ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар жайлы ақпарат



СӨЖ
Пән : информатика
Орындаған : рахимбекова а. с.
топ: бл-509
Тексерген : жаксыгулова Д. д.

Жоспар :
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.
Программалар

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі .

Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.
Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақ - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жасақ;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:
1) операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган операциялық жүйелерге :
МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады,
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой .

WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады.
Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.
Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОSоперациялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді.
Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
- белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Әмбебап программалық жабдық тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алады. Әртүрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:
- мәтін редакторлары;
- графикалық редакторлар;
- электрондық кестелер;
- оқыту және ойнау программалары;
- ақпараттық жүйелер және т. б.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word Реrfect т. б. жатады.
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т. б. шығаруда кең пайдаланылады.
Графиктік редакторлар графиктік ақпаратты дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т. б. түрлерде бере алады.

Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Ms Раіnt, СоrеlDrаw, Grаf-іn-thе-Вох, PhotoShop, AutoCad, РС Illustrator т. б. жатады.
Электрондық кестелер жүйесіндемиллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго, Ехсеl сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дeрдeгі қызықты кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі ақпараттық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz