Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, ес, қиял үдерісінің дамуына сипаттама


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №14 №15

Орындаған : Фазымова А. Ж.

Тексерген : Кулмышева Н. А.

Семей 2015

Slide 2

Жоспар:

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісініің дамуы.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама

Slide 3

Ойлаудың негізгі ойлау жолы - көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі - көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.

Slide 4

Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс - әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс - әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс - әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.

Slide 5

Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.

Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.

Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.

Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.

Slide 6

Баланың ойлауының дамуына түрлі іс - әрекет әсер етеді. Іс - әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс - әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс - әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс - әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.

Slide 7

Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан - жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай - ақ, іс - әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Slide 8

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Slide 9

Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.

I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай - ақ жүзеге асады.

III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс - тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Slide 10

Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Slide 11

Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:

Екі топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде бір топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың баларына тек жаттап келіңдер дейді. Бір топтың еске сақтауы екіінші топқа қарағанда сапалы болады, өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.

Slide 12

Бала материалдың мән - мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жасы сақтайды.

Бала еске сақтауға тиіс материалдарды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есіңде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресі оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әртүрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Балалар психологиясына кіріспе
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАР ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті мен зейінінің дамуы
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар. Ойын түрлеріне сипаттама
Жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу пәні мен әдістері
5- сынып оқушыларын пәндік оқуға бейімдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz