Сайтқа презентация қосу

Музыкалық қабылдау түрлері

Қазақстан  Республикасы ғылым және білім  министрлігі семей  қаласының шәкарім  атындағы мемлекеттік университеті  педагогикалық факултеті музыкалық білім  беру мамандығы 

Тақ ырып:Музыкалық қабылдаудың түрлері

Орындаған:  Хавдирал .К Тексерген: п.ғ.к Султанова Топ:П-243

Музыкалық қабылдау - әлеумет-мәдениеттік және психологиялықпедагогикалық мәселесі Музыкалық қабылдау музыкалық мәдениетте көп қырлы да маңызды: 1 - композитордың, орындаушының музыка қабылдауының қорытынды мақсаты; 2 - композициялық тәсілдердің, стилистикалық ізденістері мен жаңашылдықты бекітуі және таңдау құралдары тыңдармандардың сезінушілік қабылдауы және музыкалық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өзінің жанасуы; 3 - музыкалық қабылдау – оқушының музыкада алғашқы қадамынан композитор болу деңгейінің музыкалық әрекеті түрлерінің бірлігі: қандай да музыкант өз-өзінің тыңдаушысы.

Классикалық музыканың осындай «бәсекеде» жағдайы өте нашар. Бір жағынан ғасырлар бойы қалыптасқан классикалық музыка, атақты композитор-тұлғалар, дарынды музыканттар – композитор, орындаушы, дирижер, хормейстер т.б. халық компазиторлары. Бір жағынан бұл - мәдени мұра, жоғарғы рух, тарих, музыкалық сұлулықтың деңгейі, орындаушылық мүмкіншілігі (мемлекеттің қолдауы - концерттер, филармония, хор-оркестр, мекемеде симфониялық оркестрдің бары, академиялық хордың барысы т.с.). Бірақ мынандай жағдайды бәсеке деп айтуға болмайды, шамамен тыңдаушыны өзіне тарту, тыңдаушыны әсемдікті сезіне білуге, тәрбиелеуі т.с.с. Ал енді классикалық музыканың басқа музыкадан кейін қалуы – ол өзімізге байланысты. Әліде де музыкаға демеушілік керек, тыңдаушыны, музыка сүйер адамды бала жастан тәрбиелеу – бұл қоғамның міндеті. Сондықтан, классикалық музыкаға кең мағынадағы аудитория керек. Жоғары музыка әлеміне кіру үшін адамды музыкалық мәдениетке оқыту, тәрбиелеу. Ол деген: оқушыларды музыканы қабылдауына үйретуден бас тартпай, үлкен кісіні де тыс қалдырмай тыңдау мәдениетіне үйрету. «Дәл, парапар қабылдау» (В.Мендушевский) деген ұғым пайда болды. Парапар қабылдау – музыкалық тіл, жанр, стиль және рухани-құндылық мәдениет принципі. Бұл – берілген шығарманы көркем мәдениеті тәжірибесінде қабылдау өнегелігі, үлгісі.

2. Музыкалық қабылдаудың түрлері Музыкалық қабылдау адамның алдына бір-бірімен байланыстылық мақсатты қойып отыр: - парапар қабылдауының шарты бойынша музыкалық тіл жетіктігін меңгеру; - түрлі музыкалық сауаттылығын меңгеру кезінде есту қабілетіне биіктік-ырғақтық қатынасының ұйымдастыру; - музыканың тақырыптық дамуын байқауы, нұсқауы және қорытынды бөлімдерін экспозициядан айыруы; - музыкадағы өзгерістерді білу - тақырыптық ұқсастығы, айырмашылығы, бағыттылығы және өзінің санасында тыңдалған музыканың бейнесі. Ағылшын психологы Вернон ЛИ: ... музыканы қабылдауда адамдардың екі түрі болады: «тыңдаушы» және «тыңдай алатындар». «Тыңдаушы», ол деген, адамның өзінде қабылдағаны бір нәрсе сияқты жылжиды, өзгереді, қүрделі рухы мен интелектуалды әрекетінің процесі. Ал, «тыңдай алатындар» керісінше, өңде елестету, зейіні музыкадан алыс кетуі. Баланың музыка қабылдау зейіні екпініне, динамикасына, бояуына, артикуляцияға, фразаларға ... қысқасы - орындаушылық құралдарға көп көңіл бөлінеді. Ал, үлкен кісілер музыкалық дамуда ашық, көрнекті бейнеге, музыкалық тақырыпқа, динамикалық және бояу кезеңдеріне көп көңіл бөледі. Үлкен кісіге қарағанда балалардың музыканы қабылдауы келесі ерекшеліктерде: - есту сезімі музыка бейнесінде биіктік-ырғақтық қатынасынан ерекше емес құралдардың басымдылығы; - бейнелік сипатының синкреттік бөлінбегені, әуеннің барлық аспектісі сана сезімде тұрақтанып, бір нәрседе қалыптасады (мысалы: музыканың бояуында; не екпін - ырғақтық жағы); - үзінділік (бөлімділік) – музыка жүйелі бүтіндей қабылданады, бірақ жеке үзінділердің (бөлімдердің) бірлестік ретінде;

Бастауыш сынып оқушыларының музыкалық қабылдауының қалыптасуы: әдістемелік аспектісі Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады. Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды ... Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі. Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн. Музыка тыңдауда: - кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады); - ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.); - қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т.с.); - аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр);

Ең негізі – көркем - бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.

Музыкант және музыкант емес: қабылдаудың түрлері және дамуының айырмашылығы Музыкалық қабылдаудың музыкалық қабілетінің негізгі даму жолдары, нақты мақсатқа жету үшін педагог-музыканттың кәсіби деңгейлігі – ол: бірінші рет естілген музыкалық шығарма болашақ музыканттың шығарманы партитура ретінде (түрінде) елестетуі. Музыкалық қабылдауды тереңдету барысындағы интонациялық (дыбыс биіктілігі) - әуенді есту сезімі және оның ролі Музыканың алғаш шығуы – ол интонация, дәлірек айтса – интонациялық әуенді есту қабілеті. Ал, әуен – құрастырылған дыбыстардың бірізділігі және музыкалық ойдың бейнелеушілігі. Сондықтан, интонацияны-әуенді есту қабілеті – адамның музыканы қабылдау қабілеті, интонациямен ішкі сезімнің логикалық түрде қауымдасқаны, байланысқаны, біртұтастылыққа біріккен көркем образдардың түрлері. Интонацияны - әуенді есту қабілеті іс-әрекеттің кездейсоқ, алғашқы кезіндегі түрлерінде қалыптасады (музыка тыңдаудан басталады) және музыкалық құбылысты қабылдау қабілетін дамытады (мектеп жағдайында), ал жоғары оқу процесінде - жоғары деңгейдегі дамулық, нәзіктілік, саққұлақ интонацияны-әуенді есту қабілеті талап етіледі.

Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту «сандық аспект» емес, «сапалық аспектінің» сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, «музыкалық әуесқойлық», ерекше қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы. Музыкалық дарынды адамдардан «музыкаға әуесқой» адамдар басым. «Музыкалық әуесқойлықты» дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады. «Амузия» деген ұғым - керісінше, музыкаға деген ешқандай қабілеті жатпайтын, ол адамдардың саны 2-3 пайызды құрайды (қабылдаудың бұзылуы және дыбыс биіктілігінің нашар сезімділігі – ой-сезім бірлігінің дыбыс бірізділігі). Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы болмағандықтан. Адамда бірдеме бар (задатки) – адамдардың қаблеттілігінің табиғи негізіндегі түрлері (ұрпақтылық, табиғи пайда болуы, жас өсуіне байланысты және әлеуметтік-мәдениеті, оларды бір-бірінен айыру қиын).

... интонацияны-әуенді есту қабілеті орындаушылық әрекетте қалыптасады, дамиды. Негізгі мәнерлеушілік құралдарының бірі – интонация, оны қалай сезінемін, оны қалай жеткіземін ... оған музыкалық-орындаушылық мазмұны жатады. Орындаушылық әрекетіндегі музыка интонацияны-әуенді есту қабілеті интервалдарды алғыр қабылдауына байланысты. Ал әуенді интервал музыкалық жүрісіндегі үрдіс, мықшыңдаудың дәрежесі (степень напряжения). Қорытындыласақ, интонацияны-әуенді есту қабілетінің кемелдігі, жаңа сапалылығы - оқушылардың музыкалық-есту әрекетінің белсенділігі, оның мықшыңдауының дәрежесі, әсерленушілігі мен музыкамен шұғылдану белсенділігі. «Музыкалық қабілеттілік» түсінігі. «Музыкалық әесқойлық» музыкалық қабілеттерінің жиынтығы мен олардың синтезі Музыкалық қабілет – адамның өзіндік тұлғалығының психологиялық қасиеттері: музыка саласындағы оқуы, музыканы қабылдауы, орындауы, музыка жазуы (шығаруы). Ал музыкалық қабілет адамда аса жоғары деңгейдегі бейнелеушілігі музыкалық дарындылығы дейді.


Пән: Өнер, музыка



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь