Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы: қоршаған ортаны сақтау, биоәртүрлілік және туризмді дамыту


Slide 1

Тақырыбы: Іле Алатауы ұлттық

саябағы

Семей қаласынының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тексерген: Джаманова Г. И

Орындаған: Серікқанова А. Д

Slide 2

Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы

Іле Алатауының әсем ландшафттарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

Slide 3

Құрылған жылы: 22 ақпан 1996 жылы

Орналасқан аумағы:

Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан.

Қаскелең, Пригород, Түрген орман шаруашылықтарының негізінде құрылған.

Slide 4

Саябақ территориясында спортпен, әсiресе қыстық түрлерiмен шұғылдануға жағдайлар жасалған ең үлкен спорттық комплекстер:

Slide 5

МЕДЕУ жоғарытаулы мұз айдыны

Климаты жұмсақ, күн сәулесi қалыпты деңгейде, төменгi атмосфералық қысым, желсiздiк, таза су мен толтырылған Медеу мұз айдыныда коньки тебу спортынан 100 дүниежүзiлiк рекордтар жасалынды. Тоңазытқыштар жабдықтарының күшi мұзды айдында 8 айға дейiн, ал коньки тебiлетiн жолдарда - жыл бойы ұстап тұруға мүмкiншiлiк бередi. Мұз айдыны жалпылай коньки тебуге арналған. Оның қасында үлкен қонақ үйi бар, ол жерде теннис корты орналасқан. Ғимарат биiктiгi 150 м, ұзындығы 530 м болатын Алматыны да батпақты селден қорғайтын плотинамен қорғалған.

Slide 6

Шымбұлақ таулыспортты базасы

Шымбұлақ таулыспортты базасында жылдамдықпен түсетiн және слалом-гигант трассалары бар, оларды канат арқылы тiркеп алатын арқан жолымен жұмыс жасайды. Бұл трассалар техникалық жағынан жақсы Европалық трассаларға қарағанда жақсы болмаса да тайғанақтылығы жөнiнен асып түседi. Базада қонақжай, медико-реабилитациялық орталық, фин моншасы бар.

Slide 7

Саябақтың өсімдіктер дүниесі

Саябақтың флорасында 1

мыңнан астам өсімдік түрлері

бар, оның 500 - ден астамы

жапырақты орман, 400 - ден астамы

қылқан жапырақты орман

алқаптарында өседі. Бұл

өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның

“Қызыл кітабына” тіркелген.

Slide 8

Раушангүлділер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік - шығысындағы тау сілемдерінде кездеседі. Бағалы тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени туыстың жабайы туысы. Түр пішінінің алуантүрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмімен ерекшеленеді. Популяцияның көпшілік мөлшері Іле Алатау ұлттық саябағында қорғалады.

Сиверс алмасы

Slide 9

Саябақтың жануарлар дүниесі

Жануарлар әлемі де өте бай. Омыртқасыздардың 8 класқа бірігетін 2 мыңнан астам түрі белгілі. Барылдауық қоңыздардың 252, стафилинидтердің 180, жапырақ жегіштердің 102, күндізгі көбелектердің 145, жарғаққанаттылардың 110, қазғыш жабайы аралардың 97, құмырсқалардың 33, шаншарлардың 30 түрі анықталған. Омыртқасыздардың 24 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. Омыртқалы жануарлардың 245 түрі, олардың 8 түрі балықтар; 4-еуі - қосмекенділер; 8-і - бауырымен жорғалаушылар; 178-і - құстар; 47-сі - сүтқоректілер. Бұлардың ішінде балықтардың 4, қосмекенділердің 2, құстардың 11, сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Slide 10

Қорытынды

Іле Алатауы ұлттық саябағының негізгі

міндеті - осы өлкедегі табиғат байлықтарын қорғап, оның қорын молайту, туризм саласын дамыту болып табылады. Осы өлкенің табиғат байлықтары - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, таудың сұлу көрікті орындарын өз қалпында сақтап, келер ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар саябақтың қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше.


Ұқсас жұмыстар
Шарын ұлттық табиғи саябағы (Шарын шатқалы): геоморфология, биоәртүрлілік және туристік әлеует
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: туризмді дамыту, биоәртүрлілікті сақтау және аймақтық даму
Алтынемел ұлттық табиғи саябағы: тарихы, ландшафты және флора мен фаунасы
Қазақстанның ұлттық саябақтарының сипаттамасы мен биоәртүрлілігі: Баянауыл, Алтынемел, Іле Алатауы, Көкшетау және Қарқаралы
Экотуризмді дамыту: экономикалық пайда және қоршаған ортаны сақтау мәселелері
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы (Іле-Алатауы): тарихы, құрылымы және биологиялық алуантүрлігі
Іле Алатауы (Алматы) мемлекеттік табиғи қорығы: тарихы, экожүйелері және биологиялық әртүрлілігі
Табиғи ресурстардың классификациясы және қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері
Экологиялық білім беру, қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың Қазақстандағы маңызы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: табиғи-климаттық жағдайы, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz