Операциялық Жұйелер, оның даму және түрлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның түрлері)


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атынфдагы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Операциялық Жұйелер, оның даму және түрлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның түрлері)

Орындаған: Мауытайқызы А

Тобы: ЛД - 511

Семей 2015

Slide 2

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Даму тарихы

Белгіліері

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Операциялық жүйелер

Slide 4

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады.

Slide 5

Даму тарихы

Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болды

50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды.

1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360.

60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды.

70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді.

70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолданыла бастады.

Slide 6

Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Slide 7 Slide 8

IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:

32-разрядтілі архитехтурасы;

Көп есептілігі және көп қолданушылығы;

Графикалық қолданушы интерфейсі

Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;

Виртуальды жадты қолдану;

Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;

Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;

Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;

Интернет глобальды желімен интеграциясы;

Slide 9

Windows ХР операцялық жүйесі 2001 жылдың 25 қарашасында жарыққа шықты. Бұл қазіргі кезге дейінгі Microsoft корпорациясы шығарған, жалпы қолданысқа арналған соңғы операниялық жүйе. Ол негізгі үш версияда шығарылады:

Windows ХР Professional;

Windows ХР Ноme Edition;

Сондай-ақ, косымша екі версияда:

Media Сеntег Edition

ТаbletPC Edition.

Slide 10

Microsoft Windows - тың түрлері

Slide 11

Microsoft Windows - тың түрлері

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Нью-Йорк - 2009 ж., 22 қазан - Бүгін Microsoft корпорациясы Windows 7 жаңа операциялық жүйесінің сатылымға түсуі жөнінде бүкіл әлемгк жариялады. Windows®7-ні жасап шығару барысында жетекшілікке алынған қағида қарапайым - қолданушылар үшін ДК-де жұмыс жасауды барынша жеңілдендіру. Жаңа операциялық жүйе қолданушының жетілдірілген интерфейсі мен күнделікті тапсырмаларды орындауды жеңілдететін және қолданушыларға кез келген пішіндегі, түрдегі компьютерлерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа сипаттамаларды ұсынады.

Slide 16 Slide 17

Microsoft корпорациясы тұтынушыларға қолжетімді болатын Windows-8 операциялық жүйесінің соңғы нұсқасын ұсынды. Ол бүгіннен бастап, әлемнің 140 елінде сатылымға түседі. Жаңа операциялық жүйе әлемнің 37 тіліне аударылған. Microsoft компаниясы Windows-8-дің арқасында жоғарғы технология нарығындағы Apple және Google компанияларының өнімдерімен бәсекеге түспек. Соңғы нұсқа орнатылған компьютерлердегі барлық операцияларды енді саусақпен басып жасауға болады. Алдағы уақытта Microsoft компаниясы тағы да жаңа гаджеттер шығармақ. Сондай-ақ, келешекте ұялы телефон жасап шығаруды жоспарлап отыр

Slide 18 Slide 19

Microsoft компаниясы 2015 жылдың сәуір айында Windows 9 операциялық жүйесін жасап шығаратыны белгілі болды. Бұл туралы Windows IT Pro басылымының редакторы Павел Туркотт жеке блогында хабарлап отыр.

Windows 9 операциялық жүйесі туралы толық ақпарат алда болатын Build салтанатты кешінде мәлім болмақ. Ол сәуір айының 2-сі мен 4-і аралығында АҚШ жерінде өтеді. Осыған дейін ZDNet Windows, Windows Phone және Xboxжүйелерінің жұмысын жақсарту мақсатында 2015 жылдың көктеміне дейін жаңа қадамдарға аяқ басатынын хабарлаған болатын. Ал дәл қазіргі уақытта Windows 9 операциялық жүйесінде қандай өзгерістердің болатыны туралы толық ақпарат жоқ. Кей алып-қашпа ақпараттарға сенсек, жаңа жүйе ерекше бағдарламалармен толыға түспек. Сонымен қатар The Verge мәліметі бойынша, құнды іске асыру (Пуск) мәзірі жандана түспек. Бұл жақында шығатын жаңартылған Windows 8. 1 операциялық жүйесінде-ақ орындалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Windows 8 операциялық жүйесі 2012 жылдың 8 қазанында шыққан болатын. Оның басты ерекшелігі мен артықшылығы сенсорлы планшеттер мен өзге құрылғыларда айқын байқалған-ды.

Slide 20 Slide 21

Ол өте қолайлы

Windows 10 жүйесі білетін Windows жүйеңізді біріктіріп, сізге ұнайтын үлкен жетістіктерді қосады. InstantGo1 сияқты технологиялар іске қосып, жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Windows 10 жүйесінде зиянды бағдарламалық жасақтамадан қорғайтын бұрын-соңды болмаған қосымша бекітілген қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.

Континуум

Ең жақсы экран - әрдайым сіздегісі, себебі Windows 10 әрекетіңіз бен құрылғыңызға арналған тәжірибеңізді оңтайландырады. Экрандық мүмкіндіктер оңай шарлау мен бағдарламалар масштабын ең кіші дисплейлерден үлкеніне қарай біркелкі бейімдейді.

Көп тапсырма

Экранда бірден төрт нәрсені суретке түсіретін мүмкіндігі бар шебер сияқты көп тапсырма. Экранда көбейіп кете ме? Орынды көбейту үшін виртуалды жұмыс үстелдерін жасап, қалағандарын ғана қолданыңыз. Сонымен қатар барлық хабарландырулар мен негізгі параметрлер оңай қол жететін экранға жиналған.

Slide 22

1980ж. 1985ж.

Slide 23

UNIX®UNIX операциялық жүйесінде кез келген басқа көп қолданбалы операциялық жүйедегідей қолданушыларды бір-бірінен және басқа кез -келген айрықша құқықталмаған қолданушыдан желілік деректерді сақтайды, Unix операциялық жүйесінде компьютер ресурстарымен басқаратын және қолданбалы базалык қызметтер жиынын ұсынатын сақтанған ядро болады. UNIX операциялық жүйесі негізгі жетістіктерінің бірі жүйенің жоғары әмбебаптық қасиетінің болуымен анықталады. Бұл қасиеттің мәні барлық операциялық жүйенің оның ядросын қосқанда әр түрлі аппараттық платформаларға өтуімен түсіндіріледі. Жүйенің барлық бөліктері ядроны есептемегенде толық машина тәуелсіз болып табылады.

Slide 24 Slide 25

Жіптер және процестермен басқару - бар процестер мен жіптерді жасау, бітіру және қадағалау функциялары. UNIX операциялық жүйесі мультипроцессорлы операциялық жүйе болғандықтан процестер қатарласа орындалып жатқанын көрсету үшін ядро процессордың қосылған уақыт процестері мен компьютердің басқа ресурстары арасында бөлінуді реттейді.

Жадымен басқару - процестердің шектелмеген виртуалды жадының шектелген размерлі компьютердің физикалық оперативті жадына көшу функциясы. Ядроның сәйкес компоненті бір оперативті жады облысының сыртқы жадыны қолданумен бірнеше процестермен бөліп қолдануды қамтамасыз етеді.

Файлдармен басқару - файлды жүйе абстракциясын жасайтын функция, каталогтер мен файлдар иерархиясы. Unix операциялық жүйесі файлды жүйелері файлдардың бірнеше типтерін ұстанады.

Slide 26

UNIX операциялық жүйенің файлдары

Unix операциялық жүйесінде файл ұғымы сыртқы жады құрылғыларында болатын кәдімгі файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әмбебап абстракция болып табылады; сыртқы жады құрылғыларынан айрықша құрылғылармен; басқа процестермен динамикальщ генерацияланатын ақпаратпен, т. б. Бұл мүмкіндіктерді ұсгану үшін UNIX операциялық жүйесі файлды жүйенің біртекті әдіспен файлдардың бірнеше типтерін ұстанады, олардың негізгілері кәдімгі (егер күнделікті болса) файлдар файлдың жүйе ұстанатын сыртқы жады құрылғыларындағы блоктар жиыны болып табылады. Осындай файлдар мәтінді ақпаратты еияқты екілік ақпаратты да қамтиды, Файлдық жүйе қолданушы деңгейінде кәдімгі файлды ұсынуды байттар кезегі сияқты қамтамасыз етіи кәдімгі файлдарға қандай да бір құрылымды жазбайды.


Ұқсас жұмыстар
ОЖ, оның даму жә не тү рлері (MC-DOC, NC, OS\2, UNIX, Windows, оның тү рлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS­DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS 2,UNIX, Windows, оның түрлері) туралы ақпарат
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Экономикалық ақпаратты өңдеу. Компьютердің программалық жабдықтар құрамы туралы мәліметтер
1.Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік. 2.Жалпы түрлері 3.Қызметтері
Операциялық жү йелер, оның дамуы жә не тү рлері
Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер
Бағдарламалық жабдықтаманың технологиялық сипаттамалары
Бағдарламалық жасақтама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz