Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨж Тақырыбы: Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері. Орындаған:РамазановКаусар Тобы:ЛД-411 Тексерген:Тугамбаева. С. м Семей 2015 жыл.

Slide 2

Жоспар:

1. Сүтқоректілердің экологиялық топтары.

2. Жылдық тіршілік циклы.

Slide 3

Сүтқоректілердің экологиялық топтары

Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Омыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.

Slide 4

Алғашқы сүт қоректілер жерде - орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған:

1) жер бетін

2) жер астын,

3) суды мекендейтіндер

4) ұшатын жануарлар.

Slide 5

Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі. Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.

Slide 6

Нағыз маманданған сүтқоректілер

Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілдері - әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден - оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден - тиіндер, ұшарлар (летяга) ; жыртқыштардан - кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден - жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т. б. жатады.

Slide 7

Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануар-лар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиін-дер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегі-мен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан - опоссумда қармалағыш құйрық болады.

Slide 8

Орманда жартылай жерде жартылай ағашта тіршілік ететін жануарлар

Орман жануарларыньщ ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағынын, бірсыпырасын ағаштан тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бүлғын тамағының көпшілігі тышқан тәрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30-60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5-10% құстарды, 1-15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, та-мырының астына ұялайды. Біздің Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді.

Slide 9

Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бү-ландар, күзендер, бұғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т. б. ) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т. б. ) балалайды. Бүл жануарлар үшін орман - паналайтын ағашты алқап және корек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.

Slide 10

Ашық кеқістікті мекендейтін сүт қоректілер

Ашық кеқістікті мекендейтін - сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бүлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден - мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз, . ол жануарларды олардың жауларына - жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден - өсімдік тектес та-мақтық заттар жеткілікті болады. Бүл экологиялық топқа әр түрлі отрядтың өкілдері калталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және түяқтылар жатады. Осының негізіиде олар өсімдікпен қоректенетін - кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.

Slide 11

Тұяқтылар

Түяқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы далалы және шөл жер-лерде өте сирек кездөсетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланыстыу Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, би-зондарда бір сағатта 40 - 45 км, жирафтар - 45 - 50, жабайы есектер - 50 - 55, құландар - 65, томсон газелдері - 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45 - 60 км, жолбарыс - 80, леопардтар - 112 км жер жүреді. Басқа сүт қоректілерден айырмашылығы тұяқтылар тұ-рақты немесе тынығу үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы биік, ұзын мойыны арқы- лы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге өте шы- дамды келеді.

Slide 12

Тұяқтылар

Slide 13

Қосаяқтар

Қосаяқтарға (Dіроdіdае) - аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұ-лардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы се-бепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозға-лады. Осы тәсілмен құм тышқандары да (Gегhillіпае), солтүстік Американың кенгуру тәрізділері де (Неtегоmуіdае), Африканың үзын сирақтылары да (Реdеtігіае), Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен (МасгоsсеІісelididае), Австралияның ұсақ қалталылары да (Апtесһіпоmуs ) осылай жүреді.

Slide 14

Саршұнақтар

Саршұнақтарға - далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды. Тұрақты іні болады, сол жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы ұйқыға жатады. Жайылып шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі іннін, ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да әлсіз, көзі соқыр болып туады. Бұл топқа саршұнақтардан басқа суырлар, аламандар және дала сеноставкалары жатады.

Slide 15

Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кедінен таралған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошкалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде, шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік азықтарының құрамы және оларды іздеп табу, тәсілдері тұрған орталығының жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі шұңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады.

Slide 16

Жер астында мекендейтін сүт қоректілер

Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге - көртышқан-дар, сокырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеуші-лердің отрядьша, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүт қоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртыш-қандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австра-лияда тараған. Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүт қоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні - тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышкандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місгоtus sосіаlіs) тереңдігі 10-20 см және әрбір 10 м2 жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді.

Slide 17

Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер

көртышқан

қалталы көртышқан

Slide 18

Суда тіршілік ететін сүтқоректілер

Су аңдары. Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тірші-лік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көп-теген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүт қоректілерге - ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана коймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады.

Slide 19

Суда тіршілік ететін сүтқоректілер

кит

тулендер

құндыз

Slide 20

Ұшатын сүтқоректілер

Ұшатын жануарларға - қол қанаттылар немесе жарқа-наттар жатады. Бұлар орманды жерді мекендеп, ағаштан-ағашқа секіру, кейін қалықтап барып түсу, соңында ұшуға бейімделген. Мысалы, тиін секіргенде аяқтарын жан-жағына кең жайып жіберін, денесі керіліп, ауа кедергісін күшейтеді. Австралияның қалталы тиіндерінің (Реtаіігоіdеs) алдыңғы аяғының басына дейін жететін кішкене ұшу жарғағы болады. Біздің ұшарлардың (Рtегоmуs ұоіапз) және оңтүстік азиялық жүн қанаттының (Gаlеоріtһесиs) алдыңғы және артқы аяғының арасында екі бүйірінде үшу жарғағы бар. Бұл жануарлар он шақты метр жерге ұшып бара алады.

Slide 21

Сүтқоректілердің көбеюі.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы
Сүтқоректілер классы
Инвестициялық жоба
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Жобаны іске асыру
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Жануарлардың көп түрлілігі
Есту қабілеті зақымдалған балаларға көмек көрсетудің психологиялық - педагогикалық негізі
ТІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Қызыл кітап және биологиялық алуан түрліліктіқорғаудағы ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz