Ауыр енбекпен жә не спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі Азық тү лік тауарларының сапасын бақ ылау


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі Азық түлік тауарларының сапасын бақылау

Орындаған: Аханова Б. Т

БТ-407

Тексерген: Кабденова А. Т

Семей атындағы

Шәкәрім мемлекеттік университеті

Slide 2

Жоспары:

•Кіріспе:

І. Азық-түліктік пирамида

• Негізгі бөлім:

І. Адамдардың тамақтану ерекшеліктері

ІІ. Дұрыс тамақтану не үшін қажет?

ІІІ. Тамақтанудың негізгі ережелері

• Қорытынды.

• Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Пирамида - қоректік заттар рөлі туралы ғылыми білімдерді және ағзаның қажеттіліктерін есепке ала отырып әзірленген, қоғамда қалыптасқан тамақтанудың дәстүрлерін бейнелейді.

Азық-түліктік пирамида - бұл шегіністерге рұқсат бермейтін қатаң емдәм емес, оның міндеті таңдау жасауға көмектесу үшін қажет. Мысалы: жақсы дене бітіміне, психикалық және ақыл-ой пішініне және т. б.

Slide 4

Бірінші тамақтану пирамидасы 1992 жылы құрылды. Әр түрлі жастағы адамдардың тамақтану машығын, этникалық топтарды және емдәмді не нәрсе салауатты ететіні туралы әр түрлі пікірлер көрсету үшін, сол уақыттан бері бірнеше пирамида қосылды.

Негізгі айырмашылығы - жаңа пирамида көмірсулар мен майлардың арасындағы тепе-теңдікке шоғырландырудан, оларды жақсыға және жаманға бөлуден тұрады.

Slide 5

Тамақтану пирамидасы

Slide 6

Танертеңгі ас-міндетті түрде ыстық болу керек, мысалы қара құмық не сұлы ботқасы, сүт, қара нан, көкөністер салат.

Түскі ас-көкөністер мен жемістер салаты еттен не балықтан дайындалған бірінші және екінші ыстық тағамдар, компот

Сәскелік ас-жеміс не көкөніс шырыны, сүт сусындары мен жемістер. (банан, алма, алмұрт, апелсин т б)

Кешкі ас-жеңіл болғаны дұрыс. Сүт не айран көкөніс, жарма тағамдары, жемістер.

Slide 7

Әртүрлі жастағы адамдардың тамақтану ерекшеліктері:

70 жастан асқан адамдар күніне 8 немесе одан артық стақан су ішуі қажет. Пирамиданың төбесі, сонымен қатар, кальций, D және B12 дәрумендерін қосуды ұсынады. Қарт адамдар «арықтағысы келетін тұлғалар» сияқты тамақтанатындай, жоғары калориялы өнімдердің орнына құнарлы құрам бөлшектерге бай өнімдерді көбірек қолдана отырып, калорияларды азайту үшін, қарт адамдарға арналған пирамида стандарттыға қарағанда шамалы аздау болады.

Slide 8

2-ден 12-і жасқа дейінгі балалардың өздерінің жеке тағамдар пирамидасы бар. Баланың денсаулығы және дұрыс дамуы үшін олар ағзаны барлық қажетті құрам бөлшектермен қоректендіреді. Бала күн сайын басқа өнімдерді жеуі үшін күнделікті емдәм алуан түрлі болуы қажет. Балалар, сонымен қатар, жаттығулар және де ойындар сияқты дене белсенділігінің әр түрімен айналысуы қажет. Жүкті әйелдердің тамақтануының құрамында салауатты тамақтанудың балық қағидалары болуы қажет. Дегенмен, емдәм дәрумендердің, ағуыздардың және минералды құрам бөлшектердің көп мөлшерімен бай болуы қажет.

Slide 9

Жеткіншектерге арналған тамақтану пирамидасы

Жеткіншекке тамақтану мен белсенді уақыт өткізу арасында тепетеңдікті табу қажет. Дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулар жеткіліксіз Компьютермен немесе телевизормен өткізілген белсенді емес уақытты ең болмаса күнделікті сағаттық серуендеумен алмастырған жөн. Бұл үшін тіпті, арнайы жаттығуларды орындаудың қажеттілігі жоқ - велосипед тебу, билеу, итпен серуендеу жеткілікті.

Slide 10

Калориялар

11-13 жас аралығындағы балалар үшін- 2850 кал.

14-17 жас аралығындағы ұл балалар үшін- 3150 кал.

14-17 жас аралығындағы қыз балалар үшін-2750кал.

Студент жастар үшін- 3300 кал.

Студент қыздар үшін- 2800 кал.

Спортсмен әйел адамдар - 3500-4000 кал.

Спортсмен ер адамдар - 4500-5000 кал.

Қарт аналар үшін- 2000 кал.

Егде ер адамдар үшін - 2200 кал.

Slide 11

Жеміс - адамға ең жұғымды тамақ. Сондықтан тізімді жемістен бастаймын. Жас жеміс те, кептірілген түрі де басқа азық-түлікке үстеме ретінде пайдаланылады. Алма (6 сортты), сары өрік (жаңасы, кептірілгені) ; Банан, көкжелкек, шие, мүкжидек, қауын; Інжір (жаңасы, яки кептірілгені) ; Цитрус тұқымдас жеміс (3 сортты) тәтті қауын, жүзім (7 сорты) ; Лимон (4 сорты), авокадо; Манго, апельсин (3 сорты) ; Шабдалы (жаңасы, яки кептірілгені), папая; Алмұрт (6 сорты, жаңасы, яки кептірілгені) ; Ананас (жаңасы), құрма; Алхоры (3 сорты жаңасы, яки кептірілгені) ; Қара өрік (3 түрлі) жаңасы мен кептірілгені) ; Таңқурай, құлпынай (4 сорты), қарбыз;

Slide 12

Сәбіз

Бәрімізге мәлім, әдеттегі, көбінесе қолданылып жүрген тамырлы жеміс - сәбіз -бұл сіз ойлағандай қарапайым көкөніс емес. Мысалы алатын болсақ, бұл сирек кездесетін көкөніс шикі түріне қарағанда пісірілген күйінде пайдалырақ болады. Таң қалып отырсыз ба? Бұл таза шындық!

Сәбізді жеу көз үшін пайдалы екендігін білетін шығарсыз, өткені ол түгелімен каротинмен - Апровитаминіне өте бай. Бірақ бұл тек қана бастамасы ғана, сәбіздің тікелей және жанама мағынасында алғанда да пайдалы жақтары өте көп

Slide 13

Жасыл тәрелке

Жаздың аяқ басып, қиыр шеті көрінбейтін елімізге кең құшақ жайды және отанымыздың жеткілікті салқын өлкелерінде бақшашылар бабы қиынға соқпайтын, алайда тек пайдалы шөптер: аскөк, ақжелкен, қымыздық, ал ауа-райы тамаша жерлерде - кинза, қояншөп және салаттардың әртүрлі түрлерімен қуантып жатыр.

Slide 14

Қызанақ

Қызанақтардың тек қана жүрекке және бүйректерге емдік әсері ғана емес, сонымен қатар теріге байланысты жасарту әрекеті де дәлелденген

Slide 15

Қозықұйрық

Құрамындағы натрийдің аз мөлшерінің арқасында, тұзсыз емдәмнің керемет құрамдас бөлігі болып табылады. Қозықұйрықтардың құрамында қант пен май болмағандықтан, оларды сусамырмен ауыратындар асқа қолдануына әбден болады. Қозықұйрық құрамындағы мырыш біздің төзімділік жүйемізді жұмылдырады.

Slide 16

Жүгері

Құрамында көп көмірсулар, жасұнық, ағуыз, В тобы дәрумендерінің көп мөлшері, Е дәрумені, калий, фосфор, магний, темір,

Slide 17

Тәтті бұршақ

Құрамында ағуыз, жасұнық, С дәрумені, В тобының дәрумендері, Е дәрумені, калий, фосфор, магний және кальций бар.

Қан құрамындағы қанттың деңгейін жоғарылатпай, ағзаны қуатпен қамтамасыз етеді.

Slide 18

Фаст-Фудқа жоламаңыз

Жеткіншектердің көпшілігі гамбургерлерді жақсы көреді, бірақ сонда да Fast Food түріндегі тағамдарды көп болса аптасына бір-ақ рет пайдалануға дейін шектеуге кеңес беріледі. Оның орнына шамалы мөлшердегі майы бар, ақуызға бай, майсыз етті қолданған дұрыс.

Slide 19

Чипсылардың орнына жемістер

Жемістер - оқу кезінде жеңіл тамақтанып алудың тамаша әдісі. Ең жақсысы, жеткіншектер жақсы көретін чипсылардың немесе тәттілердің орнына, оларды жеген дұрыс. Жемістер дәрумендердің, минералды заттардың және жасұнықтың бағалы көзі болып табылады, сонымен қатар, оларда көп қант барын, көп мөлшерде олар денсаулыққа зиян екендігін естен шығармаған жөн.

Slide 20

Көкөністер мен денсаулық

Сонымен бірге, күніне көкөністердің 5 үлесін жеуге кеңес беріледі. Сарғылт және қошқыл жасыл түсті шикі көкөністерді жеуге болады, олар тамаша дәмді және дәрумендер мен минералдардың басты көзі болып табылады. Көкөністердің түсі қарқынды болған сайын, олардың құрамында молырақ қоректік заттар бар.

Жеткіншіктер үшін жақсы ұсыныс - мұздатылған көкөністер болып табылады - оларды дайындау оңай, бұл жеткіншектердің өз аспаздық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Slide 21

Сүт және оның туындылары

Сүт - кальцийдің бай көзі болып табылады. Кальций - сүйектер құрамындағы баға жетпес элемент, сондықтан жас кезде көп сүт өнімдерді пайдаланған өте маңызды. Орауыштағы заттаңбаны тексеруді ұмытпаңыз, сүт, сыр және йогурттар құрамындағы майлар төмен болуы маңызды.

Slide 22

Тәрелкедегі дән

Желінетін пісірілген нанның жартысы ірілей тартылған ұннан болуы қажет. Әрқашан құрамдас бөлшектер тізімін мұқият тексерген жөн, өйткені барлық нандар бірдей пайдалы емес. Ірілей тартылған ұннан пісірілген нанның жеңіл пісірілген наннан айырмашылығы - оның құрамында жасұнық мол. Нанды жеу кезінде, онымен бірге желінетін тағам өте қоректі болмауы маңызды.

Жеткіншектер жарнамасындағы ең танымал қауыздарға көңіл аударыңыздар, олардың ең пайдалысы арпадан, бидайдан және қара бидайдан жасалғандары. Түсті және пайдалы мюслилерді жаңа піскен немесе кептірілген жемістерді қоса отырып, азаңғы асты өзің жасауға болады.

Slide 23

Газдалған сусындардың орнына су


Ұқсас жұмыстар
Ауыр еңбекпен және спортпен айналысатындардың тамақтану ерекшелігі
МАШИНАЛАР БЕКІМДІЛІГІН ТӨМЕНДЕТЕТІН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАР
МАШИНАЛАР БЕКІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі. Дәрумендердің жіктелуі Минералды заттар
Жұлдызға тән мамандық
Спирттің организмге зияны
Әлеуметтану- қоғамды жүйелі түрде, ғылыми тұрғыда зерттейтен ғылым
Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz