Аңдардың жыныс мүшелері


Slide 1

Аңдардың жыныс мүшелері

Орындаған: Ахметжанова А. С

ОЗ-407 топ

Тексерген: Сатиева К. Р

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Slide 2

Көбею мүшелері (органы размножения) - organa genitalia - жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелердің жиынтығы. Жануарлардың көбею мүшелері бірнеше бөлімдерден тұрады. Олар: жыныс бездері (еркек жануар- ларда ен, үрғашы жануарларда жүмыртқалық) ; жыныс жолдары (еркек жануарларда ен қосымшасы, шәует жолы, несеп-жыныс өзегі; ұрғашы жануарларда жатыр түтігі (жүмыртқа жолы), жатыр; қосалқы жыныс бездері (еркек жануарларда куықалды, баданалық, көпіршікше) ; жыныстық қатынас мүшелері.

Slide 3 Slide 4

Аталық жыныс мүшелері (органы размножения самца) - organa genitalia masculina - негізгі жыныс безі еннен, жыныс жолдарынан (ен қосымшасы, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі) және көмекші мүшелерлен (енқап, күпек) тұрады.

Slide 5

Ен (семенник) - testis, s. didymis, s. orchis - пішіні сопақша келген жұп аталық жыныс безі. Ол кұрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады. Енде аталық жыныс торшалары сперматозоидтар көбейіп жетіледі және аталық жыныс гормоны тестостерон түзіледі.

Еннің құрылысы

Ен: ен басы (extremitas capitata), ен денесі (corpus testis), ен құйрығы (extremitas caudata), ен қосымшалық жиегі (margo epididymidis) және бос жиегі (margo liber) мен латеральды және медиальды бетінен тұрады.

Slide 6

Ен кесіндісі

Slide 7

Айғырдың ені ірі, екі бүйірінен кысыңқы келеді. Оның бас жағындағы ұшы краниальды, ал ен қосымшалық жиегі дорсальды бағытта орналасқан. Ен қосымшасы мен еннің аралығында ен қосымшасының саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен перделіктер жай кезге жақсы байқалмайды.

Бүқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен қосымшасының басы жалпақ, денесі жіңішке, қүйрығы жуан болып, енмен түтасып кетеді. Ен ортасы жақсы байқалады. Бұл жануарлар еннің басы дорсальды, ал ен қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады.

Қабанның ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасыньщ басы мен қүйрығы еннің екі үшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен перделіктер жақсы жетілген. Еннің басы кранио- вентральды, ал ен қосымшалық жиегі дорсо-краниальды бағытта орналасып, денеге қиғаш жатады.

Төбеттің ені онша ірі емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен қосыімшасы жақсы жетілген. Бірақ, оның саңылауы айқын емес. Еннің денедегі орналасуы қабан енінің топографиясына ұқсас.

Slide 8

Еннің шығарғыш түтікшесі және қосымша өзегі

Slide 9

Ен қосымшасы (придаток семенника) epididymis - тузілген шәует уақытша жиналып сақталатын мүше. Ен қосымшасы қабырғасының бөлетін сөлі шәует (сперма) кұрамындағы сперматозоидтарға әсер етіп, олардың қимыл қозғалыстарын тежеп, тіршілік қасиеттерінің үзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етеді. Ен қосымшасы ен қосымшасының басынан, денесінен және құйрығынан (caput, corpus et cauda epididymidis) түрады. Ен қосымшасының басын ен торынан шәуетті алып шығатын түқым әкеткіш езекшелер (ductuli aberrantes) кұрайды. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін (ductus epididymidis) түзеді. Бүл озек ен қосымшасының денесі мен кұйрығын қүрайды. Ен мен ен қосымшасын сыртынан қаптайтын әзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық), ен мен ен қосымшасын бір-бірімен өзара және оларды енқаппен байланыстырып, ен шажырқайын (mesorchium) құрайды.

Slide 10

Енқап (семенниковый мешок) - saccus testicularis - құрсақ қабырғасы қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді куысты мүше. Енқаптың қуысы құрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады. Оның куысында ен жөне ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы үмадан, еннің сыртқы көтергіш бүлшықетінен және жалпы қынаптық кабықтан түрады. Ұма (scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti) және ішкі етті-серпімді қабаттан (tunica dartos) қүралған. Етті-серпімді қабат беткей шандыр мен бірыңғай салалы ет үлпасынан түзілген. Етті-серпімді қабық ұма куъісын, ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі. Әрбір қуыста жалпы қынаптық қабықпен және сыртқы ен кетергіш бүлшық етпен (m. cremaster externus) қапталған ен орналасады.

Slide 11

Шәуетжолы (семяпровод) - ductus deferens - шәуетті ен қосымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Шәуетжолы қынаптық қуыстан, қынаптық өзек (canalis vaginalis) арқылы енбаудың кұрамында жоғары көтеріліп, күрсақ қуысында шәует қатпарының (plica ductus deferentis) құрамында енбаудан ажырайды. Ол қуықтың жоғарғы жағымен артқа қарай бағытталып, қуық мойны түсында көпіршікше без өзегімен қосылып, шәуетағар өзегіне(ductus ejacula- torius) айналады. Бұл өзек қуық мойнынан кейінірек несепшығар өзегімен қосылып, несепжыныс өзегін түзеді. Шәуетағардың қабырғасында көптеген бездер орналасады. Сондықтан, шәуетағардың соңғы қалыңдау бөлігін безді бөлік немесе шәуетағар ампуласы (am­pulla ductus ejaculatorius) - деп атайды.

Slide 12

Енбау (семенной канатик) - funiculus spermaticus - еннің қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерінен құралған, пішіні кесілген конус тәрізді, ен мен ен қосымшасын құрсақ қуысымен жалғастырып түратын кұрылым. Ол өз кезегінде тамырлар жөне шөует-жолы қатпарларынан тұрады. Қынаптық өзек құрсақ қуысымен жалғасады.

Несеп-жыныс өзегі (мочеполовой канал) - uretra masculina - зәр бөлу және кебею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып табылады. Ол екі: жамбас және жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несепжыныс өзегінің қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан тұрады. Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды. Кеуекті қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, эластин талшықтарымен арқауланған дәнекер үлпалық перделіктер және олардың аралықтарында орналасқан, үңгір куысты вена қан тамырларының торы күрайды. Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуықалды және баданалық бездер орналасады.

Slide 13

Сперматогенді торшалар сперматогенез сатысындағы жыныс торшалары. Ирек тұқымдық өзекшелердің шеткі жағындағы негіздік жарғақ маңында жатқан майда торшалар үздіксіз бөліну арқылы кебею сатысындағы сперматогониялар.

Түқым әкеткіш өзекшелердің кабырғасы екі кабаттан түрады. Оның ішкі бетін призма тәрізді кірпікшелі торшалар мен кірпікшесіз текше тәрізді эпителий торшаларынан қүралған бірқабатты эпителий астарлайды.

Несеп-жыныс өзегі шәует жолы мен несепшығар озегінің қосылуынан пайда болады.

Жыныстық қатынас мүшесі (айғырда - қаса, күйісті жануарларда - қамшы, төбетте - шүкі) несеп-жыныс өзегінен жөне оны сыртынан қаптаған кеуекті денеден түрады.

Slide 14

Қосымша жыныс бездері

Slide 15

Қуықалды безі мен шәует көпіршіктері

1. Шәует шығарушы өзек;

2. Шәует көпіршіктері;

3. Шәует шашушы өзек;

4. Қуық алды безді негізі;

5. Қуық алды безінің медиялды беті;

6. Қуық алды безінің оң жақ бөлігі;

7. Қуық алды безінің сол жақ бөлігі;

8. Зәр шығарушы түтігі;

9. Қуық алды безінің алдыңғы беті;

10. Қуық алды безінің төменгі

аралық беті;

11. Қуық алды безінің ұшы

Slide 16

Аналық жыныс мүшелері (органы размножения самки) - organa genitalia feminina - екі болімнен: негізгі жыныс безі жүмырткдлықган (паренхималы мүше) және жыныс жолдарынан (түтікше мүшелер) түрады. Жыныс жолдарына жатыр түгігі (жүмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі және сыртқы жыныс мүшесі жатады.

Slide 17

Жұмыртқалық (яичник) - ovarium - аналық жыныс торшалары овоциттер жетіліп, аналық жыныс гормондары болінетін, пішіні сопақша келген жүп паренхималы мүше. Үй жануарларында жүмыртқалық бел аумағының жамбас куысына кіреберісінде, шажырқайға (mesovarium) ілініп тұрады.

Жұмыртқалық фолликулалы және тамырлы екі аймақтан құралған. Фолликулалы аймақта жұмыртқа торшалары овоциттердің дамып жетілу процесі - овогенез жүреді

Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жұмыртқалықтың стромасын борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды.

Slide 18

Жұмыртқалық құрылысының сызбалық көрінісі

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Түлкі өсіру
Палеолит дәуірінің мәдениеті
Жыныс мүшелері
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі
Аналық без
Несеп жыныс сипаттама
Аналық жыныс мүшелері
Жыныс мүшесі
Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz