Ғылыми менеджмент мектептері туралы



Ғылыми менеджмент мектептері

Менеджмент саласындағы алғашқы зерттеулер
классикалық мектеп арқылы жүргізілген.
Алғашқы менеджерлердің көңіл аударған келелі
мәселелерінің бірі өндірістің тиімділігі болды.
Өндірістің тиімділігі жұмыс орнының ыңғайлылығына,
жұмысшының бейімділігі мен шеберлігіне,
әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын шығындарға тікелей
байланысты. Менеджменттің классикалық мектебінің
өкілдері осындай мәселелерді шешу жолдарын
қарастырды. Сол кездегі ғылыми ізденушілердің
көзқарасы бойынша менеджмент дегеніміз өнер
деп санады, себебі кез-келген адам жетекшілік,
басшылық қызметін атқара алмауы мүмкін.
Жоғарғы дәрежедегі нағыз менеджерлердің
мінез-құлқының өзіне тән ерекшеліктері мен
қабілеті болуы тиіс. Мінез құлық белгілерінің
концепциясын қарастыру сәтінде
«Менеджмент ғылым ба?» - деген сұрақ туындайды.
Менеджментті
ғылым ретінде
қарастырып,
ғылыми басқа-
рудың негізін
салған Ф. Тейлор
(1856-1915 жж. )
ғылыми басқару
мектебінің дамуына
жол ашты.
Өзінің
«Управление
фабрикой» (1903 ж. ),
«Принципы
научного управления»
(1911 ж. ) деген
еңбектерінде
Ф. Тейлор еңбектің
түрлерін сараптап, жұмысшылардың еңбегіне
хронометраж жасап, тиімділігін арттыру арқы-
лы еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын
жүзеге асырды. Сөйтіп Ф. Тейлор менеджмент
саласында революцтя жасап, менеджменттің
ғылыми мектебі пайда болды.

Басқарудың класикалық мектебінің енді бір түрі
Әкімшілік басқару мектебі болып саналады.
Әкімшілік басқару мектебі менеджердің ролі
мен қызметі жөніндегі мәселелерді зерттеген.
Бұл идеяның негізін қалаған француз ғалымы
А. Файоль (1841-1925 жж. ) Ол менеджменттің
қазіргі кездегі қолданылып жүрген мынадай
функцияларын анықтаған: жоспарлау, ұйымдастыру,
мотивация және бақылау.
Анри Файоль фр. Henri Fayol,
29. 07. 1841 - 19. 11. 1925

30-шы жылда ры мене -джмент сала сында адам
дардың қар ым-қатынасы мектебі пайда болды. Оның негізін қалаған дар психолог
тар мен социо логтар. Бұл жағдайда ең басты көңіл аударатын мәселе, жұмыс
шының орын дайтын мін
деті емес, оның өзінің жеке басы, мінез-құлқы, көңіл-күйі болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыруда жұмысшының жеке
басына қамқорлық, оның көңіл-күйі, демалысы,
еңбек ақысының мөлшері де үлкен роль атқарады.
Адамдардың жеке басына көңіл аударған бірінші
ғалым Р. Оуэн болды.
Адамның жеке басының қажеттілігін анағаттандыру еңбек мотивациясына ықпал ететіндігін, мотивация теориясының құрылымынанықтаған А. Маслоу. Ол адамдарда кездесетін қажеттілік иерархиясын ашып көрсетті.
Басқа ғалымдармен бірге М. П. Фоллет те осы бағыттағы ғылымды дамыта отырып, басшылық стилін талдап, оның түрлерін анықтады.

Ал ақпараттар кезеңінде, яғни басқарудың дамыған мерзімінде математика мен компьютерді, электронды есептеу техникасын кеңінен қолдану арқылы басқаруды жетілдіруде мүмкіндік туды.
Басқару шешімдерін қабылдау, оңтайлы шешімдерді анықтау, есептеулер мен салыстыру арқылы және математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болды. Басқаруда мәліметтер мен ақпараттарды қолдану кезеңі сандық мектеп өкілдері теориясымен дамыды. Сандық мектеп теорияшыларының ойынша басқарудың концепциясын дайындау, жоспарлау математикалық талдаулардың нәтижесі арқылы ғана жүзеге асады. Шын мәнінде қазіргі заманда әрбір өркениетті елдің табыстарға жетуі математикалық-техникалық прогрестің көмегі екендігіне сөз жоқ.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz