Бизнес-жоба Қағаз майлықтар өндіру




Презентация қосу
Бизнес-жоба

Қағаз майлықтар өндіру
Бұл бизнес-жоба "Қағаз майлықтар өндіру" жобасын
инвестициялаудың негізділігін экономикалық тұрғыда түсіндіруге
арналған. Бизнес-жобада инвестициялық есептеулер жасау үшін
қажетті барлық ақпараттар берілген, соның ішінде кірістердің,
жобаны жүзеге асыру барысында талап етілетін шығыстардың және
негізгі салымдардың негізгі түрлері берілген. Сонымен қатар ауыз су
саудасы нарығының саипаттамасы оған қатысты сұраныс пен тұтыным
динамикасы көрсеткіштерімен бірге, сонымен қатар бағалық
көрсеткіштерімен бірге ұсынылған. Аталған көрсеткіштер негізінде
жобаны жүзеге асыру барысында нарықтың даму көрсеткіштеріне
болжам жасалған. Инвестициялық жобаның тиімділігі мен
тәуекелдеріне баға берілген және жобаның негізгі интегралдық
көрсеткіштері – таза дисконттық табыс , кірістіліктің ішкі нормасы ,
кірістілік индексі , өзін-өзі ақтаудың дисконттық кезеңі нарықтың
нақты даму қалпының негізіне бағыттала отырып есеплтеген.
Ұсынылған бизнес-жобаның көмегімен әлеуетті инвесторлар аталмыш
жобаға қаражат енгізудің тиімділігін бағалай алады, жобаны
қаржыландырудың неғұрлым тиімдірек үлгісін таңдау мүмкіндігіне ие
болады. Жобаның тиімділігін экономикалық тұрғыда түсіндіру үшін
есептеулер жасауға пайдаланылған деректердің негізгі көздері
мыналар болды: 1. «Инвестицилық жобаларды бағалау және оларды
қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулар», ЮНИДО
әдістемесі (БҰҰ жанындағы өндірістік даму Комитеті), ол жобаның
ерекшеліктеріне байланысты түрлендірілген. 2. БАҚ пен Ғаламтордың
ашық көздерінен алынған ақпараттар; 3. Қазақстан нарығына
жасалған зерттеулер нәтижелері; 4. ҚР статистика Агенттігінің
статистикалық деректері, талдаулық шолулар және баспасөз
хабарламалары. Инвестицияның тиімділігін бағалау мақсатында
есептеулер жүргізу барысында дисконтталған ақша ағымы әдісі
1. Жобаның концепциясы
Бұл концепцияда қағаз майлықтар өндіру және оны ыдыстарға құю
бойынша типтік компанияның ашылуы қарастырылған. Бұл жоба
бизнес-жоба құрамы бойынша қағаз майлықтар нарығындағы жаңа
ойыншылар үшін көмекші құрал ретінде дайындалған. Бұл даму жолы
ұсыныстық сипаты ие және тек жалғиыз дұрыс әдіс теп
қарастырылмайды. Жобада жабдықтарға, қызметкерлерге және өнімді
алға жылжытуға жұмсалатын шығындар максималды көрсеткіштермен
алынған. Нақты жағдайларда әр иелік етуші тұлға оны өзінің қалауы
бойынша тиімді етіп өзгерте алады. Сонымен қоса барлық есептеулер
қала жағдайларында, халқы 500 мыңнан асатын жерде жұмыс істейтін
кәсіпорын үшін жасалған, ал басқа жерлер үшін тиісті өзгертулер енгізу
керек. Сипатталған үрдістерде пайдаланылатын барлық жабдықтар,
көліктер және жұмсалатын материалдар сапасы бойынша барлық
талаптарға сай және қолданысқа ұсынылған. Жобаның концепциясы
мынадай: 1. Жобаның территориялық орналасуы: Павлодар қаласының
өндірістік аумағы, шикізат көзіне, демек Павлодар қатырма қағаз
зауытына жақын жер; 2. Орналастыру үшін ауданы 250 м2 болатын
орын сатып алу: a. Өндірістік цех - 150 м2; b. Шикізат пен дайын өнім
қоймасы - 50 м2; c. Әкімшілік-тұрмыстық жайлар - 50м2. 3. жабдықтар
сатып алу, орнату және іске қосу-реттеу, пайдалануға тапсыру және
қағаз майлықтар ассортиментін шығару; 4. Өнімді – ассортиментті қағаз
майлықтар сату, дайындалған маркетингтік бағдарламаға сәйкес
көтерме сатып алушыларға тікелей шарт негізінде сату.
2. Өнімнің (қызметтің) сипаты

Бұл жоба төңірегінде өнімнің бір түрі – қағаз майлықтар түр-
түрімен шығарылатын болады. Қағаз майлықтар – жеке
сауданың желілеріндегі, қоғамдық тамақтану
кәсіпорындарында және үй тұрмысында кеңінен
қолданылатын ең өтімді гигиеналық тауардың бір түрі. Қағаз
майлықтар жұмсақ, гигиеналық, көзді түстің қанықтығы мен
суреттерінің қызықтығы қуантады, мерекелік әсер береді. Ең
танымал түрі өлшемі 24х24 см болатын, ¼ болып бүктелген
қағаз майлықтар. Қағаз майлықтар – тазалық пен
жайлылықтың негізгі құралының бірі. Олар ылғал мен майды
керемет сіңіреді, бетті, қолды, әр түрлі заттардың үстін
тазартады. Жеңіл жойылады және арзан тұрады. Бүгінгі күні
майлықтар – күнделікті тұрмыста алмастырушысы жоқ
заттардың бірі. Жолда, үйде немесе табиғатта қағаз
майлықтар таптырмайтын көмекші, себебі олар көп орын да
алмайды, салмағы да өте аз. Қағаз майлықтар тазалықты
сақтауға көмектеседі және кез-келген жағдайларда неғұрлым
ыңғайлырақ етеді. Қағаз майлықтардың сапасы өндіріс
технологиясының барлық өндіру кезеңдерінде сақталуына,
соған қоса әрине, өнімді сақтау шарттарына байланысты
болып келед
Түйіндеме
Бұл бизнес-жоба Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Қазақстан облысында (ОҚО)
«Қағаз майлықтар өндіру» жобасының қаржылық-экономикалық тиімділігі мен
техникалық тұрғыда жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында әзірленді. Компания
қағаз майлықытар өндірісін, сақталуын және сатылуын жүзеге асыруды жоспарлап
отыр. Қағаз майлықтар тарату нарығы сауда мен қызметтер саласындағы кең
ауқымды сала болып табылады. Мақсаттық топ: 1. Супермаркеттер; 2.
Шаруашылық және арнайы дүкендер; 3. Әмбебап және өнеркәсіптік тауар
дүкендері; 4. Ашық базарлар; 5. Дүңгіршектер мен даладағы сөрелер.
азарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар. Дәптер жасау ісі
Семей қаласында компьютерлік клуб ашу
Бизнес жоспар туралы ұғым
Макарон өнімдерін өндіру
Өндіріс жоспары
Кіші және Орта бизнесті қолдау бағдарламасы
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар - есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны
Мұғалім - Сынып журналы
Бизнес­жоба «Кондитер өнімдерін өндіру»
Малды сою қызметтері
Пәндер