Практикалық балалар психологының кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті

Тақырыбы:Практикалық балалар психологының кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары

Орындаған: Азат. Қ

Топ: П-223 топ студенті

Тексерген:Жакпарова Г. А.

Notes: п

Slide 2

Жоспары:

1. Практик - психологқа сипаттама

2. Психологиялық жұмыстың бағыттары:

3. Практикалық балалар психологының кәсіби әрекетінің негізгі бағыттары.

Slide 3 Slide 4

Практик - психологқа сипаттама

Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап - үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді.

Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.

Slide 5

Балаларды диагностикалау;

Балалардың дамуын түзету;

Балалардың ауытқуын алдын алу;

Балалармен дамыту жұмыстары;

Балаларға ағарту жұмысын жасау.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

Slide 6

Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;

Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;

Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;

Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;

Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;

Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.

Slide 7

Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Балалар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. Баланың қабілеттілік, дарындылық деңгейін, зеректілігін, зейіннің қасиетін, танымдық процестерін анықтау нәтижесінде психолог бала мүмкіндігі туралы құнды деректер алады; білім берудің бала танымына лайық жолдарын сұрыптап, балалардың белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;

Slide 8

Диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.

Топпен және кіші топпен жұмыстар - психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.

Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.

Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар

Slide 9

Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль атқарады:

ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық, жасерекшелік - индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға қатысты қарым - қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.

Slide 10 Slide 11

Білім берудегі практик психологтың негізгі іс әрекеттерінің түрлері.

Бала психологының негізгі іс әрекеттерінің бағыттары: психологиялық оқыту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция жатады.

Кез келген шынайы ситуацияда психологтың кез келген жұмыс түрі мәселеге, жұмыс жүріп жатқан орынға байланысты негізгісі бола алады.

Slide 12

Пактикалық психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 13

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Абрамова Г. С. "Практическая психология" Екатеринбург, 1998 г.

2. Климов Е. А. "Введение в профессию психолога" Москва, 2004г.

3. Жарықпаев Қ. Б. " Жантану ", " Психология" 2010ж.

4. Гальперин П. Я. " Введение в психологию" 2006г.


Ұқсас жұмыстар
Практикалық балалар психологының психологиялық білімін жетілдіру жолдары
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби сұрақтары
Психологиялық-педагогикалық коррекцияның этикалық және кәсіби сұрақтары
Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері
Психологиялық кеңес беру
Балалардың практикалық психологиясы
Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция
Психологиялық тәрбие
Құзыреттері пациенттің құқықтары пациенттің оқу бағыттарының құқықтары коммуникация және этикалық принциптер коммуникация және этикалық принциптер
Әскери психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz