Жалаңаш тұқымдылар бөлімі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ №2
Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар бөлімі.

Орындаған: Сейсенбекова А.
Тексерген: Мадыбекова А.С.
Топ: БЛ – 309.

Семей 2015ж.
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Жалаңаш тұқымдыларға
жалпы сипаттама.
2. Жіктелуі.
3. Көбеюі.
4. Ашық тұқымдылардың
табиғаттағы және халық
шаруашылығындағы
маңызы.
5. Пайдаланылған
ы лар
ұ қы мд
а ш т
а л аң ім і .
Ж бө л
Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым
бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш
(ашық) жататын жоғары сатыдағы
өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі
жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен
қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш
тұқымдыларда гүл серігі болмайды.
Кіріспе
Тұқымды өсімдіктерге (Spermatophyta) жала ңаш тұқымдылар, жабы қ т ұқымды-
лар, сонымен қатар, жойылып кеткен тұқымды папоротниктер жатады. Т ұқымды
өсімдіктердің жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылы ғы жынысты
жолмен көбею процессі судың болуымен байланысты емес. Мұндай ерекшеліктері
тұқымды өсімдіктердің жер шарына кең таралуына ж əне өсімдіктер əлемінде басым
болуларына мүмкіндік берді. Тұқымды өсімдіктер споралар арқылы емес,
тұқымдары арқылы көбейетін болғандықтан олардың дамуы жылдам.
Спора - аналық өсімдіктен бөлініп шығып, қолайлы жағдайға т үскенде ұса қ,
көбіне микроскопиялық гаметофит (жынысты ұрпа қ) өсіп шығатын бір клетка.
Тұқым – көп клеткалы түзіліс жəне онда өсімдіктің барлық мүшелеріні ң
бастамасы болады, олар ірі спорофит – жаңа өсімдікке дамиды. Т ұқымда жа ңа
организмнің ұрығы ғана емес, сонымен қатар, тіршілігіні ң ал ғаш қы кезе ңінде
дамуға қажетті қоректік заттардың қоры да болады. Т ұқымны ң пайда болуы, бір
жағынан болашақта гаметофиттің редукцияға ұшырауына со қтырады, одан тек жеке
клеткалар ғана қалады, олар спорофитте тере ң «жасырылын ған»; екіншіден –
спорофиттің едəуір жетілуін ту ғызады. Тұқымды өсімдіктерді ң ұры қтану процессі
енді қоршаған ортада судың болуымен байланысты емес ж əне аталы қ гаметалар
аналық гаметаларға тозаң түтіктің өсуі арқылы жеткізіледі.
лаңаш тұқымдыларға жал
сипаттама.
Жалпы сипаттама
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер (Gymnospermae) - өте ертедегі жəне
қазіргі кезде де басым, жер шарында 120 млн. жылдан арты қ үстемділік
еткен тұқымды өсімдіктердің тобы. Оларды ң пайда болуы палеозой мен
мезозойдың соңына қатысты жəне таудың түзілуі, материктің көтерілуі
жəне атмосферадағы температура мен ылғалдылық ауытқуына да
байланысты. 7 Жалаңаш тұқымды өсімдіктер дамуды ң жоғары де ңгейіне
мезозой дəуірінде жойылып кеткен тұқымды папоротниктердің орнына
келу арқылы жетті. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер архегониальды
өсімдіктердің «тəжі» ретінде өсімдіктер əлемінің эволюциясында жа ңа
кезең ашты. Сонымен қатар, оларда ұрық пен эндоспермнен т ұратын
тұқым болады, эндосперм мегаспорадан жұмыртқа клеткасыны ң
ұрықтануынан бұрын қалыптасады (жабық тұқымды өсімдіктерде –
ұрықтанғаннан кейін). Тұқым тұқымбастамасынан түзіледі.
Тұқымбастамалары мегаспорофильдердің үстіңгі жағында ашық
орналасқан, сондықтан да «жалаңаш тұқымды» өсімдіктер деп атал ған.
Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің ғылыми аталуы гректің екі с өзінен
тұрады: gymnos – «жалаңаш» жəне spermas – т ұқым.
Жалаңаш тұқымдылардың шығу
тегі
Тұқым ең алғаш папоротниктердің ерекше
топтарында пайда болған. Бұл
папоротниктер тек қазба қалдықтары
арқылы ғана белгілі. Олар бастамасын
əртүрлі споралы папоротниктерден алған
ерекше рет тұқымды папоротниктерге
(Pteridospermae) бөлінген. Жалаңаш тұқымды
өсімдіктер көптеген зерттеушілердің пікірі
бойынша шығу тегі жағынан бірдей
өсімдіктер тобын құрмайды. Олардың
эволюциясы екі бағытта – мегафиллия жəне
микрофиллия жүрді деген тұжырым бар.
• Мегафиллді өсімдіктер тобы өте ертедегі
Жалаңаш тұқымдыларды біріктіреді –
Саговниктер (Cycadopsida), Тұқымды
папоротниктер (Pteridospermae), Беннеттиттер
(Bennettitopsida) жəне сыртқы пішіні
папортниктердің вайяларына (жапырақтарына)
ұқсас қауырсын тиімді ірі жапырақтарымен
ерекшеленеді. Өсімдіктердің бұл тобының арғы
тегі папоротник тəрізділер болуы мүмкін.
• Микрофиллді өсімдіктер тобы ұсақ
жапырақтарының болуымен сипатталады. Ол
Кордаиттерді (Cordaitidae), Гинкголарды
(Ginkgopsida) жəне Қылқандыларды (Pinopsida)
біріктіреді. Бұл топтың арғы тегі болып ертеде
Жіктелуі.
Жіктелуі
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер бөлімі түрлік формаларының
əртүрлілігімен ерекшеленеді, соған байланысты олардың
жіктелуі туралы əртүрлі көзқарастар бар. Бір зерттеушілер
Жалаңаш тұқымдылар бөлімін 3 класс жəне 7 қатарға,
басқалары 3 класс жəне 9 қатарға бөледі. Көптеген
систематиктер жалаңаш тұқымды өсімдіктерді 6 классқа
бөледі:
1) Тұқымды папоротниктер – Pteridospermae
2) Саговниктер – Cycadopsida
3) Беннетиттер – Bennettitopsida
4) Гинкголар – Ginkgopsida
5) Қылқандылар – Pinopsida
6) Гнетумдар – Gnetopsida немесе қабыршақ тұқымдылар
Clamydospermatopsida.
Бірінші екі класстардың өкілдері (Тұқымды
папоротниктер жəне Беннетиттер) түгел жойылған.
Тұқымды папоротниктер немесе
Птеридоспермдер (Pteridospermae) классы.
•Олар тік өсетін ағаш жəне лианалар түрінде болған.
Папоротник вайилеріне ұқсас қауырсын ілімді ірі жапырақтары
жəне қосалқы тамырлары болған. Ассимиляциялаушы
жапырақтардан басқа, оларда споралар түзілетін –
микроспорофиллдер мен мегаспорофиллдер болған.
Микроспоро- филлдерде микропорангийлер тобы орналасқан;
мегаспорофиллдерде нуцеллустан жəне интегументтен (жабын)
тұратын мегаспорангии – тұқым бүршік (тұқым бастамасы)
орналасқан. Тұқымбүршікте тек бір ғана мегаспора сақталады,
одан бастапқы эндоспермнен жəне оған енген жұмыртқа
клеткаларымен екі архегонийлерден тұратын өскінше (аналық 9
гаметофит) жетілген. Аталық жыныс гаметалары –
сперматозоидтар. Ұрықтану жəне ұрықтың түзілуі өсімдіктің
үстінде өткен. Олар ұрықтарымен көбейген. Тұқымды
папоротниктер папоротниктердің тұқымды өсімдіктерге өтпелі
тобы.
Саговниктер. (Cycadopsida)
классы.
•Саговниктер – Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің өте ертедегі
жəне қарапайым тобы. Олар 120-ға жуық түрлері бар тропикалық
жəне субтропикалық өсімдіктердің кіші тобын құрайды. Екі үйлі
өсімдіктерге жатады. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің ішінде
түрлерінің əртүрлілігі жағынан Саговниктер Қылқандылардан
кейін екінші орынды алады. Сыртқы көрінісі жағынан олар көбіне
пальмаға ұқсас, оларды кейде ағаш тəрізді папоротник деп
атайды. Осы ағаш тəрізді, сирек аласа бойлы, өсімдіктің биіктігі 25
м жəне жуандығы 1 м жетеді. Тік сабақтарында ірі қауырсын,
көбіне тікенді жапырақтары шоқталып орналасқан. Қосалқы
тамырлары жақсы дамыған. Тұқымды папоротниктерден
ерекшелігі Саговниктерде кіндік тамырлар болады. Бүрлері
өсімдіктердің ортасында «пальматəріздес» жапырақтардан
тұратын ұяларда түзіледі, олардың ұзындығы 2 см-ден 1 м-ге,
салмағы кейде 42 кг дейін жетеді. Саговниктердің көпшілігі
тропиктерде өседі, кейде Ұлыбританияда Cycas revolute түрі
оранжереяларда өсіріледі. Саговниктердің өкілдерінен сулы
ортада көбейетін өсімдіктерге тəн сперматозоидтар – қозғалғыш
аталық гаметалар табылған. Сперматозоид- тардың табылуы
жыныстық процесстердің сулы орта жағдайынан қаншалықты баяу
алшақтағанын жəне эволюцияда папоротник тəрізділер мен
Беннетиттер классы
(Bennettitopsida).
• Бұл класстағы өсімдіктер туралы мəліметтер тек өсімдіктер
қалдықтарының қазбаларына ғана сүйенген. Бұл класс өкілдері жоғарғы
борда өзінің жақсы дамуына жетіп, мезозойдың ортасында жойылған.
Сыртқы көрінісі жəне вегетативтік мүшелерінің сипаттамасы жағынан
саговнитктерді еске түсіреді, бұл олар- дың тұқымды папоротниктен
шыққандығын дəлелдейді. 10 Бұл классқа жататын өсімдіктер кейбір
ботаниктердің (С.В.Мейен) пікірі бойынша гүлді өсімдіктердің арғы ата
тегі болып саналады, сондықтан да, оларға көп көңіл бөлінді.
Беннетиттерде көбіне құрылысы жағынан гүлді өсімдіктердің гүліне
ұқсас қос жынысты бүрлер болды. Бүрлердің шетінде көптеген
микроспорангийлері бар микроспора- филлдер орналасқан, ал бүрдің
орталық бөлігінде мегаспорофиллдердің қалдықтары орналасқан,
олардың əрқайсысында бірден тұқымбастамасы бар. Спорофиллдер
арнайы жабындық жапырақтармен қоршалған, олар гүлді өсімдіктердің
гүлсеріктеріне ұқсас. Тозаңдану процесстері желдің жəне
бунақденелілердің көмегімен жүрген болу керек. Беннетиттердің
тұқымында ұрық тұқымды түгел толтырған. Тұқымдарында қоректік
заттардың қоры жиналған жақсы дамыған екі тұқымжарнағы болады.
Гнетумдар классы
(Gnetopsida).
• Бұл классқа бір-бірінен бөлінген үш қатар жатады:
Гнетумдар (Gnetales), Қылшалар (Ephedrales) жəне
Вельвичиялар (Welwitchales). Бұл
қатардағылардың ортақ белгілері:
жапырақтарының супротивті орналасуы; дара
жынысты бүрлердің дихазиальды бұтақтануы, бұл
басқа қазіргі кездегі Жалаңаш тұқымды
өсімдіктерге тəн емес; гүлді өсімдіктердің
гүлсеріктеріне ұқсас бүрді қоршаған жабынның
болуы; екі тұқымжарнақты ұрық; ұзарған
интегументтен пайда болған ұзын микрополярлы
түтік; соңғы ксилемада түтіктердің болуы жəне
шəйір жолдарының болмауы.
Қылқандылар классы
(Pinopsida)
• Олар екі класс тармағына бөлінеді: Кордаиттар (Cordaitidae) жəне
Қылқандылар (Pinidae). Кордаиттар класс тармағы (Cordaitidae)
Кордаиттылар (Cordaitales) деп аталатын қатардан жəне бір тұқымдастан
тұрады. Бұл ертеде жойылып кеткен өсімдік. Кордаиттар (Cordaitidae)
батпақты орман етегінің негізгі бөлігін құрайды. Олардың қаптап өскен
қопалары Қазіргі Қылқанды ормандарға ұқсас болды. Ағаштардың биіктігі
30 м, ал діңінің жуандағы – 1 м. Таспа жапырақтарының ұзындығы 1 м,
жалпақтығы 20 см-ге дейін; бүрлері дара 12 жынысты болды. Кордаиттар
тұқымды папоротниктерден шыққан жəне олардың ежелгі түрлері
Қылқандылардың бастамасын берген деп саналады. Қылқандылар класс
тармағы (Pinidae). Бұл бір шама сақталған жəне Жалаңаштұқымды
өсімдіктердің ішіндегі ең көп топ. Қылқандылар басқа да Жалаңаштұқымды
өсімдіктер сияқты таскөмір кезеңінің аяғында пайда болып, мезозойда өсіп-
өнудің жоғары сатысына жетті. Қылқанды өсімдіктер өзінің маңызы
жағынан гүлді өсімдіктерден кейін екінші орын алады. Қылқанды
ормандарда ағаштар мен басқа да көптеген негізгі өсімдік өнімдерінің көзі
болып саналатын органикалық заттардың жоғары массасы жиналған.
Көбеюі.
Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн
қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар
секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған
аналық бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден
тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған
байланысты қарағайды және басқа да қылқан
жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге
жатқызады.
Қарағайдың тұқымы қалай пайда болатынын
қарастырамыз:Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында
екi түрлi : аталық және аналық бүрлер пайда болады.
Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас
өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады.
Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және
жалғыздан орналасады.Аталық бүр өстен және оған
тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы
қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы
орналасады. Тозаң қабының iшiнде көптеген екi
клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа
қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң
тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол
Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы
жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып
кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң
жүзеге асырады. Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң
қабыршақтары бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда
аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi.
Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық
жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда
болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан
сүректенедi. Алғашқы кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл
болады, кейiнiрек қоңырқай тартады. Қарағайдың тұқымдары
тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп жетiледi. Бiрақ
бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың
тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол
ұрықты қоршап тұрады.
Қарағай тұқымының жұқа жарғақ қанатшалары болады, солар
арқылы олар желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында
қанатшалар кездеспейдi. Сiбiр қарағайының (самырсын
қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп атайды.
Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның
ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады
Ашық
тұқымдылардың
табиғаттағы және
халық
шаруашылығынд
ағы маңызы
Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық
шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез
процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға
оттек бөлiп шығарады.Орман ағаштары кесiлген және өрт шалған
жерлерде алдымен күй таңдамйтын қарағай пайда болады.
Қарағайлар сусымалы құмдарға өсiп, олардың одан әрi жылжуын
тоқтатады.. Қарағайдың тамырлары құмды бекiтедi, жерге түскен
қылқандары құмның бетiнде топырақ түзiлу процесiн
жеделдетедi. Қарағайлар ауаға ерекше заттар бөлiп шығарады.
Олар ормандағы ғана емес, сол төңiректегi зиянкес
бактериялардың көбеюiн тежейдi. Қылқанжапырақты ормандар,
қардың еруiн баяулатады, мұның өзi топырқтағы ылғалдың
артуына мүмкiндiк бередi.Қарағай мен  шыршаны құрлыс
материалдары ретiнде кеңiнен пайдаланылады. Қарағай сүрегiн
химиялық жолмен өңдеу негiзiнде жiбек жiптерге ұқсас жасанды
талшық алынады. Шырша сүрегiнен қағаз алынады. Қарағайды,
шыршаны, балқарағайды әртүрлi үй жиһаздарын жасауға
пайдаланады.  Балқарағай  сүрегi басқа қалқанжапырақтылардың
сүрегiнен әлде қайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған
байланысты оны кемелер жасауға, шпал жасауға, шахталарда
тiреу ретiнде қолданады. Сонымен бiрге осы ағаштардың
барлығын парктерде, скверлерде, ботаникалық бақтарда сәндiк
өсiмдiктер  ретiнде  өсiредi. Сiбiр қарағайының жаңғақшасынан
сапасы жоғары тамаққа пайдалалатын май алынады. Сәндiк
Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің
маңызы
Қылқанжапырақты өсімдіктер жер шарының əр түрлі
континентінде табиғи ланшафты – ну ормандар түзеді, онда
кəсіпшілікке керекті аңдар, құстар, пайдалы бунақденелілер
мекен етеді. Қазақстанның қылқанжапырақты ормандарының
аймағын шипалық қасиеті бар белгілі қарағайлар құрайды.
Көптеген қылқанжапырақтылар құнды сүректі өсімдіктер,
сүрегінен құрылыс бұйымдарын, жиһаз, қағаз жасауға
пайдаланады жəне т.б. Олардан целлюлоза, жібек, əртүрлі
бальзамдар, камфора, спирт, сірке қышқылы, иілік заттар;
шəйірлерден скипидар, канифоль жəне т.б. заттар алынады.
Медицина өнеркəсібінде қылқанжапырақтылардың
шикізатынан витаминдерден басқа, пинобин препараты
(спазмолитическое средство) алынады. Қылқанжапырақты
өсімдіктердің көптеген түрлерін халық медицинасында нерв
жүйесін, өкпе ауруын (туберкулез) жəне т.б. ауруларды емдеуге
пайдаланады. Қарағайдың, майқарағайдың жəне аршаның қылқан
жапырақтары мен жас өркендері қыс мезгілінде бұғыға,
қарағайдың жас бүрлері (ұрықтанғанда дейін) саңырау құрға,
Сібір кедрінің тұқымы – ақ тиіндерге, бұлғындарға, шұбар
тышқандарға негізгі азық болып саналады. Құрлар аршаның бүр
жемістерімен қоректенеді. Сібір қарағайының тұқымы тағамдық,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы
өсімдіктер систематикасы. Алматы.
2000.
2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В.,
Уранов А.А. Систематика растений. М.,
1975
3. Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш.
Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары
сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Семей-2010ж

Ұқсас жұмыстар
Жалаңаш тұқымдылар
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
Даражарнақты класы
Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Фитоценоз структурасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Жабықтұқымды өсімдіктер
Папоротник тәрізділер
Пәндер