Маркшейдерлік түсіріс


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

Орындаған: Қуаныш Аслан ГК-407

Тексерген: Кудеринов С. М

Маркшейдерлік түсіріс

Slide 2

Маркшейдерлік тірек жүйелері тау-кен қазбаларын түсіруге жəне тау-кен геометриялық мəселелерді шешуге, яғни пайдалы қазындының кен орынын дұрыс жəне қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін ең басты геометриялық негіз болады. Жер астындағы тірек жүйелерін құруға жəне дамытуға жер бетіндегі мемлекеттік геодезиялық жүйелердің жəне жергілікті жүйелердің пункттері пайдаланылады Ашық әдіспен кенді игергендегі тасты және жартылай тасты аршыма тау жыныстары және пайдалы қазындыларды кемер кенжары сілемінен ажыратып қопсыту, алдын ала вертикаль, кейбір жағдайда көлбеу ұңғымаларды бұрғылап алып, содан соң оларды жарылғыш заттармен толтырып, жаппай қопару арқылы жүргізіледі.

Slide 3

Әрбір жаппай жарылыс жобасын жасау 1 : 500 немесе 1 : 1000 масштабтарда қопарылатын учаскенің планының және қимасының көшірмелерін даярлаудан басталады. Осы план мен қимада ұңғымалардың сағалары, тереңдігі мен биіктік белгілері, жоғарғы және төменгі алаңдардың орындары, кемердің жоғарғы және төменгі жиектерінің орындары, кемер беткейінің жағдайы, блоктың шекарасы, пайдалы қазындылар мен қоршаған тау жыныстарының жанасқан жерлері, жарылыс кезіндегі қауіпті аймақтың шекаралары және осы аймақтағы обьектілер, ірі жапсарлар, геологиялық бұзылулар және т. б. көрсетілулері тиісті. Қопарылатын блоктардың пландары тау жыныстарының литологиялық құрамдары және кемер контурлары көрсетілген вертикаль қималармен толықтырылады.

Slide 4

Карьердің маркшейдерлік қызметі бұрғылап-аттыру жұмысына қажетті графикалық материалдарды дайындап, жобадағы ұңғымаларды жұмыс алаңында белгілеп, содан соң жарылыс нәтижесін шығарып отырады.

Қазіргі уақытта кендерді ашық әдіспен қазу қарқынын еске алатын болсақ, онда бұрғылап-аттыру жұмыстарын маркшейдер маманының көмегінсіз жүргізу мүмкіндігі болмайды.

Slide 5

Карьердегі бұрғылап - аттыру жұмыстары төмендегі маркшейдерлік жұмыстарды дер кезінде жүргізуді қажет етеді:

а) маркшейдерлік түсіру нәтижесінде қопарылатын жердің планы мен қимасы ірі масштабта жасалынып, оларға геологиялық мәліметтер енгізеліеді;

ә) бұрғылап-аттыру ұңғымаларының параметрлеріне сәйкес жарылыс жобасы жасалынады;

б) жобадағы барлық ұңғымалардың қопарылатын жұмыс алаңы бетіндегі орындары белгіленеді;

в) жарылыс ұңғымалары бұрғыланғаннан соң маркшейдерлік түсіріс нәтижесінде қопарылатын блоктың орындалу планы мен қимасы жасалынады;

г) бұрғыланған ұңғылардың тереңдігі анықталып, олардың орындарының жобаға сәйкестігі тексеріледі;

ғ) жарылыстан кейін маркшейдерлік түсіріс жүргізіліп қопарылған тау-кен жыныстары қоспасының көлемі анықталып, жарылыс нәтижесі шығарылады.

Slide 6

Түсіріс объектлері:

тау-кен қазбалары, əртүрлі мəселелерді шешуге арналған ұңғымалар, камералар, көлік жолдары;

дайындау қазбаларының қасында қалдырылған қауіпсіздік кентрегі, пайдалы қазындысы алынған жер астындағы қуыстарды толтыру шекарасы, су жинайтын, шахтадан жер бетіне шығаратын жəне жер астындағы қазбаларды желдету қондырғылары;

тау-кен жыныстарының үстінен түскен қысымнан бұзылған жерлері, көмір жəне газдың кездейсоқ бөлінген жері, су тасқыны болған жер жəне т. т

Slide 7 Slide 8

Жіп торының коэффициентін анықтау

Slide 9 Slide 10

Теодолиттік түсірістер

Slide 11

Теодолиттік түсіріс схемасы

Slide 12 Slide 13

Тұрақты пунктері

Slide 14

Уақытша маркшейдерлік пункттердің белгілері

Slide 15 Slide 16

Маркшейдерлік жұмыстар

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Маркшейдерлік түсіріс туралы
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖИІЛЕНДІРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Электронды теодолит
Лазерлік сканерлеу. 3D Лазерлік сканерлеу және 3D Модельдеу
ЭЛЕКТРОНДЫ НИВЕЛИР
СӨЖ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАХЕОМЕТР
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТІРЕК ТОРАПТАРЫ
Теодолиттік түсіріс
Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Лазерлік сканерлеу технологиясы
Тахеометрлік түсіріс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz