Әлеуметтік желілер туралы ақпарат



Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер
Орындаған:Нұрпеисова Балжан
Тобы:ТЖ-505

Жоспары:
1. Компьютерлік желілер
2. Электронды пошта қызметі
3. Әлеуметтік желілер

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Ең үлкен желі - Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т. б. ) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі.

Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:
1. географиялық қамтылу аймағына қарай;
2. өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;
3. топологиясына - бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
4. басқарылуына байланысты.

Желілердің екі типі бар:
1. Бірқалыпты
2. Сервердің негізінде
Екі желінің айырмашылығы - олардың мүмкіндіктеріне байланысты. Желінің типін көптеген факторларына байланысты таңдауға болады
1. мекеменің өлшеміне
2. қауіпсіздік жағдайына;
3. жұмыс түріне;
4. жұмыс орнының жауаптылығына;
5. желілік аумақтың көлеміне;
6. желілік қолданушылардың қажеттілігіне;
7. қаражат мүмкіндігіне.

Бірқалыпты желілер
Бірқалыпты желілерде барлық компьютерлер тең құқылы, яғни олардың арасында жеке алынған компьютер немесе белгіленген сервер (dedicated) жоқ. Бұл жағдайда әр компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қаралады. Басқаша айтқанда барлық желі үшін жауап беретін арнайы бір компьютер жоқ. Қолданушылар компьютерлеріндегі қай мәліметтерді желі бойынша пайдалану керектігін өздері шешеді. Бірқалыпты желілерде көбінесе 10 компьютерден артық бірікпейді. Бұл желілердің тағы басқаша атауы бар, ол - жұмысшылар тобы (workgroup), яғни шағын қолданушылар ұжымы.

Сервердің негізіндегі желілер
Бірқалыпты желілердегі компьютерлер клиент немесе сервер қызметін атқаратын болғандықтан оннан көп қолданушылар біріккен жағдайда бұл желіге берілген жұмыстың көлемін бірқалыпты желідегі қолданушылар басқара алмауы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда желілердің басқа түрін қолданады. Олар белгіленген сервердің негізінде жұмыс істейді. Белгіленген сервер, бұл - клиент ретінде немесе жұмыс станциясы ретінде қолданылмай, тек сервер ретінде ғана қолданылады. Желілердің бұл түрі желідегі клиенттердің сұранысын тез өңдеп, құжаттары мен бумаларын сақтауды жоғарылатады. Желілердің өлшемінің желілік трафик көлемінің өсуіне байланысты серверлердің де саны өседі. Бірнеше серверлердің болуы, ол әрқайсысына берілген тапсырмалардың тиімді орындалауын қамтамасыз етеді. Әрбір сервердің алдына қойылған тапсырмаларды орындау әртүрлі қиындық туғызады. Серверлерді қолданушылардың қазіргі талаптарына сәйкес болу үшін үлкен желілерде олардың әрқайсысын серверлердің түріне арнайды.

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) - таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.

Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Коммутатор мен концентратор -ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) - технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық) . Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк - технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.

Электрондық пошта жүйесі:
қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
жеткізу агенті - мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
1) шығатын хабарды жіберуге - SMTP (SMTP - Simple Mail Transfer Protocol - пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
2) келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 - протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.

Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері (қызмет жеткізушілері) :
Yahoo!
MSN
Gmail

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates. com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.
Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.

Mail. ru - көбінесе мәлімет алғаннан көре әңгімелесуге ыңғайлы әлеуметтік желі. Оған себеп Mail. ru-дың Agent деген смайликтер мен әр түрлі статустарға толы бағдарламасының бар болуы. Сондықтан жастар арасында танысу, пікір алмасу, фотоларын көріп, өзіне ұнаған адамын табуға үлкен мүмкіндік береді. Басқа әлеуметтік желілерде көп кездеспейтін ГОСТИ (ҚОНАҚТАР) бөлімі бар, яғни сіздің бетіңізді қараған қолданушыларды біліп отырасыз. Тағы бір артықшылығы Agent қосымша бағдарламасының бар болуы. Ол арқылы сіз браузердегі mail. ru сайтына кірмей-ақ Agent арқылы қарым-қатынас жасауға болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz