Органдар биохимиясы


Slide 1

СӨЖ Органдар биохимиясы

Тексерген: Қайырханов К. К

Орындаған: Маташова Н. А

Топ: БТ-407

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Notes: Подготовка

Этот курс предназначен для пользователей, имеющих опыт работы с программой PowerPoint. Если ранее они не создавали презентаций PowerPoint, рекомендуется начать с учебной презентации PowerPoint, которая называется "Создание первой презентации".

[Примечания для инструктора.

Дополнительные сведения о настройке этого шаблона см. на последнем слайде. Кроме того, на некоторых слайдах в области заметок имеются дополнительные материалы к занятиям.

Анимация Macromedia Flash. Этот шаблон содержит анимацию Flash. Она будет воспроизводиться в версиях PowerPoint вплоть до 2000. Однако если потребуется сохранить этот шаблон в PowerPoint 2007, сохраните его в формате старой версии PowerPoint: презентация PowerPoint 97-2003 (*. ppt) или шаблон PowerPoint 97-2003 (*. pot) (типы файлов отображаются в диалоговом окне Сохранить как возле пункта Тип файла) . Предупреждение. Если сохранить файл в формате PowerPoint 2007, например как презентацию PowerPoint (*. pptx) или шаблон PowerPoint (*. potx), анимация не будет сохранена в сохраняемом файле.

Кроме того, поскольку эта презентация содержит анимации Flash, при сохранении шаблона может выводиться предупреждение, касающееся личных сведений. Если сведения не добавляются в свойства самого файла Flash, это предупреждение не относится к данной презентации. Нажмите кнопку ОК в окне сообщений. ]

Slide 2

Мазмұны:

Бауыр және бүйрек биохимиясы

Бұлшықет биохимиясы

Сүт безі және сүттің биохимиясы

Тері биохимиясы

Slide 3

Бауыр - қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше. Бауырдың атқаратын қызметтері: • ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру) ; • ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау; • ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу; • холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу; • он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу; • Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу; • Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады. [4]

Бауыр биохимиясы

Slide 4

Бауыр

Slide 5

Өт - ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады. Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2, 5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі - қою жасыл түс. Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар - гормондар мен дәрумендер. Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады. [4]

ӨТ

Slide 6

Өттің құрылысы

Slide 7

Өтке қатысты мынадай ауру түрлері бар: Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т. б. [4]

Өт аурулары

Slide 8

Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады. Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар. Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады. [4]

Ұйқы безі

Slide 9

Ұйқы безі

Slide 10

Бүйрек құрылысы

Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1, 2 млн. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсула екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне айналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды. [4]

Slide 11

Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады. Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді. Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді. Жыныс гормондары бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды. Бүйректің қызметін реттеуге соматотропин, тироксин, инсулин, серотонин, гистамин сияқты гормондардың қатысы бар деген болжамдар да баршылық. Нәрестенің бүйрегінің массасы 11-12 г, 1 жаста - 36-37 г, 5 жаста - 55-56 г. [4]

Бүйрек қызметінің реттелуі

Slide 12

Бүйрек құрылысы

Slide 13

Барлық омыртқалы жануарларда әр түрлі қимыл жасайтын 3 түрлі бұлшықет ткані бар. Олар: қаңқа, жүрек және бірыңғай салалы бұлшықеттер. Әр тканьдердің өзіне тән түрі өзгерген клеткалары - бұлшықет талшықтары бар. Қаңқа бұлшықет талшықтары шоғырларған көлденең жолақты бұлшықет тканьінен құралады. Талшықтары ішінен белок жіпшелері өтетіндіктен бұлшықет қысқарып, жиырылады. Жүрек бұлшықеті де қаңқаның бұлшықеті секілді көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар кей жерде айқасып бірігеді. Жүрек бұлшықеті осындай ерекшелік арқасында тез жиырылады. Ішкі мүшелердің қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет тканінен құралады. Бұл тканнің талшықтары баяу жиырылады. [3]

Бұлшықет биохимиясы

Slide 14

Бұлшықет түрлері

Slide 15

Бұлшықеттің химиялық құрамы

Бұлшықет - бұл бұлшықет талшықтарының шоғыры, олар миофибриллалар деп аталады.

Қалың филаменттер миозиннен, ал жіңішкесі - F-актиннен, тропомиозиннен және тропониннен тұрады. Бұл төрт белоктардың үлесіне бұлшықеттің белоктық затының жалпы құрамының 90%-ға жуығы келеді. Еттің құрамына 52-78% су, 16-21% ақуыз, 0, 5-49% май, 0, 4-0, 8% көмірсулар, 2, 5-3% экстрактивті заттар, 0, 7-1, 3% минералды заттар, ферменттер, дәрумендер және т. б. кіреді. Еттің химиялық құрамына малдың түрі, жынысы, жасы, күйлілігі және баска факторлар әсер етеді.

Бұлшық етте миоген мен глобулин мөлшері - 20-30%, ал миоальбумин мен миоглобин мөлшері - 1-2%. Саркоплазма мен миофибриллде адам организіміне қажетті барлық ауыстырылмайтын амин қышқылдары бар толық құнды ақуыздары бар. Миофибрилл ақуыздары - миозин, актин, олардың комплексі актомизин, тропомизин, тропонин және т. б. Миозин - бұлшық ет ұлпасының маңызды ақуызы, ол барлық бұлшық ет ақуызының 40% құрайды.

Бұлшық ет ұлпасында май мөлшері шамамен - 3%, май ұлпасында - 60-94%, шеміршек ұлпасында 1, 3-3%, сүйек ұлпасында 3, 8-24% болады.

Еттің көмірсулары гликогенмен көрсетілген, жануар крахмалы деп аталады. Етте оның мөлшері 0, 6-0, 8%, ал бауырда-5%. Бұлшық ет ұлпасында гликоген бос және ақуыздармен байланысқан күйде болады. [3]

Slide 16

Миозин және миофибрилл ақуыздары

Slide 17

Фибриллярлық белоктар

Slide 18

Сүт - сүтқоректілердің жаңа туылған нəрестесінің табиғи тамақ көзі. Сүттің тамақ өніміретінде жоғары бағалығын, жаңа нəресте үшін ауыстырылмайтындығын оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Кез келген сүтқоректі түрлердің сүтінде организмнің өсуі мен дамуына қажетті барлық заттар бар. Сүттің химиялық құрамы жəне қасиеті өте күрделі, құрамынан 260 аса химиялық зат табылған. Сүт белоктары барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдарын оңтайлы мөлшерде құрайды. Мысалы 400 - 500 г сүт үлкен адамды метиониннен басқа, ауыстырылмайтын аминқышқылдарымен бір сөткелік қажеттілігін қанағаттандырады. Сүтте белоктар кальций тұздары түрінде кездеседі. Сүттегі ең негізгі белок - казеин фосформен көп байланысты құрайды. Белок қорытылғанда фосфор бөлінбейді . Содан кейін фосфаттықалдықтар кальций, натрий, калий, темір, магний иондарымен байланысады. Мұндай құрылым сүттегі белокты жəне минеральды заттардың, сонымен қатар басқа тамақ өнімдерінің организмде сіңуін жақсартады. [1]

Сүт биохимиясы. Сүт белоктары

Slide 19

Казеиннің химиялық формуласы

Slide 20

Лактоза - сүттің негізгі компоненті жəне тек сүтте кездеседі. Лактоза гидролизденгенде глюкоза мен галактозаға ыдырайды. Галактоза жəне оның туындылары цереброзидтердің, сульфолипидтердің жəне ганглиозидтердің құрамына кіреді, олардан ми клеткасы жəне барлық жүйке ұлпалары түзіледі. Лактоза - сүт өнімдерінің өнеркəсібінде де баға жетпес мəнге ие. Лактоза микроорганизмдер ферменттер əсерінен ашу процесінде өте пайдалы əртүрлі органикалық қышқылдарға айналады, сонымен қатар шарап спиртіне, ацетоинге, диацетилге, эфирлерге. Сүт қантының ашу өнімдері канцерогенді заттарды бұзу қабілеттілігі бар, оның ішінде нитрозаминдер жəне жаңа түзілетін қатерлі ісік ауруларының алдын алуын төмендетеді. [1]

Сүт қанты(лактоза)

Slide 21

Лактозаның формуласы

Slide 22
Ұқсас жұмыстар
Биохимия және органдар биохимиясы
Органдар биохимиясы ІІ
Жүйке тінінің биохимиясы
Бұлшықет тінінің биохимиясы
Мүшелер және ұлпалар биохимиясы
Жануарлар биохимиясы
Қанның биохимиясы оттегінің токсикалық түрлері, олардың пайда болуы және ағзаның клеткаларына әсері
Клиникалық биохимия пәні
Көмірсу алмасудың диагностикасы
ХИМИЯНЫҢ ЖӘНЕ БИОХИМИЯНЫҢ ДАМУЫ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz