдайына
тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған ақпараттар
барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық арнаулы экологиялық
мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының құрылуы арқасында
табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін болады.
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық
жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Әлем халықтарының демографиясы — Жер шарын мекендеген ұлттар
мен ұлыстардың өсіп-өну деңгейі мен даму сатыларын, оларды ң болаша қта сан
жағынан көбею мүмкіншілігін зерттеп, ғылыми болжамдар жасайтын жан-
жақты ақпараттық жүйе. Әлем халықтарының демографиясын зерттейтін
мемлекетаралық ұйымдар қатарына БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ, әлемдік
денсаулық ұйымы (ВОЗ), Әлемдік азық-түлік ұйымы (ФАО), БҰҰ-ның
демографиялық дамуға әсер ету ұйымы (ЮНБА), Парламент
мүшелерінің демография мәселелері бойынша әлемдік комитетті (СМРД), Елді
мекендер жөніндегі Халықаралық Хабитат ұйымы, Халықтарды ң өсіп- өнуін
жоспарлау мен реттеу жөніндегі әлемдік ұйым (ВДНП) т.б. жатады
2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Жер ғаламшарындағы адам саны
7,2 миллиардқа жетіп отыр.
Бір жылдың ішінде, яғни 2013 жылы адам саны 77 630 563-ға (немесе 1,1% -ға)
артқан екен. Мұндай статистиканы ұсынып отырған – АҚШ-тың көшірме бюросы.
Ғаламшар тұрғындарының санын көбейтуге ең көп ат салысқан – Үндістан
халқы. Олардың саны 15,6 миллионға көбейген. Үндістан осылайша өсу жөнінен
Қытайды, Нигерияны, Пәкістанды және Эфиопияны артқа қалдырды.
АҚШ тұрғындарының саны 317, 3 миллион, Ресей халқы 143,5 миллион болса,
2013 жылдың қазан айындағы есеп бойынша, Қазақстан халқының саны 17 075,7
мыңды көрсеткен. Оның ішінде қала халқы – 9 384,6 мың (55%), ауыл халқы – 7691,1
мың (45%) екен.
XXI ғасырдың ортасында халық саны 15%-ға қысқаратын елдердің
қатарында Украина, Ресей, Белорусия, Болгария, Куба, Румыния бар.
Ал халық саны жөнінен әрдайым көш бастап келе жатқан Қытай және Үндістан
2028 жылы 1,45 миллиард адамға жетіп, теңеседі. Сонан кейін қытайлықтар азайып,
үндістер керісінше көбейе түседі деген болжамдар жиі айтылып жүр.
Қазіргі таңда Үндістан мемлекеті халық саны жағынан әлемде екінші орында тұр.
Нақтырақ айтсақ, Үндістандағы жалпы халық саны – 1,21 млрд адам. Бұл Жер
планетасының 17%-ын құрайды. Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын, Ұлыбритания
бодандығынан босап, өз тәуелсіздігін жариялаған жылдары Үндістанның халық саны
350 млн. адамды ғана көрсеткен екен. Алпыс жыл ішінде үндістандық азаматтардың
саны үш есеге өскен.
Ал Жер тұрғындарының қартаю үрдісі бірнеше жыл бойы бір қалыпта
болатындығымен, 2100 жылы 60 жастағы адамдардың саны 3 миллиардқа жетеді деп
күтілуде.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда халық саны 16
млн 954 мыңға жетіпті. Ал 1920 жылы елімізде не бары 4
миллион 400 мың халық болған. Оның 7 %-ы қалада, 93
%-ы ауылда тұрған екен. Қазақстанда 1989 жылғы халық
санағында 16199,2 мың адам тiркелген, оның 57%-ы
қалада, 43-і ауылда тұрған. Ал қалада тұратын ерлер
48,5%, ауылда тұратын әйелдер саны 51,5%
болған.Тәуілсіздік алғанға дейiн Қазақстан халқының
демографиялық жағдайы - тұрғындар санының ұдайы
қарқынды өсуiмен, қалада тұрушылар үлесiнiң шұғыл
артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен,
халық тығыздығының бiркелкi болмауымен
сипатталды.Бүгінгі таңда ресми статистикалық мәлiмет
бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елдi
мекендерде, 44%-ы ауылдық елдi мекендерде
тұрады.Халық санының тығыздығы республика бойынша
тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды
құрайды. Ал Қытайда мысалы, бұл көрсеткіш бір шаршы
метрге 140 адамнан келеді.
Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы
құрылымында 9 жасқа дейiнгi балалар 22,0%. Ал тұтастай ал ғанда, 19
жасқа дейiнгi жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұр ғындар
үлесi 6,1%. Орташа арифметикалық жас — небәрi 25 жас. Я ғни қаза қ
халқының басым бөлiгi жастар мен балалар. Қазақстанның
демографиялық өсуі жылына 1,2 пайызды құрап отыр дейді
сарапшылар, яғни жан басына шаққанда халықтың өсімі 250 мы ң
адамға шақ келеді.
Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азықпен
қамтамасыз ету мәселесі де ушығып отыр. Азық-түлік қауіпсіздігінің
қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне күрделі қауіп төндіруде.. 2050
жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сонды қтан
да азық-түлік дағдарысы және оның алдын алу – әлем жұртшылы ғын
алаңдатып отырған басты мәселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы
орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес.
Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне
шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, б ұл Жер шары
тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азы қ-
түлік тапшылығын өткір сезінуде.
Бұл маңызды мәселе турасында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев
ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде сөйлеген
сөзінде«Қазіргі уақытта әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының
салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі азық-т үлік
өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының
зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушы ғып
кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық
және халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген және
келісілген әрекеттерді жүзеге асыру шарт», – деп атап өтіп, ШЫҰ-ға
қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру
керектігін айтқан болатын.
Азық-түлік тапшылығы белең ала бастаған бүгінгі таңда
әлемнің барлық елі бұл салаға мемлекет тарапынан
жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор
өзгерістерді қолға алып, өндіріс көлемін арттыру, ішкі
азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге
ерекше мән беріп отыр. Осы орайда азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз десек, отандық өнімдердің
саны мен сапасын арттырудың орны ерекше.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз
қалдықты технологиялар енгізу
Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қорша ған
орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге т үсіріп, қорша ған ортаны
ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде т үсіндіріледі.
Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық ша ғарынды мен қалды қтарды ң
уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, уытты шикзат
материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат со ңғы қортындыда
осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология – б ұл өнімді
өндірудің тәсілі энергия мен шикзат кезеңінде кешенді ж әне әбден орынды
түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикзат ресурыстары — өндіріс
-тұтыну — қайталама шикзат ресурыстары, я ғни, кез келген қорша ған
ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.
Қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялы қ ж үйе мен үйлесімі
бойымша ұйымдастырылған іс ж үзіндегі т ұйы қтал ған ж үйе болып т ұр.
Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады
және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялы қ айналымы толы қтай
жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» ма ңызды ережесін
белгілеу — шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды ж әне кешенді
түрдепайдалану. Сонымен, өндірісті ң қорша ған орта ға с өзсіз болатын
ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуінбұзбайды. Қорша ған орта ға
соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялы қ м өлшерден
аспайтынын тиісінше ескеру қажет.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын
процесс. Сонымен қатар,өзара байланысты бір қатар технологиялы қ,
экономикалық, ұйымдастырушылық ж әне басқа да к үрделі
міндеттердің шешімін талап етеді.
Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс үнемдеуші
технологияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды
ұсынады:
оның барлық компоненттерін пайдалана отырып,
шикізатты кешенді түрде өңдеу (жасап шығару);
жоғары технологиялық автоматтандырылған жүйеге
ғылыми сыйымдылықты енгізу; электроникаландыру мен
роботтаыдыру; автоматтандыру негізінде өндірістік
процестерді қарқындандыру (интенсификация);
өндірістік қалдықтарды барынша азайту кезінде
материалдар ағынының кезеңділігі мен тұйықтылығы;
жеке операциялардың технологиялық процестерге
бөлінуін азайту, шикізаттан соңғы өнімге дейін ауысу
сатысының аралық санын қысқарту;
үздіксіз процестерді қолдану мен технологиялык кезеңдер
уақытын қысқарту;
энергия мен табиғи ресурстарды тұтыну үлесін қысқарту,
бастапқы ресурстарды қайта өңделген ресурстар мен
барынша алмастыру, жанама өнімдер мен қалдықтардың
негізгі процестерге қайта айналуы, артық энергияны
қалпына келтіру;
энергия ресурстарының барлық әлеуетін барынша
пайдалануды қамтамасыз ететін құрастырылған
энерготехнологиялық процстерді қолдану;
қалдықтарды залалсыздандыру жолымен табиғи
күйіне дейін жеткізу немесе айдалану мүмкіндігін
қамтамасыз ететін биологиялық процестерді және
физика-химиялық базасының негізінде экологиялық
биотехнологияны енгізу;
өндіріс пен тұтыну, табиғатты пайдалану саласын
қамтитын интегралды технологияны құру.
Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі –
алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған
ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар
өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа
зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті
бұзбауы керек.
Қорытынды
Бізді қоршаған орта бір бірімен тығыз қарым қатынаста. Бір
жүйе бұзылса онда бүкіл жер шарының күйреуіне әкеліп соғады.
Барлығы бір бірімен биологиялық айналым ға түседі. Ал биологиялы қ
айналым үшін ең алдымен энергия қажет. Сонымен қатар табиғи
қорларымызды дұрыс пайдалану қазіргі кезде негізгі м әселелерді ң
бірі болып отыр. Себебі әлемдік жағдайда халы қ саныны ң өсуіне
байланысты адамның қалауы одан әрі өсуде және бұл одан әрі
жалғаса берсе азық түлік тапшылығына әкеліп соқтырады. Себебі
адамзат үшін ең керегі қорек болып табылады. Ал біз таби ғи
қорларымызды тиімді пайдала отырып өндіріс орындарымызды
жетілдіріп, қалдық аз шығаратын өндіріс орындарын ашып,
экологиялық таза, сапалы өнімдер өндірсек онда біз болаша қта
әлемдік деңдейдегі проблеманың біздің елімізде болмауына алдын
ала дайындықта боламыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
• Ф.Қ.Иштаева, Л.Г. Костарева, Ш.С.
Набидоллина, Ж.Е. Молдағалиева
“Экология”. Астана, 2008 жыл.147-152б.
• А.Ж Ақбасова,Г.Ә. Саинова “Экология” Алм
аты, 2003 ж. 34-38б. , 177-182 б..
• Ғ.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева « Экология»
оқулық Алматы 2011ж. 185-200 б..
• А.К. Бродский “Жалпы экологияны ң
қысқаша курсы” .108-111б..
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz