Ж.Аймауытұлы психологиялық роман шебері


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

Семей мемлекеттік университеті

Филология факультеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

Пән: Алаш алыптары

Slide 2

Тақырыбы:

Ж. Аймауытұлы

психологиялық роман шебері

Slide 3

Жоспар

Жүсіпбек аймауытовтың өмірі және шығармашылық жолы

Қаламгердің үздік романдары

Жазушының шығарма тілі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 4

Дефиниция

(Кілт сөздер)

Роман- күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.

Психологиялық Роман -психологиялық, яғни сезімге негізделіп жазылған ромаан түрі.

Шеберлік-білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі

Slide 5

Слайдта қолданылған

белгілер:

Бағыттарды көрсету амалы

Тақырып атын жазуға арналған ұяшықтар

Slide 6

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауылына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

Slide 7

Жылы

Атқарған қызметі

1911-1914 жж.

Ауылда мұғалім

1914 жылы

Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады

1919)

алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады

1921

Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

1922-1924

Қарқаралыда мектеп мұғалімі

1924-1926

Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі

1926-1929

Шымкент педагогикалық техникумының директоры

Қызмет жолдары

Slide 8

Жүсіпбек Аймауытовтың

шығармашылығы

Slide 9

Ж. Аймауытұлы психологиялық роман шебері

Slide 10

ХХ ғ. б. қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын, қыр көріністері мен ауыл суреттерін, жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек ) адами әлемі мен бедерлі бейнесін, тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс - дәстүрлерін, қарым-қатынасын, тәрбие тағлымдарын жан-жақты ашады.

Slide 11

«Ақбілек» романы «Әйел теңдігі» журналының 1927 жылғы -3-5:10-11 және 1928 жылғы №10 сандарында жарияланды. Романның қолжазбасы І. Жансүгіровтың жеке мұрағатында сақталған екен. Оны-Ф. Ғабитова ҚР ОММ тапсырады. Бірақ, дербес кітап болып басылған жоқ. Демократия тағылымы нәтижесінде -Ж. Аймауытұлының аталмыш романы белгілі аудармашы Х. Өзденбаевтан алынған нұсқасы бойынша 1989 жылы «Жазушы» баспасынан (құрастырғандар- М. Атымов, Қ. Керейқұлов) жарық көрді. Роман бұдан кейін- «Жұлдыз» журналында жарияланды (1989, № 6-9 сандары) . Жазушының бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына енді. Бұдан басқа-Ж. Аймауытұлының бес томдық шығармалар жинағына, алты томдық шығармалар жинағына енді. Астанадан да жарық көрді. «Қазақ прозасы қазынасынан» сериясы арқылы да қалың көпшілікке жетті.

Slide 12

Романның жазылу әдіс - мәнерінде аса бір қалыптасқан жүйелілік жоқ. Автор өмір арнасы мен оқиға өріміне сай алдымен Алтай өңірін, Күршім мен Марқакөл маңайын, табиғат тамашаларын, әсерін шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, оның өзі бірнешеу болып бейбіт елге зәбір көрсетуін, сосын жекелеген бейнелердің (Ақбілек, Бекболат, офицер, Мұқаш) өзін сөйлетеді. Адамдық мұрат пен міндет төңірегінде кейіпкер монологтары да қолданылады. Романының соңғы бөлігінде әуелдегі бейнелердің бірсыпырасымен есейген, көзқарастары өзгерген қалпында қайта кездесеміз. Әсіресе, Ақбілек пен Камила әңгімесі, Ақбала - Ақбілек, Балташ желілері, күнделік жазбалары жаңа өмір белгілері ретінде сыр толғайды. Романның әлеуметтік мәніне назар аударсақ, сол кезеңнің саяси ахуалы, қазақ ауылы мен ондағы адамдар өмірі мен тұрмыс - тіршілігі, қоғамдық жаңарулар мен қайшылықтар, басқа да көптеген мәселелер уақыт шындықтарына сай суреттеледі. Туынды тұлғалары дәуірімен бет - бет келіп, өмір, уақыт талаптарына сай әрекеттер жасайды. Бұл ретте автор Ақбілекті өмір - тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолығуы - кеңестік кезеңнің көрінісі, сөз өнері дамуы мен жанр талабы, авторлық ұстаным мен көркемдік мұраттың тоғысы, кейіпкер әлемі мен қазақ әйелінің еркіндік алған салтанатының қызықты, жемісті сәті.

Романның жазылу әдісі

Slide 13

Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры, . әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

Идеясы . . .

Slide 14

Шығарманың басты кейіпкерлері

Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы. Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды. Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.

Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.

Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.

Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.

Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.

Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.

Slide 15

«Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады

Slide 16

Оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.

Slide 17

«Күнікейдің жазығы»

атты хикая

Slide 18

Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» 1928 жылы жазылған. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді. Шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікей кедей қызы болса да, еті тірі, пысық. ПІығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру.

Шығарманың басты тақырыбы

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов психологиялық роман шебері
Жаңадан табылған шығармалары
Қазақ зиялылары философиясы
КӨСЕМСӨЗ МҰРАСЫ
Атаулар сөздігі
Алғашқы өлеңі мен мақаласы 1907 жылы
XX ғасыр әдебиеті
Оқу пәндері жоспар, қысқа мерзімді жоспар
Аты әлемге мәшһүр жазушы. Ілияс Есенберлин 100 жыл
Эпикалық роман
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz