Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан ( Тәрбие сағаты )


Slide 1

Қош

келдіңіздер!

Slide 2

Тәрбие сағаты

“Ар намысым, қасіретім,

мақтанышым - Желтоқсан”

Slide 3

Мақсаты:

Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында

құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.

Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының

бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып

түсіндіру, тарихына шолу жасау.

Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу. Жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: азаматтық, елжандылық, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, кинофилмдер, Қазақтан Респібликасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, Гимн. Н. Ә. Назарбаевтың портреті. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Slide 4

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Кіріспе

ІІІ. ”Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі” (тарихи шолу)

IV. ”Желтоқсан-қасіретім, ар-намысым, айбыным” (желтоқсан құрбандарын еске алу)

V. “ Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

Желбіретті тәуелсіздік жалауын” (Еліміздің жетістіктеріне шолу жасау)

V І. “ Біз-тәуелсіз ел болашағы” (оқушылар шығармашылығы)

VII Қорытынды.

Сабақтың барысы:

Slide 5

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:

«Біз алдымызға анықта айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге

және Қазақстанда күшті, өркенді

және әлемде құрметтелетін

мемлекетке айналдыратынымызға

сенемін.

Slide 6

ІІІ. Желтоқсан - тәуелсіздік

шежіресі.

(Тарихи шолу )

Slide 7

Өткен тарихқа шолу

Дербестік үшін, ата-жұрттың азаттығы үшін қандай ұлт-азаттық қозғалыстарды бастан өткізген едік?

Slide 8

Сол кездегі бейнекөріністен үзінді

Slide 9 Slide 10

ІV. Желтоқсан - қасіретім,

ар-намысым,

айбыным.

Slide 11

Қайрат Рұсқұлбеков 1966-1988 ж. ж

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рұсқұлбеков Алматы

архитектура құрылыс институтының студенті.

1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген ату

жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен

ауыстырды. 1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.

1996 жылғы 9 желтоқсан - «Халық қаһарманы» атағы

берілді.

Slide 12

Балалық шағы

Әскердегі кезі

Қайраттың

студенттік шағы

Қайраттың отбасы

Slide 13

Ләззат Асанова

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

Slide 14

Ләззат бауырларымен

бірге

Ләззат 10 жаста

1980 жыл

Ләззат

12 жаста 1982 ж

Ләззат музыкалық училищенің

студенті болған кезінде 1986 жыл

Slide 15

Жаркент қаласының орталығында

Желтоқсан көтерілісінің құрбандары

Ләззат Асанова мен

Ербол Сыпатаевқа

қойылған ескерткіш

Ләззаттың анасы Алтынай Асанова Алматыдағы Республика алаңында

қызының рухына тағзым етуде.

17 желтоқсан. 2007

Slide 16

1990 жылы 17 желтоқсанда Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта қойылды.

Slide 17

1991 жылы 21 желтоқсанда Президент Н. Ә. Назарбаев “1986ж. желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде” жарлық шығарды.

Осы жарлық негізінде 17 желтоқсан - “Демократиялық Жаңару Күні” деп жарияланды.

1996 жылы 9 желтоқсан құрбаны Қ. Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.

Slide 18 Slide 19

“Желтоқсан желі” әніне

шығарылған бейнебаянды

көріңіздер.

Slide 20

Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.

Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.

1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16-желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.

Дала да думан, қала да думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қалдырған бақыт бұл бұлым.

Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:

Slide 21

1. 1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

2. 1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.

3. 1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

4. 1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.

5. 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Slide 22

6. 1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.

7. 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.

8. 1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.

9. 1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.

Slide 23

10. 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.

Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.

Ал екінші бақытым-Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілемдедім

Кей кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Slide 24

11. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.

Осал жерге

Ортаймас бақ қона ма?

Ер көңілі толмаса тақ қона ма?

Атар таңдар бере гөр құт-береке

Елдің төрі-Қасиетті Астанаға.

Slide 25

12. 1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.

14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.

15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,

Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,

Қазақстан қасиетті ел екенін.

Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІ съезі өтті.

Slide 26

16. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.

17. 2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.

18. 2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.

19. 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.

20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 16 -ға жуықтады.

Slide 27

21. 2009 жыл Туған облысымыз Қызылорданың 190 жылдығы.

22. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.

23. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.

24. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.

Slide 28

V. "Желтоқсанда мұзда жанған алауым,

Желбіретті тәуелсіздік жалауын"

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Қайраттың отбасы
Ар - намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан
Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рұсқұлбеков Алматы архитектура құрылыс институтының студенті
Желтоқсан - тәуелсіздік шежіресі
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
“Желтоқсан ызғары”
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Желтоқсан жастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz